Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Биология |
загрузка...
Асқазан слайд,презентация
Асқазан- өңештік рефлюкс- асқазан затының өңешке түсуі. Асқазан ішіндегі заттың өңешке кері өтуіне жол бермейтін- асқазан – өңештік сфинктер.Сау адамда бұл сфинктер тамақты жұтқаннан 1,5-2,5 секундтан кейін ашыла бастайды, 5-12 секунд ашылып тұрып, қайтадан жабылады. Сонымен кардиальды сфинктер жұтқанда ғана ашылып, басқа уақытта жабық күйінде болады. Кардиальды сфинктердің гипотониясы немесе оның спонтанды релакциясы асқазан-өңештік рефлюкстің дамуына әкеледі.Асқазан-өңеш рефлюксі және оның асқынулары Асқазан-өңеш рефлюксі және оның асқынулары- жиі кездесетін,науқасты қиналдырып өтетін ауру.Жиі кездесетін асқынулары: рефлюкс-эзофагит немесе пептик эзофагит, өңеш пептик ойығы, қансырау, Мендельсон синдромы немесе өңеш сұйықтығының өкпеге түсуі, Баррета өңеші, қатерсіз ісіктер, сирек өңеш- рагі. Рефлюкс эзофагит. Пептик- эзофагит немесе гастроэзофагельды рефлюкс ауруы- бұл созылмалы қайталамалы ауру – асқазан іші құрлымының өңешке өтуі. Гастроэзофагель ауруының келіп шығуы агрессия факторлары мен қорғаныс факторларының теңдігінің бұзылуы, агрессия факторының күшеюі. Қорғаныс факторлары: -төменгі өңеш сфинктерінің антипефлюкс қызметі -өңештегі тазалану (клиренсі) -өңеш шырышты қабатының төзімділігі -өңешке түскен асқазан құрлымының тез арылуы. Агрессивті факторлар: -гастроэзофагель рефлюкс өңешке қышқыл, пепсин, өт, панкрестік ферменттердің түсуі -қарын қуысындағы және асқазан іші қысымының жоғарлауы -шылым тарту, арақ ішу -құрамында кофеин,холинолитик, спазмолитик бар дәрілер -асқазан жара ауруыБелгілері(клиника): Өңеш және өңештен тыс белгілер. Эзофагель белгілері – күю, қышқыл кекіру, жұтыну қиыншылығы, ауызда сілекей кобеюі, жөтелгенде төс арқасында ауырсыну одинофагия, өңеште ауырсыну,ықылық ату, құсу.
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын! |
|
|
|
Просмотров: 3755 | | |
Всего комментариев: 0 | |