Емхана
Мақсаты:Балалардың дәрігер еңбегіне бақылау жасау арқылы олардың іс-әрекетін рөлдерге бөліп ойнауға үйрету.Ақ халатты абзал жандардың қамқорлығын, мейірімділігін, кішіпейілдігін сезіне білуге дағдыландыру, ойын арқылы баланың білім деңгейін жандандыра отырып , сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Жауапкершілікке, адалдыққа, имандылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, жеке жұмыс , қорытындылау.
Көрнекілік: Әрбір дәрігерге арналған арнайы бөлме, дәрі-дәрмектер , ақ халат, бас киімдер, дәрігерге қажетті құрал жабдықтар.
Алдын ала жұмыс: Балабақша дәрігері Анар апайдың еңбегімен таныстыру.
Қажетті құралдар: дәрі –дәрмектер, кітапшалар, халаттар, бас киімдер,құрал-жабдықтар.
Іс-әрекет
кезеңі. Тәрбиешінің іс әрекеті. Балалардың іс-әрекеті.
Балалар келген қонақтармен амандасайық.
Балалар есімізге түсірейікші қандай мамандық түрлерін білесіңдер?
-Жарайсыңдар, жақында біз қандай мамандық иесімен таныстық?
-Балаларымыздың дәрігері Анар апайымыздың еңбегімен таныстық.
-Бә ... Читать дальше »
|
Бізде жасай аламыз
Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Ембі қаласы
«Жұлдыз» балабақшасы
І –ші кіші топ тәрбиешісі: Матчанова Г.Ғ.
Білім саласы: Денсаулық
ҰОІӘ : Дене тәрбиесі
Тақырыбы: «Бізде жасай аламыз»
Мақсаты:Ұзындыққа секіру техникасын үйрету.Балалардың дене қимылдарын жетілдіру.Ырғақты қимылдар жасау арқылы көңіл-күйлерін көтеру.Ептілікке,достыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын әдіс-тәсілдер: Көрсету,түсіндіру,мадақтау.Қайталау,ойын,қызықты сәт.
Көрнекіліктер: Музыка,мысық пен балапандар атрибуты.
Сабақ барысы: Музыканың сүйемелдеуімен балалар залға кіреді,шеңбер жасап тұрады.
Тәрбиеші:Балалар айналаға қараңдаршы,қандай тамаша!Бізге қонақтар келіпті.Қонақтармен амандасып алайық.
Балалар:Армысың,асыл кун!
Армысың,жер ана!
Амансыңдарма достарым,
Сендерді көрсем қуанам!
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар! Қазір дене шынықтыру сабағы болады.
Денеміз әдемі, әрі күшті болып өсу үшін жаттығулар жасаймыз. Денсаулыққа байланысты мақал айтайықшы.
... Читать дальше »
|
Әдістемелік тақырыбым бойынша есеп: «Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту»
«Жас бала жас- шыбық, жас күйінде қай түрде иіп тастасаң,өскенде сол иілген күйінде қатып қалмақ»М.Жұмабаев
Тақырыбым 2011 жылда басталды.Мектепалды даярлық сыныбында білім берудің 5 саласы бар: «Қатынас»,«Таным»,«Шығармашылық», «Денсаулық», «Әлеуметтік орта».Сондықтан дидактикалық ойындар барлық білім беру салаларында колданып және өткізілгені дұрыс деп ойлаймын.
Дидактикалық ойын арқылы балалардың тілдерін дамыту үшін негізгі мақсаттары:
• байланыстырып сөйлеу мәдениетін жетілдіру,
• құрастыра сөйлеуге,
• сөздік қорың молайту
• фонематикалық есту қабілетін дамыту
Міндеттері:
• Ойынға, сабаққа деген белсенділіктерін арттыру
• Ойын арқылы танымдық іс-әрекеттерін дамыту
• Сөйлеу,ойлау ,есте сақтау және шығармашылық қабілеттерін ойын арқылы жетілдіру
Негізгі бөлім. Әр бала өзінше жеке, әрі қайталанбас тұлға. Сондықтан баланың жан дүниесін түсіне білу, оларды жақсы көру, өзіңнің жанына жақын тарту менің негізгі ұстанымым. Сонымен қатар баланы ... Читать дальше »
|
Сабақтың тақырыбы: «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойыны
Сабақтың мақсаты: балалардың тіл дамыту, айналамен танысу, математика, көркем әдебиет сабақтарынан өткен тақырыптардан сұрақтар беріп, білімдерін тиянақтау.
Сабақтың барысы:
- Ұйымдастыру. Жарысқа алты бала қатысады.
- Интеллектуалды ойын.
- Балалар, жарысты бастамас бұрын, ойынның шартымен таныстырамын. Ойын 4 турдан тұрады.
1 тур. Тіл дамыту, айналамен танысу, математика сабағынан болады. Барлығы 12 сұрақ берілген. Алты балаға екі сұрақтан келеді.
2 тур. Көркем әдебиет сабағы. Тақтадағы суреттің қай ертегі екенін айтамы ... Читать дальше »
|
Ақтөбе облысы
Шалқар қаласы
2010-2011 оқу жылы
Мақсаты: Балалардың білімдерін бекіту. Ұжымдасу сезімдерін дамыту. Коммуникативті біліктілікті дамыту. Икемділікті, жылдамдық процестерін дамыту. Бірлестік қабілеттерін, топта жұмыс істеу қабілеттерін арттыру. Байланыстық және монолыгтық сөйлеуді дамыту. Зейін, қабылдау, ойлау, естіп –есте сақтау және қиялдарын дамыту.
Қажетті құралдар: Орамал, бұтақтар, жапырақтар, доп, хаттар, суреттер, сандар, телефон.
Балалар қатысымы: 20 бала
Уақыты: 30 минут
Психолог: Сәлеметсіздер ме, балалар! Бугин біз орманға саяхатқа барамыз. Балаларды сиқырлы орамалмен жабамын.10 ға дейін санап , терең демалып, дем шығару(тыныс алу жаттығуы).
(әуен ырғағымен)
Міне, бәріміз ормандамыз.Орман салқын екен.От жағып жылынайық.Ол үшін ағаш бұтақтарын, жапырақтарды жинаңдар. Бұл жинағандарың аздау, себебі, отымыз лаулап жану үшін, бір-бірімізге деген мейірімімізді, жүрек жылуымызды, ыстық күлкімізді беруіміз қажет.Олай болса шеңберге тұрайық.Мен өз жүрегімнің жылуын, күлкімді, көршіме сыйлай отырып, келесі күлкіні жаға отырып, жақсы көңіл-күй беремін. Енді бір-бірімізідің қолымыздан ұстап, жылуымызды беру арқылы отымыз жарқырап және лаулап жанады. Қолд ... Читать дальше »
|
«Ең үздік компания»
Ермектік ойын.
Майрагул Алмашева ересек топ тәрбиеші
Балабақшада жазғы мезгілдерде балалармен түрлі қызықты ойын сауықтар ұйымдастырылады. Ойын сауықтарда балаларды болашақ маман иелеріне тәрбиелеу, салауатты өмір салтына балабақша қабырғасынан үйрету басты мақсат болып табылады. Аталған ойын сауықта балаларға өз денсаулықтарына құрметпен қарауға, тілдерін дамытып,мамандық иелеріне тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
Көрнекілікке сүт тағамдарының түрлері, жеміс-жидектер түрлері, витаминдер суреттері пайдаланылады.
Алдын ала балаларға супервайзер, менеджер, фирма сөздерінің мағанасы түсіндіріледі.
Жүргізуші - тәрбиеші: Қадірменді ханымдар мен мырзалар! Біздер бүгін «Ең үздік жарнамалық компания» конкурсын ұйымдастырамыз. Ең үздік деген компания өнімдері теледидар арқылы жарнамаланады. Конкурсқа «Рахат» фирмасы дайындаған тағам түрлері қатынасады. Сіздердің назарларыңызға осы фирманың 3 жарнамалық компаниялары өз тағамдарын ұсынады. Ең өтімді өнімдерді жарнамалау үшін әділ қазылар алқасын сайлайық. (Әділ қазыларға топтың жарнамаға қатынаспайтын балалары сайланады)
Ортаға «Рахат» фирмасының директоры шы ... Читать дальше »
|
Мақсаты:ойлау қабілетін дамыту.
Психолог балаларға әртүрлі суреттері бар карточка ұсынады.Балалар әр қатардағы заттарды бір сөзбен атауы қажет.
|
Ойын: «Есіңде сақта»
Мақсаты:есте сақтау қабілетін дамыту.
Психолог балаларға пішін бейнеленген карточканы ұсынып, мұқият қарап алуын сұрайды.Балалар оны есінде сақтап, содан соң суретін салады.
|
Ойын: «Жұбын тап»
Мақсаты:заттардың арасындағы байланысын таба білуге үйрету.
Психолог балаларға бірнеше заттың бейнесі бар суреттерді береді. Оларды мұқият қарап,екі-екіден жұптастырып қарындашпен сызып көрсетуін өтінеді.
|
5 жастағы баланың танымдық дамуы.
Негізгі міндеттері:
-көру, есте сақтау ,ойлау қабілеттерін дамыту;
-үлгіге қарап жұмыс жасауға үйрету;
-қысқамерзімдік және ұзақ уақыт есте сақтауын дамыту;
-қолдың ұсақ моторикасын,графикалық дағдыларын қалыптастыру;
-заттардың арасындағы қарапайым қисындық байланыстарын ,заңдылықтарды табуды үйрету;
-үлкендердің, құрбыларының әрекетімен санаса отырып әрекет етуге үйрету.
Баланың танымын дамытуға арналған ойындар. ... Читать дальше »
|
« 1 2 3 4 5 6 7 ... 15 16 »
|