Алгебра 8 сынып дайын үй жұмыстары А.Е. Әбілқасымова (2018)
Құрметті оқушылар! 8 – сыныпта сендер алгебра курсын оқуды жалғастырасыңдар. Бұл курста сендер сандар жиыны, өрнектер, теңдеулер, теңсіздіктер мен олардың жүйелері, функцияның графигі, статистика элементтері туралы білімдеріңді кеңейтесіңдер. Атап айтқанда, иррационал және нақты сандар, квадрат түбір, дискриминант, квадрат үшмүше, квадрат теңдеу, рационал теңсіздік және т.б. ұғымдарымен танысасыңдар. Құрамында квадрат түбірі бар өрнектерді тепе-тең түрлендіруді, квадрат теңдеуді, квадрат теңдеуге келтірілген теңдеулерді, рационал теңсіздіктерді шешуді, квадраттық функцияның графигін салуды үйренесіңдер. 8 – сыныпта көптеген жаңа тақырыптармен танысасыңдар. Әрине бастапқыда бұл жаңа тақырыптар меңгеруге қиын болып көрінеді, бірақта дайын үй жұмыстары (ДҮЖ) оқу құралы сіздерге көмекгін береді. Дайын үй жұмыстары оқу құралы жаңа тақырыпты меңгеруге және оны әрі терең ұғынуда, орын таппас білім бұлағы болып табылады. Сендер мұнда өз білімдеріңді ұштап, қателеріңді тексере аласыңдар. Сондықтан еш қорықпай, жаңа оқу жылын жақсы бітірулеріңе сенеміз!
|