Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 14.2.2020
Главная » балабақша ойындары

Белбеу соқ

 

Ойыншылар екі-екіден жұптасып, шеңбер жасап тұрады.Бір ойыншы белбеуді алып,екіншісін қууға тиіс.Қашқан шеңбер жасап тұрған бір жұптың алдына келіп  тұрған кезде,артық қалған үшінші ойыншы шеңберді айнала қашады.Егенр қуғыншы оны белбеумен соғып үлгеріп, өзі бір жұптың алдына  келіп үлгерсе,оның орнын келесі ойыншы басады.

 

 

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 968 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Шертпек.

 

Ойнаушыларды орындыққа отырғызып болғаннан кейін, ойын жүргізушісі орамалды иығына салып алып ойнаушылардың артында жүреді де, кез-келген ойыншының екі көзін екі қолмен баса қояды.Сол кезде білдірмей келіп, жолдастарының бірі маңдайынан шертіп кетеді.Ойын жүргізуші көзін қоя бере салып, иығындағы орамалмен «шертпегімді тап» - деп, арқасынан тартып қалады.Таба алмай қалса, көпшіліктің ұйғаруы мен ортаға шығып өнер көрсетеді, ал егер тауып алса, жаңағы шерткен адам айыбын тартады.Осындай тәртіппен ойын жалғаса береді.

 

 

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 1046 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Айдапсал.

 

 

Ойынаушылар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ үйдің сыртына шығып , ал екінші топ үйдің ішінде қалады.Ойынды басқарушы сыртта тұрғандардың есімдерін  үйде отырғандарға қойып, өзі белгілеп алады.Содан кейін сырттағы  ойыншыларды бір-бірлеп шақыра бастайды.

Ойынның шарты бойынша , сырттан кірген ойыншы отырғандардың ішінен иөз есімі есімі берілген ойыншыны табуы керек.Таба алмаған ойыншылар айыптылар қатарына барып отырады.Ал өз есімі берілген  ойыншыны тапқандар соның қасына барып отырады, айып тартады.Айыптартушылар  көпшіліктің ұйғаруымен өлең айтады,би билейді, ,т.б. өнер көрсетеді.

 

 

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 866 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Қарамырза

 

Ойын басталмас бұрын ,оның ережесі түсіндіріледі.Біраз уақыттан кейін ойын бастаушы ойынаушыларғы « ойынаймыз» деп белгі берген кезде қатарлас отырған бірі екіншісіне: «Ассалаумағалейкум, Қарамырза !» -дейді.Ойын тәртібі бойынша сәлем салушы : «Уағалейкумассалам,бірінші қарамырза» -деп жуап беруі керек,егер « уағалейкум», -деп жауап берсе онда сәлем алушы ұтылады.

Сөйтіп , аз дан соң ойыншылар  «жеңгендер» мен «жеңілгендер» болып екі топқа бөлінеді, «жеңген»жақ  «жеңілген» жаққа жаза белгілейді: ән, күй тартып, би билейді.

 

 

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 957 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Тасымалдау

 

Екі-екіден қарама-қарсы  3-4 жерге  4 орындық қойылады.Сол орындықтың екеуінің үстіне  бес-бестен қасық қойылады.Ойын бастаушы екі адамның ортаға шығарып  ойынның шартын түсіндіреді.Шарт : 5 қасықты әр қайсысында тұрған бос орындыққа бір-бірлеп көшірлкі керек.Ол үшін екі ойыншының  көзін таңып қояды.Әр ойыншы өз қасығын өзіне тиісті орындыққа көшіру ,егер қарсыласының орындығына  қойса, онда шатасқаны.Шатаспай бұрын көшірген адамға сыйлық беріеді.

 

 

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 1492 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Тасымақ.

 

Бұл ойында 2 жерге ыдасқа су құйып қояды.сол суды қарсы бетке құйылған бос кесеге қасықтап екі адам тасыиды.Бұнда команда құрып ойынайды,әр командада үш адамнан болады.Ойынның шарты: су таситын адам суды төкпей-шашпай,тез тасуы керек,қай команда жеңіске жетсе,жүлдеге сол ие болады.

 

 

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 1144 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Санамақ

 

Көпшілік қатысады.Ойынның шарты: ойын бастаушы қатысушы бір адамды ортаға алып шығады.Ол адам бір тектес атау сөзден жаңылмай,кідірмей аттап жүріп айтуы керек.Тоқтамай қателеспей айтып шықса,жүлде алады.Егер қателессе ойыннан шығады.Мысалы: жаңылмай 10 ақынның немесе 10  өзеннің атын атауы керек.

 

 

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 3583 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Теңге ілу.

 

Ойынға қатысушылар тепе-тең екі топқа бөлінелі.Әр қайсысы жеке-жеке шыбықтан ат мінеді.

Ойын кезгі басталатын жерге сызық сызылады.Одан әрі 20-30 метрдей жерден тереңдігі бір қарыстай екі шұңқыр қазылады.Шұңқырға он-оннан тас салынады.Содан екі топтан екі саыскер шығады.сызыққа келіп қатарласып тұрады.Бастаушының белгісі бойынша шыбық аттарын құйыңғытып,шаба жөнееді.Сол беттерімен әлгі шұңқырға тжетіп қол соғып жібереді де, тасты іліп алып,әрі қарай шауып кете барады, шұңқыр тұсында бөгелуге болмайды.

Ұпай  әр сайыскердің іліп алған  тастарының санына қарай есептеледі.Қай топ көп ұпай жинаса,сол топ жеңеді.

 

 

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 1447 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Аударыспақ

 

Қазақтың кәдімгі ұлттық ойын спорт ойыны.Қарапайым бөренеден «ағаш ат» жасаудың еш қиындығы жоқ.Екі жақ басы берік тұғырға бекітілген биіктігі бір-бір жарым метрдей (балалардың жасына қарай) ұзындығы 70-80 сантимертдей бір –біріне қапталдас орыналасқан «ағаштардың» ара қашықтығы екі жақтан созылған қол ерін жектетіндей болса жеткілікті..Оларға мінген «шабантоз» балалар бір-біріне қарама қарсы отырып қол ұсасады.Төрешінің белгісімен бірі-бірі тартып,не итеріп,әйтеуір қай айласын,не күшін асырғаны қарсыласын»ағаш аттан» аударып түсуі шарт.Аяқты жерге ағаш атқа тіреуге болмайды.ойын шарты бұзылады.Ағашаттын құлағанда айналасына құм немесе ағаш үгінділері төселу керек.

 

 

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 2177 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

Хан талапай.

 

Бұл отырып ойналатын,негізінен қыз балаларға арналған ойын.Оған төрт-бес үміткерден қатысады.Ойын үшін он асық таңдап алынады.Он бірінші асықтардан ерекше өзге түске (қызыл,не көк) боялған болуы шарт бір-бірден асық үйірусіудің қорытындысы бойынша ойыншылар кезектерін бөліседі.Бұдан соң  алғашқы ойыншы қос уыстай ұстаған бар асықты ортаға үйіруі керек.Қалған ойыншылар аңдысын аңдап өзге асықтардан ерекшеленген  «ханға» қадалады.Себебі,хан алшы түссе,барлығы тарпа бас салып, ортадағы асықтарды,хан талапай жасауы тиіс.Хан кімнің қолында кетсе,келесі үйірі кезегі соған беріледі екен,хан мен бірге қолына ілінген асықтардың санына қарай ұпай жазылады.

Хан алшы түспеген жағдайда үйірген ойыншы шашылған асықтардың бүгі мен бүгін, шігі мен шігін ,алшысымен-алшысын тәйкесімен мен тәйкесін бір-біріне соғып,кенейлер бір-біріне тимей қалғанша ұпай жинайды.Көздеген асығы үшінші бір асыққа тиіп кетсе,немесе бөгде асықты қозғап қалса да,ойынның бұзылғаны.Онда кезек келесі ойыншыға беріледі.Осы ретпен әр ойыншы жинаған асығының санына қарай ұпай ... Читать дальше »

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 1828 | Добавил: Admin | Дата: 20.06.2014 | Комментарии (0)

« 1 2 ... 5 6 7 8 9 ... 15 16 »