Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 4.7.2020
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

Әсемпаз болма әр неге өлеңі (Абай Құнанбаев)
загрузка...

Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы

ӘСЕМПАЗ БОЛМА ӘР НЕГЕ

Әсемпаз болма әр неге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де - бір кірпіш, дүниеге 
Кетігін тап та, бар қалаң!

Қайрат пен ақыл жол табар,
Қашқанға да, қуғанға.
Әділет, шапқат кімде бар,
Сол жарасар туғанға.

Бастапқы екеу соңғысыз 
Біте қалса қазаққа,
Алдың - жалын, артың - мұз, 
Барар едің қай жаққа?

Пайданы көрсең бас ұрып, 
Мақтанды іздеп, қайғы алма. 
Мінінді ұрлап жасырып, 
Майданға түспей бәйгі алма.

Өзінде бармен көзге ұрып, 
Артылам деме өзгеден. 
Күндестігін қоздырып, 
Азапқа қалма езбеден.

Ақырып жүріп, анық бас, 
Еңбегің кетпес далаға. 
Ұстадтық қылған жалықпас 
Үйретуден балаға.



Категория: Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (06.11.2016)
Просмотров: 4240 | Теги: абай, өлеңдер, Әсемпаз болма | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]