Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология |
загрузка...
Балалардағы қан айналым жүйесі слайд,презентация
Адамның денесіндегі қан — организмнің сұйық негізгі ішкі ортасы. Қанның жалпы мөлшері ересек адамда 4,5-6 л шамасында, яғни дененің жалпы салмағының 6-8 %. Жаңа туған нәрестеде ол 10-20 %, 1 жаста 9-13%, 5-7 жаста 7-8 % болады. Организмдегі барлық қанның 50% қан деполарында қор болып сақталады. Ондай мүшелерге бауыр, көк бауыр, өкпе және тері жатады. Қан бауырда, көк бауырда, сүйек кемігінде түзіледі Қанның құрамы мен қасиеттері. Қан қан клеткаларынан және сұйық плазмадан тұрады. Қан клеткаларына эритроциттер, лейкоциттер және тромбоциттер жатады. Қанның бұл клеткалары бүкіл қанның 40-45%-ын, ал плазма 55-60%-ын құрайды. Қан плазмасының құрамы да күрделі: оның 90%-ға жуығы су, 7-8 % белоктар, 2 % түрлі органикалық және бейорганикалық заттарҚұрсақтағы нәрестеге оттегі мен қоректік заттар ана қанынан плаценталық ( бала жолдасы ) қанайналым көмегімен жеткізіледі. Ол былай іске асырылады: оттегі және қоректік заттармен байыған артерия қаны ана қағанағынан кіндік аймағында нәресте денесіне кіріп жоғары жүреді де бауырға келіп, оның сол жақ бойлық жүлгесінде орналасады. Бауыр қақпасы деңгейінде v.umbilicalis екі тармаққа бөлінеді, олардың біреуі бірден қақпа венасына құйылады да, ал ductus venosus деп аталатын екіншісі, бауырдың төменгі бетімен оның артқы жиегіне дейін барып , сол жерде төменгі қуыс вена сабауына құйылады.
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын! |
|
|
|
Просмотров: 4370 | | |
Всего комментариев: 0 | |