Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 27.7.2020
Главная » Статьи » Туған күнге тілектер » Қазақша тақпақтар мен өлеңдер

Апа және әпке туралы тақпақтар мен өлеңдер
загрузка...

әпке

Менің әпкем


Сағынғанда көтеріп,
Құшарлана сүйеді.
Шапалағы шарт етіп,
Жағыма да тиеді.

Үндемеймін оған мен,
Үндемеуге бекінем.
Қанша қатал болғанмен,
Сүйеді кеп бетімнен.

Киімімді жуады,
Барлық ынта, зейінмен.
Үйдегі бір мұғалім
Өзі шығар деймін мен.

Кейде бәйек бола ғап,
Асымды да қойды алға.
Сағатына қарап ап,
Жібереді ойнауға.

Жүрем оның бейнесін
Жүрегіме орап мен.
Сағынамын көрмесем,
Алтын әпкем, жан әпкем.
        Т.Молдағалиев


Апаларым


Мен ұл ем. Сендер ең үш тамаша елік,
Төртеуіміз бір әкенің баласы едік.
Төрт тағдыр қайғысы мен қуанышын
Өстік біз бір омыраудан таласа еміп.

Есейткен жетті күндер сыр ақтарып,
Қалдым мен қоштасарда бір-ақ танып.
Таралып шартарапқа жолдар шықты
Сендердің бұрымдарың сияқтанып.

Кеттіңдер біздің үйден ұзатылып,
Қатыгез қимастықты қыз аты қып.
Сан түндер сағынышым көз ілдірмей
Жүгіріп сыртқа шықтым жүз атылып.

Деді әкем: қиын болды-ау, қарағым-ай,
Жан көкем, жадыратшы қабағыңды-ай.
Мен үйде жалғыз қалдым, мергендердің
Қосына тастап кеткен қарауылдай.
             Т. Айбергенов
Апа

Апа, биыл ауылда қар  қалың ба,
Тазарып бір қайтатын барғанымда.
Жалғанын да ұғындым бұл тірліктің,
Бұл тірліктің ұғындым арманын да.

Сырдария, ен тоғай, қырқалар да,
Алған шығар оранып ұлпа қарға.
Сыр соларға ашайын ақтарылып,
Жатқан шығар елеңдеп бір хабарға.

Апа, әлі-ақ барамын уайымдама,
Жатсын күтіп алаңсыз сайын дала.
Бойым бала баяғы бетегендей,
Салмақ тартқан сынаптай ойым ғана.
Апа, әлі-ақ барамын уайымдама!
                                 А. Әлімұлы



Категория: Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Добавил: Admin (22.03.2016)
Просмотров: 51064 | Теги: тақпақтар мен өлеңдер, Апа және әпке туралы, апа, әпке | Рейтинг: 2.4/5
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]