Ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
«Жұлдызай» ІІ кіші тобы
Білім беру саласы: Коммуникация.
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: Ертегілер әлемі.
Мақсаты: Балаларға ертегілер әлеміне еніп, жақсы көңіл күй сыйлау. Оларға қызықты тапсырмалар орындата отырып, тақпақтар, жұмбақтар, ертегілер арқылы тілін дамыту. Үстел үсті және шарлар театры арқылы сөздік қорын молайтып, диалогты сөйлеу мәдениетін әрі қарай дамыту. Логикалық ойлауын жетілдіріп, адамгершілік тәрбиесіне баулу.
Билингвиалды компонент: қыс-зима-winter, ертегі-сказка-fairy tale.
Барысы: Балаларды шеңберге тұрғызу.
Шаттық шеңбер:
Үлкен шеңбер құрайық,
Алақанды ұрайық.
Күлімдесін күн де,
Күлімдейік біз де.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық,
Таза ауаны салайық,
Жүрек жылуын салайық,
Енді бәрін қонақтарға сыйлайық.
Жұмбақ:
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып,
Сырғанап балалар ойнайды.
Айтыңдаршы бөбектерім,
Бұл қай мезгілде болады?
Балалар: Қыс мезгілінде.
Сұрақ-жауап:
Тәрбиеші: Дұрыс, балалар. Ал қазір қандай жыл мезгілі?
Балалар: Қазір қыс мезгілі.
Т: Балалар қыс деген сөзді үш тілде айтып көрейік. Менің артымнан қайталандар: қыс-зима-winter.
Т: Қыс мезгілінің ерекшеліктерін айтып беріңдерші.
Б: Қыста күн салқын болад
... Читать дальше »