Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 19.2.2020
Главная » балабақша ойындары

«Қазақ тілін білемін»
(мектепалды даярлық тобында ата-аналармен бірігіп өткізілген сайыс)

Мақсаты: Балалардың қазақ тілі сабағынан игерген білімдерін бекіту. Өзі туралы, өз Отаны туралы әңгімелей білуге баулу. Отансүйгіштік қасиетін қалыптастыру, мемлекеттік тілге деген қызығушылықтарын арттыру.  Эмоционалдық көңіл – күйлерін көтеру.  Ата - аналарды бала тәрбиесі мен оқыту мәселесіне тарту және оларға балаларының жетістіктерін көріп, өздерінің бала тәрбиелеудегі тәжірибесін байыту. 
Қатысушылар: Балалар және ата - аналар
Жүргізуші: Армысыздар, қадірлі қонақтар, балалар! Сіздерді еліміздің Тәуелсіздік күні - мерекесімен құттықтаймыз. Қазақстанымыздың аспаны ашық, халқымыздың еңсесі жоғары болсын деп тілейміз.
Атыңнан айналайын егемен ел,
Тәуелсіз күнің туды кенеле бер.
Мерейің құтты болсын, Тәуелсіздік,
Ғасырдың тойы болшы, кенеле бер!
Әнұран айтылады
Жүргізуші:  - БүгінТәуелсіздік мерекесі қарсаңында «Қазақ тілін білемін»   тақырыбымен    өткізілгелі  отырған отбасылар сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Біздің балаларымыз өздерінің ата - аналарымен сайысқа қатысып, өз өнерлерін көрсетпек. Ал, енді сайыскерлерімізді ортаға шақырайық. 
Залға «Елім менің» әнінің әуенімен ... Читать дальше »

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 6033 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Әуенді – қимылды ойын «Қызыл орамал»
(Әділқазылар алқасына  сөз кезегі)
Жүргізуші: Балалар, Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай тіл? Қазақстанда тұратын халықтардың ұлтаралық тілі  қандай? (балалардың жауабы) Олай, болса қазір, біздің сайыскерлеріміз мемлекеттік тіл, Отан туралы айтады.
3- кезең: «Көркем сөз үлгілері»  
Шувакиндер отбасы:  1. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Өйткені қазақ тілі - ең бай, ең сұлу, ең керекті тіл. Осындай елде туып, азамат болғаныма мен өте қуанамын.
2. Қазақ тілім – саялаған нұр бағым,
    Қазақ тілім - ана тілім, ардағым.
    Сен арқылы жетіп жатыр өмірге,
    Жан сырларым, тілегім, бар арманым.
Юренковтар отбасы:  1.Біздің Отанымыз - ең үлкен. Елімізде тоғай, өзен, көл, бау - бақша, қала, ауыл көп. Қазақстан Республикасында көп халық тұрады. Олар - тату. Біз Отанымызды сүйеміз, ардақтаймыз.
2. Қазақ тілі - өз тілім, ана тілім,
   Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
   Қастерлейді ұл - қызың мәңгі сені,
   Болашағым, бақытым, дара тілім!
Воробьевтар отбасы:                                                     ... Читать дальше »

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 1385 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Ойын «Айгөлек».
Жүргізуші:  Ал, қазір «Ақбұлақ»  тобының   балаларының орындауындағы ән - шашуды қарсы алыңыздар келіпті.
Ән «Ана тілін сүйеміз».
(Әділқазылар алқасына  сөз кезегін беру)
4- кезең «Ою ойғанның – ойы ұшқыр»
Жүргізуші: Ал, енді сайыскерлеріміз өздерінің үй тапсырмаларын көрсетеді. Олар ұлттық киім, тұрмыстық заттардағы ою - өрнек туралы айтады.
(Сәукеле, дорба, камзол, сырмақты – қошқар мүйіз, түйе табан, тышқанның ізі, мүйіз оюларымен өрнектеу)
Жүргізуші: Балалар, сайыскерлер дайындалғанша «Ұландар» тобының  бүлдіршіндерінің билерін тамашалаңыздар. 
                  «Бүркіт» биі
«Сыр сандық» Жанкүйерлерге сұрақ. (Балалар ою - өрнектердің қазақша атауларын атайды.  Ұпай саны қалаған сайыскер тобына қосылады)
Жүргізуші: Сайысымыздың соңғы кезеңі ұлттық тағамдар туралы әңгімелеу.
 5- кезең: «Ұлттық тағам» (Үйден жасап, әкелген ұлттық тағамдардың құрамы, дайындау тәсілі туралы әңгімелейді)
Шувакиндер отбасы: Айран.
Юренковалар отбасы: Бауырсақ.
Воробьевтар отбасы: Құрт.
Өмірғалиевтер отбасы: Қазақша жасалған ет.
Жүргізуші: Балалар, әділқазылар алқасы 4- кезеңді бағалағанша,  мен сендерді ойын ойнап, сер ... Читать дальше »

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 1493 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Ойын: «Күміс алу». 
(Әділқазылар алқасына  сөз кезегі)
 «Алтын бала» кіреді.
 «Алтын бала»: Құрметті достар! Сіздерге бақытты балалық шақ тілеймін.
“Мен – қазақпын”Жұбан Молдағалиев
Мен - қазақпын мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім,күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Мен - қазақпын, бір биік белеспін мен,
Европа да, Азия да емеспін мен.
Аралықпын, жетінші материктей,
Бірақ барша адаммен тең өстім мен.
Мен - қазақпын, мен баймын,байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске -
Айта бергім келеді, айта бергім!
Жүргізуші: Ал, енді қазылар алқасы сайыстың қорытындысын шығарғанша әнге кезек берейік. 
Ән: «Туған жер».
(Әділқазылар алқасына  сөз кезегі) Сайыскерлерді марапаттау.
Жүргізуші: Балалар, бізге «Алтын баланың» әкелген сыйлығы бар екен. Сыйлықтарды  тарату. 
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар сайысқа келіп, тамашалағандарыңызға көп - көп рахмет! Бүгінгі сайысымызға қатысқан ата-аналарымызға, балаларымызға деген алғысымыз шексіз. 
Келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 1289 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Ахметова Сандуғаш Боранбаевна
Малайсары ЖОББМ жанындағы 
шағын орталық
Малайсары ауылы

Тақырыбы: От - тілсіз жау!
     Қатысушылар:     2 бала, 1 бала – сіріңке рөлінде, 1 бала от рөлінде.
Мақсаты: оқушыларға өрт қауіпсіздігі ережесін жетік білудің маңызын ұғындыру. Өрт қауіпсіздігі ережесін қатаң сақтау арқасында түрлі жазатайым апаттың алдын алуға болатыны туралы түсінік беру.
     Ұқыптылыққа, зеріктікке және адамгершілікке тәрбиелеу.
Керекті заттар: Сіріңке қорапшасы, жалын суреті салынған от бейнесі, өрт сөндіруші машинасының макеті, нөл және бір саны жазылған бас киім, от бейнеленген бас киім.
Тәрбиеші:
Өткен аптада, саябакта келе жатып, мен бір сұмдық жағдай болғанын көрдім. Кәдімгі сіріңке, бірақ өте зұлым от жағып, балаларды алдады.
Тәрбиеші:
     Саябақта балалар серуендеп жүріп,
     Сіріңкені жолықтырды.
     Ол балалардан онымен достасуын сұрады.
Сіріңке: Үйім жоқ, тұратын жерім жоқ! (Балалар сіріңкені қолынан ұстап алды)
Сіріңке: Ой, зеріккеннен жынданатын болдым! Менің қалай жынданатынымды көргілерің келе ме? (Балалар кідіріп қалды. Бірақ олар таң қалды)
1-бала: Жағуға болады ма?
2-бала: Жамандықтан құт ... Читать дальше »

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 5847 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Тақырыбы: Жол тәртібін  білейік, аман есен  жүрейік
 Бастаушы: Балалар бүгін бізде ерекше күн. Біз қазір орманға саяхатқа барамыз. Жол алыс сондықтан, көлікпен баруымыз керек. Мен жұмбақ айтам, соның шешуін тапсаңдар, біз сол көлікпен саяхатқа шығамыз.
              Бұл тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
             Ескеріп ешбір адам емдемейді.
            Жүк емес жануарға жүз адам да,
            Киіп ап төрт  дөңгелек дөңгелейді.
Бастаушы: Енді жол ережелерін есімізге түсірейік. Өйткені, жолда түрлі жол белгілері кездеседі.
        (кеуделеріне белгі ілген 5 бала ортаға шығады: бағдаршам, ескерту, тыйым, анықтама, көрсеткіш белгілері)
Бағдаршам: Менің атым – Бағдаршам!
                      Бар әдемі үш көзім,
                      Алдамаймын, аңғарсаң,
                      Ақылдымын тіпті өзім.
Ескерту белгісі: Қызыл шеңбер ішінде
                             Үшбұрыш боп тұрамын
        &n ... Читать дальше »

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 3899 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Ахметова Сандуғаш Боранбаевна
Малайсары ЖОББМ жанындағы 
шағын орталық
Малайсары ауылы

ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫ
Мақсаты:
Балаларға қуаныш әкелу. Ұлттық,тұрмыс, салт –дәстүрі туралы әсерлерін толықтыру. Ептілікті, шапшаңдықты, төзімділікті дамыту. Ұжым мақсат-әрекетіне баулу, назар ықыласын дамыту. Бір-біріне деген құрмен, жеңуге деген ұмтылысты дамыту. Ой-өрісін, жадыңдамытып, әрекет үйлесінін жетілдіру.
Ойын барысы:
Алдаркөсе балаларды жайлауға шақырып, онда жігіттер жарысын өткізіп, ойындар ойнауға шақырады.
"Киіз үй" қимыл – қозғалыс ойыны, 6-7 жастағы мектепалды тобының балалары.
Балалар төрт командаға бөлінеді де, ойыншығы бар орындықтар айналасында шеңбер құрады, орындықта орамал ілулі тұр. Орындық айна қасында музыка ырғағымен айналады да, өлең айтады:
"Күннің көзі жарқырайды, көктем елі шақырады". 
Басқа музыка шырқалады, балалар шашылып, әр түрлі би қимылдарын орындайды. Осы кезде ойыншықтар орнын ауыстырады. Музыка үзіледі, балалар өз ойыншықтарына жүгіріп келіп, киіз үй тігеді.
"Нысанаға түс"- "Таяқ-тастау", "Балапандар", "Арқан тарту" ойын-аттаркционы.
Мақсаты: Төзімшілікті, күшті, белсенділікті дамыту, өз әрекетін әріптесінің әрекетімен келіс ... Читать дальше »

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 2709 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Ахметова Сандуғаш Боранбаевна

Малайсары  ЖОББМ жанындағы

шағын орталық

Малайсары ауылы

Ізденіс тақырыбы:

«Ойын арқылы балалардың ойлау жүйесі мен тілін дамыту».

Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойыны

Мақсаты: балалардың тіл дамыту, айналамен танысу, математика, көркем әдебиет сабақтарынан өткен тақырыптардан сұрақтар беріп, білімдерін тиянақтау.

Құралдар: Интербелсенді тақта, суреттер, жұлдыздыр.

Бары ... Читать дальше »

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 1972 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Ахметова Сандуғаш Боранбаевна

Малайсары  ЖОББМ жанындағы

шағын орталық

Малайсары ауылы

Ізденіс тақырыбы:

«Ойын арқылы балалардың ойлау жүйесі мен тілін дамыту».

Тақырыбы: «Жұлдызды сәт» интеллектуалды ойыны

Мақсаты: балалардың тіл дамыту, айналамен танысу, математика, көркем әдебиет сабақтарынан өткен тақырыптардан сұрақтар беріп, білімдерін тиянақтау.

Құралдар: Интербелсенді тақта, суреттер, жұлдыздыр.

Бары ... Читать дальше »

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 2404 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

Апа! Жіптер байланып қалды!
       Балалардың ішінен апаны таңдап алу. Қалған балалар оралған жіп болады. Апа дүкенге барып келгенше оралған жіп шатасып, байланып оратылады.
     Балалар бір бірінің қолдарын босатпай аттап, астынан өтеді, бірақ ойын шартын бұзбай қолдарын үзбейді. Апа дүкеннен келе жатқанда: «Апа! Жіптер байланып қалды!» - деп айтады. Апа жіпті үзіп алмай шешіп, шеңбер жасап шығуы тиіс. Қолды әдейі босатуға болмайды.

 

Категория: балабақша ойындары | Просмотров: 929 | Добавил: Admin | Дата: 18.06.2014 | Комментарии (0)

« 1 2 ... 12 13 14 15 16 »