Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 21.9.2017
Главная » 2016 » Декабрь » 4 » Жыртық бәтеңке әңгімесі балабақшадағы ашық сабақтар
14:21
Жыртық бәтеңке әңгімесі балабақшадағы ашық сабақтар

Жыртық бәтеңке әңгімесі

 

Сабақтың тақырыбы: « Жыртық бәтеңке » әңгімесі

Сабақтың мақсаты:  « Жыртық бәтеңке » әңгімесін түсіне отырып,әнгіме айта білуге үйрету.
Білімділік: « Жыртық бәтеңке » әңгімесін айта отырып , аяқ  киімдер  туралы  толық  түсінік беру, аяқ  киімдердің    түрлерімен таныстыру (пима, жүгіртпелі, баулы етік,бәтеңке т.б) аяқ киім түрлерін  ажырата білуге және мезгілдік  киімдер туралы және пайдасы ,қалай күте білуге,олардың орнын  білуге  дағдыландыру.
Сабақтың міндеттері:
Дамытушылық: Дүниетаным мен тілін дамыта отырып сөздік қорын молайту.
Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа ,жеке  бас  гигиенасын  күте білуге тәрбиелеу.
Технология: Алгоритим, мнеможолдар.
Сөздік жұмыс: Жүгірмек,қақырап,сілікпесі,құны,тәуекел,пәрмен,жалақы.
Түрі: Ашық сабақ. 
Қолданылған әдіс-тәсіл:Сұрақ-жауап,топпен, сөздік,көрнекілік, алгоритимі технологиясы, мнеможолдар  арқылы  әңгіме құрау. 
Билингвальды компонент: Жыртық - порванный, бәтеңке -  ботинка.             
Көрнекіліктері: Төрт мезгілінің суреттері, төрт мезгілінің киімдері,үй және сыртқа шыгатын аяқ киімдер,ұлдар және қыздардың аяқ киімдері,мнеможолдар, алгоритим,үлестірмелі материалдар.
 Сабақ кезеңі            Тәрбиешінің    іс әрекеті     Балалардың іс  әрекеті
Мотивациялық кезең

1.Шаттық шеңбер 
Орынмыздан тұрайық,
Шаттық шеңбер құрайық.
Таза ауаны жұтайық
Күннің нұрын алайық
Мейірімдік шуағын 
Жүреккке әкеліп жинайық
Жиналыған жылы шуақты
Қонақтарға шашайық 
Балалар орнымызға жайғасайық.
    Шеңберде тұрып қимылдар жасап  айтады.

Ұйымдастырушы кезең:

Сурет бойынша әңгіме:

Жаңа сабақ 

Сергіту сәті

Сөздік жұмыс 

Жеке жұмыс

  Балалалар,қазір жылдың кай мезгілі? Қыс мезгілінде табиғатта  қаңдай өзгерістер болады? Басқа табиғат мезгілдерінен қыс мезгілінің айырмашылығы неде?

 Суреттермен әңгіме өткізу.Балалар мына суретке назар аударайық. 
Мынау ше? Мынау ше? Ал,мынау не?
Дұрыс айтасыңдар,балалар бұл киімдерді бір сөзбен не деп атаймыз?Олай болса балалар ,киімдер туралы  кім мақал айтып бере алады.
Музыка  койылады сол кезде дымбілмес конаққа келеді
Қонакқа дымбілмес келеді. Дымбілмес: Балалар ,сендер не истеп отырсындар мен болсам көңілімді көтеріп серуендеп журмін ,жүріңдер менімен далаға шығып серуендейік қар лақтырысып алысайық дейді
Тәрбиеші: Дымбілмес,сәлеметсіз бе!!!Біздің балалар сен сиякты жаман қылықтар істемейді .Біздің балалар тәртіпті оқымысты.Сен біздің балалармен бірге отыр біздің қонағымыз бол
 Дымбілмес:Жарайды, отырсам отырайын, Дымбілмес балалармен бірге отырады.
Балалар, мен сендерге  жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың жауабын кім жылдам шеше алар  екен, жақсылап тыңдап отырамыз .
Ішке кірсең қалады
Тыста сені бағады.

Иә,жұмбақтың жауабын  дұрыс шештіңдер,Балалар бәтеңке туралы  алгоритмге қараймыз.Алгоритм бойынша талдау әңгімелеу.
 
Мынау не? Бәтеңкенің қандай түрлері болады?Түстері қаңдай болады? Бәтеңке неден жасалады?Олардық құрылысын атап беріңдер?Бәтеңкенің  қаңдай пайдасы бар? Қай кезде киеміз?
«Жыртық бәтеңке » әңгімесі
1.    Әңгімені оқу 2-3рет.
2.    Сурет бойынша жауап.
3.    Мнеможолы туралы айту.

 

  Қыс келді алақай!
  Аяз соқты бетімай! 
  Мен киемін тымақты
   Анам берді жылы тонды
   Қолға киемін қолғапты 
   Етікті тартамын аяққа 
   Мен  дайынмын аязға!
    Рақмет,балалар отырыңдар!


Қақырап-биікке,жоғары шығу
Сілікпесі-жыртылып, дымы қалмады.
Құны-қанша ақшаға кетеді.
Пәрмен- бар күшімен
Жалақы- ата-анасының еңбегі

Карточкамен жұмыс.
Балалар мнеможолды құрастырады.    Қыс   мезгілі 
Қатты аяз болады.
Боран соғады,қар жауады .
Адамдар жылы киінеді.

Тон,малақай,пима,шалбар,қолгап т,б олар кыс мезгілінің киімдері
Көзілдірік,көйлек,қалпақ, шолақ шалбар, т.б
Бұлар жаз мезгіл киімдері
 Резеңке етік,қол шатыр,плащ,т.б олар күз және көктем киімдері.

Ағаш көркі – жапырақ,
Адам көркі – шүберек.

Ескі киімді баптағаның,
Жаңа киімді сақтағаның.

Балалар дымбілместің келгенін тамашалайды.

Балалар мұкият тыңдап отырады

Аяқ киім

Балалар алгоримді талдап береді


Бәтеңке .
Әртүлі түсті болады
Былғары теріден жасалады.
Аяққа жылы, су болмаудан сақтайды.
Қыста,көктемде,күзде киеді.

Тыңдап отырады
Сурет бойынша сұрак-жауап
Мнеможолмен әңгімені айтады

Қимылмен көрсетеді

Балалар  сөздік жұмыспен жұмыс істейді

Балалар үстел үстінде тапсырмаларын орыңдайды.
Дымбілмес ризашылығын билдіріп қоштасып кетеді.

Балалар, келген қонақтармен коштасады.
Рефлекциялық кезең:    Қорытынды:Балалар, сендер  өте  ақылды балалар екеңсіңдер. Сендер  маған  көп  нәрсе  үйреттіңдер сендерге аздаған сыйлығым бар, Сыйлығын таратып дымбілмес кетеді.
Орнымыздан тұрайық
Қонақтарға қарайық
Жүректегі жылудан
Қонақтарға сыйлайық.
Бәрімізге бірге
Сау болыңыздар!    

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 459 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]