Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 17.2.2020
Главная » 2016 » Ноябрь » 27 » «Әкеммен, анаммен» балабақшадағы тәрбие сағаты
18:56
«Әкеммен, анаммен» балабақшадағы тәрбие сағаты
загрузка...

 «Әкеммен, анаммен»                                          
 

Мақсаты: 1. Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, ата – анамен бала 
                     денсаулығын нығайту. 
                  2. Спортшылар арсындағы достық қарым – қатынасты қалыптастыру. 
                     Балаларға денсаулықтың қадірін, бағалы екенін түсіндіру және
    оны сақтауды басты балық екенін ұғындыру.
                  3. Сенімділікке, қайсарлыққа, белсенділікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, жарысқа қатысушылар, жанкүйерлер. Бүгінгі өткізілетін «Әкеммен, анаммен» атты эстафеталық жарысына қош келдіңіздер!

Салауатты өмір салтын қолдаймыз,
Жамандықтан жанымызды қорғаймыз.
Денсаулықты жанымызға серік қып,
Болашаққа аманат қып жолдаймыз! – дей отырып ортаға қатысушы командаларды шақырамыз.
1.    «Жұлдыздар» тобы
2.    «Тұлпар» тобы
3.    «Балапан» тобы
4.    «Ботақан тобы» тобы
Ал енді спорт заңы бойынша қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
1.    Балабақша директоры: Турганбаева Нұрсауле Тұрақбайқызы
2.    Балабақша әдіскері: Алибекова Зарина Әлібекқызы
3.    Балабақша медбикесі: Тлегенова Ақшагүл
4.    Балабақша шаруашылық меңгерушісі: Избасарова Сабина Серікқызы
Сайыс кезеңдерімен таныстырып өтейін:
1.    «Таныстыру» (топтың аты, ұраны, эмблемасы)
2.    «Кім жылдам» (кедергілерден өту)
3.    «Кенгуру» (қаппен секіру)
4.    «Мерген» (допты дәлдеп құрсауға салу)
5.    «Арқан тарту» (қазақ халқының ұлттық ойыны)
Жүргізуші: Ал, құрметті халайық,
                     Жарысты енді көріңдер.
                     Әділқазы алқасы,
                     Әділ баға беріңдер
1.    Кезең «Таныстыру»
Шарты: әр команда тобының атын, ұранын айтып, эмблемасын тағып шығуы керек.
Жүргізуші: Уа, халқым, назар аудар денсаулыққа.
                    Өмірде бақыттысың денің сауда,
                    «Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді
                    Құр айтпаған ұлы Абай данамызда – дей отырып, сайысымыздың 2 – ші кезеңіне кезек берейік.
2.    «Кім жылдам»
Шарты: қолымызда доп, кедергілер арасынан мүдірмей өтіп, допты келесі ойыншыға береміз. Ойын осылайша қайталанады.

 

Жүргізуші: Денің сауда күштісің бұл әлемде,
                     Денің сауда сұлусың жер бетінде.
                     Сол мықты денсаулықтың арқасында,
                     Жетерсің әлі талай жеңістерге
Үшінші кезең
3.    «Кенгуру»
Шарты: қапты киіп кеглидің арасымен ирек жасай жүріп, айналып келу.
Жүргізуші: Жатып ішер боп жалқау,
                     Сен болмашы еріншек.
                     Айналысып спортпен,
                     Талаптан да, еңбек ет – дей отырып келесі кезеңге өтейік.
4.    «Мерген»
Шарты: қолымыздағы допты құрсауға дәл салуымыз керек.
Жүргізуші: Шынығамыз біз күнде,
                      Тынығуды білмейміз.
                      Шаршамаймыз біз мүлде,
                      Ойын ойнап әр күнде.
Бесінші кезеңге де жеттік.
5.    «Арқан тарту»
Шарты: екі комндадан бірігіп тартып, ұтқан команда келесі топтың жеңімпазымен арқан тартысып әрі қарай жалғастырады.
Жүргізуші: Өнерге биік сеніңіз,
                      Думандатып жүріңіз.
                      Әділқазы ел сенген,
                      Өнерге баға беріңіз
Құрметті әділ қазылар сөз кезегі өздеріңізде.
Жүргізуші: Құрметті спортшылар, ата – аналар жүлделеріңіз құтты болсын!
Бүгінгі «Әкеммен, анаммен» атты спорттық эстафеталық жарысымыз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше сау болыңыздар!

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы тәрбие сағаты | Просмотров: 984 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]