01:23
4 саны мен цифры
|
загрузка...
Сабақтың тақырыбы: «4 саны мен цифры» Сабақтың мақсаты: білімділік:балаларды 4 санымен және цифрымен таныстыру; дамытушылық: балалардың ой-өрісін 4 санының құрамына есеп құрастыру арқылы дамыту ; тәрбиелік: 4 цифрын дұрыс жаза білуге үйрету. Сабақтың әдісі: түсіндіру, үйрету, ойын. Көрнекіліктер: тақырыптық суреттер, сандар. Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру: Амандасу; Сурет бойынша 4 санының пайда болуын түсіндіру. -Аквариумде 3 балық болды, тағы бір балық әкеліп қостық. Неше балық болды? 3+1=4.Бүгін біз 4 санымен танысамыз. 4 санын көрсетіп, тура және кері санау. 4-тің алдындағы сан ұғымын түсіндіру. -3қоянның қасына тағы да бір қоян келіп қосылды. Неше қоян болды? 3+1=4. Төрт қоянның біреуі қашып кетті, нешеуі қалды? 4-1=3. -Ал, балалар қояндар нені жақсы көреді? -Сәбізді. Сәбіздерді пайдаланып 4 санының пайда болуы мен 4-тің алдындағы сан ұғымы қайталанылады. -Қане, бәріміз төрт таяқша санап шығарайық. Таяқшалар арқылы 4 таяқшадан әр түрлі пішіндер құрастырайық.
-Пішіндер неге ұқсайды балалар? -шаршыға, «ш» дыбысына. -4 саны неге ұқсайды? - төңкерілген орындыққа. -Ал балалар, осы жөніндегі Алмастың тақпағын тыңдап көрелікші. Іздегендер табады, Зер салса егер мынаған. Тура «4» боп қалады, Орындықтар құлаған. Дәптермен жұмыс: Үзік сызықтарды бастырып, 4 цифрын жаздыру. Сергіту сәті: 1,2,3- ал кәнеки ұш, 4,5,6,7- мынау ауыл шеті. 8,9,10- ал, кәнеки қон! Тақтамен жұмыс: Тақтадағы суреттер бойынша заттың атын атап, санау. 4балық, 4 ат, 4 доп. «4» санына байланысты түсініктер беру: 4 түлік мал (атап өту), 4 жыл мезгілі (атап өту), шаршының 4 қабырғасы, машинаның 4 дөңгелегі, т.б. 4 санының құрамын дөңгелектер арқылы толықтыру. 4 санына байланысты есептер шығару. 3қоянға 1 қоянды қосқанда 4 қоян болады. 2 түлкіге 2 түлкіні қосқанда 4 түлкі болады. 1 кірпіге 3 кірпіні қосқанда 4 кірпі болады. -Қане балалар, қарындаштың тапсырмасын орындайық. Төрт түрлі- түсті қарындашымызды шығарайық. Қандай түстер екенін атап өтейікші. -Көк, қызыл, сары және жасыл. Тиісті түспен шаршыларды ретімен бояу. Ойын: «Өз орныңды тап» Шарты:балаларға 0ден 4ке дейінгі кеспе сандарды омырауларына тағамыз. Ретсіз араласып тұрады. Балалар ретимен қатарға тұруы керек, қатардағы орнын атауы керек. III.Қорытынды. -Балалар, біз бүгін қандай санмен таныстық? «4» санының құрамын қайталау. IV. Балаларды мадақтау.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын! |
|
Всего комментариев: 0 | |