Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 30.9.2023
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Аралас [ Добавить материал ]

Азия авто отчет по практике қазақша


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

10.10.2015, 08:55

1. "АЗИЯ АВТО"АҚ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

1.1. Жалпы ақпарат «АЗИЯ АВТО» акционерлік қоғамы 2002 жылдың 20 желтоқсанында құрылды және алғашқы мемлекеттік тіркеуден өтті. Бас кәсіпорын –автоқұрастыру зауыты Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында орналасқан. Қазақстанның барлық ірі қалаларында кәсіпорын филиалдары бар. Кәсіпорын басшысы- Сағымбаев Ерік. Категориясы – 4. Ұйымдық-құқықтық нысаны мемлекеттік болып келеді. Кәсіпорын мемлекеттік тіркеуге тұрған сәттен бастап, заңды тұлға құқығына ие болды. Мекен-жайы: 070002, Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Бажов к-сі 101/1. Тел. +7(7232) 772-440 Факс: +7 (7232) 522-005 е-mail: [email protected] Қызымет мерзімі – шектелмеген Жалпы қызыметкерлер саны- 390 Жұмыс уақыты 8:00 – 17:00 дейін Үзіліс уақыты 12:00 – 12:40 дейін

1.2 Кәсіпорын мінездемесі. «АЗИЯ АВТО» кәсіпорнының мақсаты республикада Қазақстан халқы мен таяу елдердің бір бөлігінің мұқтаждығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін автомобиль өндірісін құрастыру. «АЗИЯ АВТО» стратегиясы кезең-кезеңмен автомобиль кластерін қалыптастыру- автоқұрастыру зауытын құру; онда бояу және дәнекерлеу өндірісін ашу, сату желілерін және сервистік қызмет көрсетуді дамыту болып табылады. Зауыттың қалыптасуы Республикадағы өзара байланысты автобөліктер өндірісін, аккумляторлар, шиналар, әйнек, электртехникасы, метиздер және т.б. сияқты жиынтықтауларды мен қосалқы бөлшектер өндірісін ынталандыру. «АЗИЯ АВТО» мақсаттары сондай-ақ Қазақстанның индустриалды-инновациялы стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған, өйткені елде жаңа өндіріс түрін құру анық экономикалық пайда ғана емес, сонымен қатар кең жұртшылық шеңберінің өмір деңгейін көтеру және жұмыспен қамтамасыз ету сияқты әлеуметтік пайдалар әкеледі, сонымен бірге кәсіпорынның қоғамдық өмірге қатысуына мүмкіндік береді. Кәсіпорын серпінді және бірізді дамып келе жатыр: құрылған сәтте зауыт тек қана автомобиль құрастыру сияқты негізгі қызметпен ғана айналысты. Өзінің даму барысында үш жылға да жетпей кәсіпорын сәндік доға, есілген электр сымдарын шығаруды игерді, қазақстанның барлық аймақтарында өзінің сату бойынша филиалдарын ашты, жеке инфроқұрылымын дамытты. Кәсіпорынның негізгі мақсаттары: - Қазақстан халқын мұқтаждығын қамтамасыз ету - барлық жұмыстарды автоматтандыру; - автокөліктерді сынақтан өткізу жұмыстарын жақсарту; - экспорт көлемін ұлғайту; - әрекет етуші инженерлік желіге жаңа нысандарды қосу; - кәсіпорынның өңімділігін арыттыру. "АЗИЯ АВТО" АҚ негізгі 3 цехы бар: 1. Құрау цехы Сурет 2. Құрау цехы 2. жүк машиналармен қамтамасыз ету және тасымалдау 3. жөндеу жұмыстарын жүргізу және құрылыс цехы

1.3 Кәсіпорынның технологиялық үрдісі Құрастыру жабдығы кешенінің негізіне автомобильдерді сынау мен техникалық үрдістерді құрастыруға қатысты барлық белгіленген талаптарды жоғары деңгейде қанағаттандыратын «ВАЛМЕТ АУТОМОТИВ» фирмасының қазіргі заманғы жабдығы алынды. Технологиялық көліктік жабдықтар ВАЗ-21093 автомобилдерін өндіріске шығаруға арналған және құрылысы басқадай жеңіл автомобильдерді игеруге икемді. Әмбебап құрастырылған жабдықтар және әлемге әйгілі өндірушілердің құралы конвейерлік түрде қолданылады. Өзіндік жоба орынды және қондырғылар болып келеді. ВАЗ-21213 автомобильдің түрлерін меңгеруге ШҚО-ның жергілікті кәсіпорындарында дайындалған, тендер бойынша таңдап алынған. Автомобиль құрастыру технологиясы мен ұйымдастыруының басқаруы барлық өндірістік пен сауда барыстарын байланыстыратын автоматизацияланған басқару жүйесі арқылы жүргізіледі. Жабдықтарды тұтастандыратын цехтың іші кең, жарық және өндірістік тапсырмаларды орындауға өте қолайлы. Сурет 3. «АЗИЯ АВТО» кәсіпорнының жұмыс орыны Технологияны басқару және автомобилдерді шығаратын ұйым, барлық өндірістік және коммерциялық байланысты автоматтандырылған жүйе арқылы жүзеге асырылады. Қолайлы үдемелі түрде жабдықтар, заман талабына сай келетін конвейрлік құрастыруды ұйымдастыру, басты конвейірлік құрастыру болып табылады, жер үстінде тұратын толық құрастыру саласы және қапталған шанақ құрастыру ілуге арналған ілгіш конвейірлік құрастыру «Шиерхольц» фирмасы Германия. Сондай толассыз сала шанах биіктігін теру операциясы, жан-жақтан еркін кіруге, автомобильдің барлық бөлшектерін құрастыруға қамтамасыздандыруға жақсы мүмкіндік береді. «Азия-Авто» автомобиль құрастыру зауыты казірдің езінде олар аккумуляторды Талдықорғаннан алады. Болашақта бөлшектер мен басқа материалдардың 50%-ын Қазақстанның зауыттары шығаратын болады. Машина жасаудың дамуына шетелдік серіктестермен біріккен кәсіпорындар (Оңтүстік Корея, Ресей, Қытай, АҚШ) жағдай жасайды. Олар автомобиль, трактор,компьютерлік құралдарды жасау немесе дамытуға ықпал ететін болады. Машина жасаудағы мамандану мен кооперативтендіру.Машина жасау кешенінің орналасуына бірқатар қиыншылықтар әсер етеді. Ең алдымен бұл - шығарылатын енімдердің күрделілігіне байланысты. Ол кәсіпорындардың салалары мен ішкі салалық маманданудың қажеттілігін туғызады. Сурет 4. Автомобильдің бөлшектерін құрау кезеңі Құрастырылған айналмалы сала, қапталған шанақ бөлшектерін құрастыруын жоғарлатуға, шанақтың астындағы механикаландырылмаған операцияны қолмен орындауға немесе құрастырушының еркін жұмыс істеуіне қолайлы. Барлық ауыр салмақты түйіндермен агрегаттарды біріктіруге «Demag», «Humo» Германия фирмасының ілуге арналған ілгіш және жерден жүк көтергіштердің көмегімен іске асырылады. Автомобиль жүйесін ауамен толтыру және олардың саңылаусыздығын бақылау «A Cramkow» фирмасы аз көлемді және жоғары өндірістік вакумды жабдығы арқылы жүзеге асырылады. Сурет 5. Автомобильдерді саңылаусыздығын бақылау Шанақтың көтергіштері және құрастыру комплектілерінің учаскелері автомобиль бөлшектері мен оларды байланыстырушы бөліктерін қабылдауға, сақтауға және жинастыруға мүмкіндік беретін қазіргі заман табалына сай қойма жабдықтарымен қамтамасыз етілген. Және де олар барлық қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау нормасына сай жасалынған. Сурет 6. Автомобиль және оның бөлшектерінің қоймасы

2. "АЗИЯ АВТО"АҚ ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ Еңбек қауіпсіздігі- жұмыс процессі кезінде жұмысшыладың өмірі және денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, құрамына құқықтық, әлеуметтік-экономиалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдік-профилактикалық, осы нысандарда апаттар мен жанжалдардың алдын алуға және апаттарды, жанжалдарды болдырмауға, олардың салдарларын жоюға, төтенше жағдайларға қарсы жұмысшылардың дайындықтарын шараларды және әдістерді қамтамасыз ету жүйесі. "АЗИЯ АВТО"АҚ кәсіпорынының ішкі еңбек тәртібі қауіпсіздік шарттарды, жұмыс уақытын дұрыс ұйымдастыру, өңдіріс өңімділігін арыттыру үшін бағытталады. Ережелер барлық бөлімдерге, қызметтерге бағытталады. Жұмысшылар және қызметкерлердің негізгі міндеттері: - Еңбек тәртібін сақтау- уақытында жұмысқа келу және жұмыстан қайу; - Еңбек уақытын өңдіріс үшін түгелдей қолдану; - Басқару тапсырмаларын уақытында орындау; - Өңдіріс және техникалық ережелерін орындау, өңдірістік ақауды болдырмау; - Барлық еңбекті қорғау, қауіпсіздік ережелерін, өңдірістік санитария, еңбек гигиенасын және өрт қауіпсіздік ережелерінің талаптарын орындау; - өз жұмыс орнында және барлық кәсіпорын териториясында тазалық сақтау; - барлық механизмдерді, станоктарды, құралдарды жарамды түрде ұстау, материялдарды, электр және де басқа энергия көздерді үнемдеу; - өз- өзінді дұрыс ұстау және басқаларға кедергі жасамау; - жүйелі түрде өзінің істі және кәсіптік кваликацияны арыттыру. Жұмыс қауіпсіздігін және де денсаулықты сақтау үшін «АЗИЯ АВТО» АҚ кәсіпорнында құрастырылды: - «Еңбекті қорғауды басқару жүйесі» (ЕҚБЖ), онда қарастырылады: қауіпсіз шарттарда жұмыс істейтін жұмысшыларды оқыту, оптимальды жұмыс істеу және демалу режимдерді құру, сауықтыру- профилактикалық қызметтерді көрсету, санитарлық- гигиеналық шарттарды құру, және т.б.; - « «АЗИЯ АВТО» АҚ міндетті басқарушылар мен жұмысшылардың еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы міндеттерінің тәртібі»; - « Жоғары қауіпті жұмыстарды жүргізу тәртібі»; - « Еңбекті қорғауды оқыту және жұмыс орнында нұсқаулық жүргізу тәртібі» - барлық мамандар үшін жүргізілетін нұсқаулықтар. «АЗИЯ АВТО» АҚ еңбек қауіпсіздігін жақсарту үшін келесі міндеттерді орындайды: - заңдармен және басқа да нормативтік – құқықтық актілермен белгіленген қауіпсіздік талаптарын сақтауды қамтамасыз ету және тұрақты бақылау; - өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайына ықпал ететін бұзушылық жағдайлары мен себептерін айқындау; - қауіпті өндірістік объектілердегі қауіпсіздік жағдайын талдау; - қауіпсіздік жағдайын жақсартуға және үшінші тұлғаларға, қоршаған ортаға келтірілетін залалды болдырмауға бағытталған шараларды әзірлеу; - қауіпті өндірістік объектілердегі апаттардың, жанжалдардың алдын алуға және олардың салдарларын жоюға дайындықты қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды үйлестіру; - қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын техникалық құрылғыларды, энергетикалық құрал-жабдықты уақытылы сынаудан өткізуді және куәландыруды, бақылау өлшеу құралдарын жөндеуді және тексеруді бақылау; - технологиялық тәртіптің сақталуын тұрақты бақылау; - өнеркәсіптік қауіпсіздік жағдайын тексеруді жүргізу және қауіпті өндірістік факторларды айқындау; - өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыскерлерді даярлауды және аттестаттауды ұйымдастыру және бақылау жүргізіледі. - Әрбір жаңадан жұмысқа кірген адам қауіпсіздік техникасы мен еңбек қорғау саласында кіріспе нұсқамалармен танысады және әр алты ай сайын осы саладағы қосымша бақылаулар алынып отырады. Сурет 7. Еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғау мамандарының бөлмесі

3. «АЗИЯ АВТО» АҚ ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ

3.1 Негізгі қауіпті факторлар Негізгі қауіпті факторларға жатады: -Транспортты және жүк көтеру қозғалмалы және тасымалдаушы машиндер мен механизмдер, станоктар мен құрылғылары бар жұмыс орнын; -биікте жүргізілетін жұмыстар ( басқышта, алаңшалар, ғимараттар шатыры және т.б); -негізгі энергия көзі ретінде электр энергиясын қолданатын процесстер; -өрттік қауіпті заттарды қолдану. Негізгі зиянды факторларға жатады: - үшкір жиектер, қылау, бұйымдардын кедір-бұдыр болуы; - жұмыс орынының жерден биік болуы.

3.2 Электр қуаты қауіпсіздік талаптары Электр қуаты- ең көп тараған, әртүрлі механизмдерді және аппараттарды қозғалыстарына қолданылатын энергия көзі. Электр құралдары потенциалды қауіпті өңдірістік факторлардың бірі болып табылады, және де байқалмаған жағдайда тоқпен апатқа немесе зақымдауға ұшырауға алып келеді. Электр тогынын басты қауіпі ол адамның сезім мүшелерімен байқалмайды (яғни көрінбейді, иісі жоқ және т.б) және адам мүшелеріне жанасқан жағдайда әсерін тигізеді. Электр тогымен зақымданған кезде адам терісінің механикалық зақымдалуы, жылулы әсерін яғни күйе, нерв жүйесінің бүлінуі әсер етеді. Үлкен қауіптілікті тогтын мидын, жүрек буындарының, демалу мүшелеріне соққысы жатады. Электр тогының зақымдануы электр тогының кернеуінің мөлшеріне, әсер ету уақытына, организм арқылы өту жолдары және индивидуалды ерекшеліктеріне байланысты. Өңдірістік санитария және өздік гигиена талаптары Әр жұмыс орын тазалықта ұсталуы тиіс, өндірістік қоқыс және қалдықтарды уақытында жинап, газдың жылыстауы мүмкін жерлерде сору желдету жүйесі орнатылуы тиіс. Өзінді аурудан сақтану үшін, келесі санитарлық- гигиеналық ережелерді сақтау тиіс: -тамақ ішер алдында қолды сабынмен жете жуу; -уақытында арнайы киімді жуу және жөндеуге өткізу; -су ішу режимін қадағалау: суды тек ішуге жарамды суды ішу тиіс. Краннан өңдірістік суды ішуге болмайды; -тамақты тек арнайы жерлерде ішу (асханада, буфетте, тамақ ішу бөлмелерінде); -біреудің арнайы киімін, индивидуалдық қорғау құралын және де басқа да заттарды қолдануға болмайды.

3.3 Индивидуалды қорғау құралдары Жұмысшыларды зиянды және қауіпті өңдірістік факторлардан сақтану үшін автоқұрау зауытында жұмысшыларға тегін арнайы киім, аяқ киім және де басқа индивидуалдық қорғау құралдарымен әр түрлі қауіпті немесе зиянды факторларға байланысты қамтамасыз етеді. Арнайы киім және арнайы аяқ киім тұрмыстық бөлмелерде, шкафта немесе ілгіште тұруы тиіс. Арнайы киімді зауыттан алыс әкетілуге тиым салынады. Арнайы киім мен аяқ киім әрқашан түзу, таза және түймеленген болу керек, егер де осы аталған шарттарға сәйкессіз болу тиым салынады. Агресивтік сұйықтармен жұмыс жасағанда күртені шалбардын ішіне, шалбарды аяқ киімге салуға болмайды. Сурет 8. «АЗИЯ АВТО» АҚ жұмысшысының стандартты арнайы киімі

4. «АЗИЯ АВТО» АҚ ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ ЖҮЙЕСІ «АЗИЯ АВТО» АҚ кәсіпорының өрт қауіпсіздігі адам өмірін қорғаудағы үлесті шаралардың бірі болып табылады. На основании правил пожарной безопасности разработаны цеховые инструкции по ПБ, которые обязательны для исполнения всеми работниками цехов, служб и подразделений автосборочного завода. Өрт қауіпсіздігінің ережелері негізінде цехтық нұсқаулар жасалынды. Олар барлық жұмысшылардың арасында, қызметтерде, бөлімшелерде қадағалануы тиіс. Өрт қауіпсіздігіне жауапты тұлғалар кәсіпорынның бұйрығымен орнатылады. «АЗИЯ АВТО» АҚ өрт қауіпсіздігінің жүйесі автоматты және қолмен сөңдіріледі. Өрт сөңдіру жүйесі келесі құралдардан тұрады: авариялық жарық, автоматтық өрт сөңдіру құрылғылары, өрт сигнализациялары. Бұл жүйе барлық цехтарда орнатылған. Сурет 9.«АЗИЯ АВТО» АҚ өрт қауіпсіздігінің жүйесі Кәсіпорын 2 арнайы ВИС-294600 құтқармалы- өрт автомобильімен қамтылған. Бұл автомобиль өрт кезінде өрт құтқарушыларды, және де апаттық- құтқармалы құралдарды, қоңдырғыларды өрт орнына жедел жеткізеді. Сурет 10. Арнайы ВИС-294600 4х4 формулалы автомобильі Кәсіпорында тез елеулі УТПВ-300 өрт сөндіру құрылғысымен қамтылған. бұл құрылғы 300-500 литр суымен қамтылған. Бұл құрылғы арнайы дайындалған жерде орналасқан. Сурет 11. Тез елеулі УТПВ-300 өрт сөндіру құрылғысы

5.«АЗИЯ АВТО» АҚ АПАТТАҒЫ ЖӘНЕ ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӘРЕКЕТІ Әр автокөлік құрау қызметкері төтенше жағдайындағы іске дайын болуы тиіс, экстремалды жағдайда өзін-өзі ұстай алу, және құтқару әрекетіне үлесін қосуы, қаланың азаматтық қорғаныс штабының нұсқауымен сәйкес іс жасауы тиіс. Стихиялық атапқа жататындар: су басу, жер сілкінісі, өрт. Су басу қауіпі кезінде халықты уақытында хабрлау өте маңызды болып келеді. Хабар радиотрансляциондық түйін арқылы және қозғалмалы қатты дауысты байланыспен хабарланады. Бұл кезде барлық қалалық кәсіпорындарын диспечерлерде тәуліктік үзіліссіз республикалық, облыстық, қалалық және аудандық програмаларын қадағалауы тиіс. Уақытта адамдарлы эвакуациялау, ауылшаруашылық малдарды және де материялдық бағалы заттарды су басу териториясынан сақтап қалу үлкен рөл атқарады. Су басу кезінде сабырлықты сақтау керек, көмек уақытында болуына сену керек, дүрлікпеу, балаларға және қарттарға көмек көрсету, қолдағы бар нәрседен жүзу құралдарын (ағаш, тақтай, автокөлік камерасын және т.б) жасау керек. Және де құтқару қызметтерінің барлық шарттарын орындалу тиіс. Өскемен қаласында катастрфалық су басу қауіпі Өскемен және Бұқтырма су қоймасының бөгетінің толықтай бұзылуынан пайда болуы мүмкін. Бұл кезде су басу ауданы 178,8 км.кв құрауы мүмкін, яғни жалпы ауданның 80% құрайды. Су басу ауданын азайту мақсатында авариялық суды төмендету жүргізеді, бұл кезде ертіс өзенінің 4,5 м ге көтеріледі, мұндағы су басу аудан 54 кв.км құрайды. Қаланын физикалық-географиялық сипаттамаларға сәйкесқаланың арнайы биік жерлерде эвакуациялық орындар, маршуруттар жасалынған. Жер сілкіну кезінде халықтың әрекетінің тәртібі Өскемен қаласы жер сілкініс қауіпі бар аймақта орналасқан, алайда бұл қауіп жер сілкінісінің 6 баллмен бағаланса да ол өзінің қирату күші өте жоғары болып табылады. Сондықтан сондай қауіпі мүмкін аймақ тұрғындары кез келген жер сілкінісіне дайын болуы тиіс және «Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шаралар және әрекеттер ескертпелер» таныс болуы тиіс.





Категория: Аралас
Просмотров: 3374 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]