Пішіндер әлемі
Геометриялық фигуралар дайындағанда көлемдері бойынша әрқилы ғып дайындаймын және балаларда көлем,пішін,саны жайында түсінік қалыптасады.Бала сипаттағанда :
«Үлкен – үлкенірек – ең үлкен», «кішкентай – кішірек – ең кішкентай», «биік – биігірек – ең биік», «ауыр – ауырырақ – ең ауыр», «жеңіл – жеңілірек – ең жеңіл», «терең – тереңірек – ең терең», «жарық – жарығырақ – ең жарық», «қараңғы – қараңғырақ – ең қараңғы» және т.б. тиісті салыстырмалы және таңдаулы шырайдағы салыстырмалы сын есімдерді дұрыс өзіндік дербес қолдануға үйретемін.
|
Тақырыбы: «Жүзден жүйрік»
Мақаты: 1. Ойын кезінде өзін-өзі бақылау арқылы белсенділікке, сенімділікке, қайсарлыққа, батылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу;
2. Ойын кезінде әділдікке, жолдастық сезімге, ойынды жетілдіруге тәрбиелеу;
3. Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы байлық екенін түсіндіру және оны сақтаудың жолдарын түсіндіру.
Қажетті құралдар: доп, арқан, кедергілер, секірме жіп.
Барысы: 1. Кіріспе сөз;
2. Спорттық жарыс;
3. Қорытынды сөз. Марапаттау.
Жүргізуші: Құрметті жиналған қауым, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Жүзден жүйрік » атты спорттық жарысымызға қош келіпсіздер! Сайыстың негізгі мақсаты – жас ұрпақты жаман әдеттерден аулақ, денінің сау болып, келешекте өз елінің, қоғамының салауатты, өркениетті, білімді азаматы етіп қалыптастыру. Осы мақсатта біз бүгін даярлық топ оқушылары арасында сайыс өткізгелі отырмыз.
Жүргізуші: Ал, құрметті халайық,
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Жарысты бастамас бұрын ойынға әділ бағасын беретін әділ қазылар алқасымен таныс ... Читать дальше »
|
«Көңілді қоңыздар» массаж түрлері
Мақсаты: Балалардың денсаулығын нығайтуға, дене бітімін жақсы жақсы қалыптастыруға, қан айналымын жақсартуға, көздерін демалтуға, балалардың арқасындағы, қолындағы, табандағы нүктелерді оятуға арналған. Ағзаның көптеген қызметтерін жақсартады.
Әдіс тәсілдері: түсіндіру, көрсету.
Көрнекілік: ілгекті жолдар, тастар матрастар, қоңызда киімі, ойыншық қоңыздар.
Музыка әуенімен балалар залға кіреді.
Тәрбиеші: Түс мезгілі, мезгілі,
Қоңыздар ұйқыға кірісті
Қоңыздар көреді түсті
Әдемі сиқырлы әлемді. (балалар ұйқыдан оянады)
... Читать дальше »
|
Сюжетті рольді ойын «Аурухана»
Мақсаты: Ақ халатты абзал жандардың қамқорлығын, мейірімділігін, кішіпейілдігін таныстыру. Балаларды мәнерлеп, байланыстырып сөйлеуге үйрету. Ұжымдық ойнауға тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Бізге көп қонақтар келген екен амандасайық.
Балалар: Саламатсызба
Тәрбиеші: Балалар біздер күннің 2 жартысында сюжетті рольді ойын ойнаймыз. Қандай сюжетті рольды ойын білесіңдер?
Балалар: Дәріхана, Кітапхана, Шаштараз, Дүкенші, Пошташы, Жол ережесі.
Тәрбиеші: Ендеше бугін қандай ойын ойнаймыз.
Балалар: Аурухана.
Тәрбиеші: Олай болса ойынды ойнамас бұрын рольді бөліп алайық. Кім дәрігер болғысы келеді, кім медбике, кім ана, бола болғысы келеді? Кім дәріханашы болғысы келеді. Жарайды ендеше әркім өз орнына барсын.
Ана (Саяжан): Саламатсызба дәрігер
Дәрігер: Саламатсызба
Ана (Саяжан): Менің балам түнімен ауырып шықты, қарап жіберіңізші.
Дәрігер: Қашаннан бері ауырды?
Ана (Саяжан): Кешеден бері
Дәрігер: Ендеше қызуын өлшейін. Қызуы жоқ, енді аузынды аша ғой тамағынды қарап жібірейін. Тамағы қызармаға ... Читать дальше »
|
№21 «Кәусар бұлақ» мектепке дейінгі гимназия
№ 9 «Жұлдыз» ІІ кіші топ
Дене тәрбие жетекшісі: Орынғалиева Қ.Ж
Тақырыбы: Ертеңгілік жаттығулар
Мақсаты: Балаларға ертеңгілік көңіл күй, көтеріңкі сезім сыйлау.Баланы ептілікке, белсенділікке тәрбиелеу.Жүру, жүгірудің түрлерін меңгерту.Құралмен жаттығу жасау дағдыларын қалыптастыру.Ұйымдасқан түрде жаттығу жасауға үйрету.
1.Жай жүріс
2.Қолымызды көтеріп, аяқтың ұшымен жүру
3.Қолымыз өкшемен жүру.
4.Аюша қорбаңдап жүру
5.Жыланша ирелеңдеп жүру
6.Тышқанша жүгіру
7.Шеңбер болып жүріп, жалаушаны екі қолға ұстау.
Жаттығу түрлері:
І. Жаттығу түрі: «Жоғары төмен қарайық» Б.қ. Аяқтың арасы сәл ашық,
1-алға
2 ... Читать дальше »
|
Ұйкыдан кейінгі шынықтыру шаралар
Мақсаты: Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, Ұйқы ашар жаттығуларын жасауға қызығушылығын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуға тырысу, оларды дұрыс және дәл орындай білуге үйрету. Балалардың жалпы физиялогиялық жетілуін жақсарту қимыл қозғалыс арқылы биологиялық қажеттілігін қанағаттандыру, жағымды эмоцияналды көңіл күй ортасын жасау.
Жинақылыққа тәрбиелеп, ынталы іскерлігін арттыру, достық қарым қатынасын қолдау
Балалар ұйқыдан оянады:
1)Жалпы денеге арналған жаттығу-балалардың денсаулығын нығайтып, дене, қолдың саусақтарын ашып-жұму бітімін жақсы қалыптастырады.
Ұйқымызды ашайық
Қолымызды созайық
Табанды шынықтыру массажы:
Табанға массаж-өте тиімді пайдалы денені шынықтырудың түрі. ... Читать дальше »
|
Дидактикалық ойын: «Лото»
Мақсаты: Кеңістіктегі бағдарлай ілу шеберліктерін шыңдау.
Көрнекіліктер: Ақ қағаз беті (монитор), көк түсті шеңбер.
- Мониторларыңды алдарыңа жақындатыңдар.
- Шеңберді экранның қақ ортасына қой.
- Енді жоғарғы оң жақ бұрышқа апар, төменгі сол жақ бұрышқа түсір, төменгі оң жақ бұрышқа жеткіз, жоғарғы сол жақ бұрышқа көтер.
- Балалар, жарайсыңдар! Енді мен осы нәтиженің бәрін электрондық пошта арқылы Математика Патшайымына жіберемін. Егер ол біздің жауаптарымызға риза болса, мына шам жану керек, яғни вирус жоғалды деген сөз. Тәрбиеші ойыншық компьютердің көмегімен ақпараттарды жөнелтеді. Шам жанады.(телефон шырылдайды).
-Алло! Ия, рахмет! Бәрі де өте жақсы болды. Мен міндетті түрде жеткізем (балаларға қарап). Математика Патшайымы бәріңізге рахмет айтып жатыр. Мен де сендерге ризамын, қай уақытта да қиналғандарға қол ұшын беретіндеріңізге сенімдімін. Енді үйімізге ұшақпен қайталық. Қане, орнымыздан тұрып қолымызды жоғары көтерелік, енді алдымызға, енді жанымызға, міне біз ұшып келеміз, ал енді қоналық. Міне қондық.
Осы кезде қайтадан кондуктор келеді.
- Балалар! Мен сендердің іс-әрекеттеріңді манадан сырттай бақыладым. Сендердің білімділіктеріңе, тапқырлықтарыңа сүйсіндім. Сондықтан да сендер тегін серуендеуге лайықты деп есептеп, жол ақыларыңды қайтарғым келіп тұр. Оқу құралдарын сатып алыңыздар. Көп рахмет сендерг ... Читать дальше »
|
Дидактикалық ойын: Қызыл, көк дискілер
Көрнекілік: Әр баланың алдында 2 дискіден (қызыл, көк) тарелкаларда түрлі-түсті геометриялық пішіндер. Сызбаның көмегімен балалар сұраған пішіндерді дискілерге лақтырады.
- Міне біздің геометриялық пішіндер туралы барлық ақпараттарымыз дискеталарда сақталады деп ойлаймыз.
- Балалар, енді сендермен компьютерлік «Лото» ойынын ойнайық, мұның да нәтижесі сәтті болса, вирусты жоюға көп көмегі бар.
|
Логикалық ойын: «Баспалдақ»
Мақсаты: Ұзын-қысқа, 1-ден 8-ге дейін тура санау ұғымдарын бекіту. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Көрнекіліктер: Әр балаға әр түрлі ұзындығы (қысқадан ұзынға дейін), түрлі-түсті құрастыру ағаштары.
Құрастырады.
- Міне, біз кемеге міндік. Енді кемеміз батпаққа батып қалмау үшін қарап отырмай тезірек таяқшалардың көмегімен есептер шығаралық.
Есептер шығару.
- Наргизада 5 ойыншық бар, Адияда да сонша. Барлығы қанша? (10)
- Сырғанақта 5 бала сырғанақ теуіп жүр еді, екеуі кетіп қалды. Нешеуі қалды? (3)
- Қобдишада 6 карандаш жатты, оған Азамат тағы 3 карандаш қосты, барлығы нешеу болды? (9)
- Ол карандаштардың 4-ін Гүлім алды, нешеуі қалды? (5)
Дұрыс! Енді демалуға болады.
Сергіту сәті. (Ортаға барлық орталықтардың балалары жиналады).
«Қыс қызығы» әнінің мәтініне сай қимылдар жасау.
Орнымызға отыралық. Енді, балалар, мен бір ойын ұйымдастырамын. Осы ойынның нәтижесі дұрыс болған жағдайда біз вирусқа қарсы бағдарламаны ойлап табамыз. Сондықтан да мұқият болыңыздар. Алдымызда ілінген сызбаны қараңыздар. Мұнда түрлі-түсті пішіндер салынған және қызыл, көк дискілер бар, яғни ақпараттарды дұрыс орналастыру қажет.
|
« 1 2 ... 10 11 12 13 14 15 16 »
|