Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 21.11.2017
Главная » 2016 » Ноябрь » 27 » Жеті қазынаның бірі балабақшадағы ашық сабақтар
20:09
Жеті қазынаның бірі балабақшадағы ашық сабақтар

Жеті қазынаның бірі» ертегі

 

Күні:15.02.2016ж                                  

Қаралды:
 Білім беру саласы: Қатынас
Пәні: Тіл дамыту
   Тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі» ертегі
Мақсаты: Балаларға жеті санының киелі екенін  ұғындыру.Жеті қазынаға не жататынын     түсіндіру арқылы халқымыздың осындай  таным түсініктері көптігін айтып,оларды тәрбиелік мәнін ұғындыру.                                                                                                                                                                                                                            
Көрнекілігі:Суреттер,мақал-мәтелдер.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысы:
Іс-әрекет бөлімдері    Тәрбиешінің іс-әрекеті    Балалардың 
іс-әрекеті
Ынталандыру.
Сезімді ояту.    Шаттық шеңберін ұйымдастыру.
Қуан шаттан алақай,
Қуанатын күн келді.
Қайырлы таң!
Қайырлы күн!
Сәлеметсіңдер ме, балалар!    Өлең жолдарын
қайталап сәлемдеседі.
Ізденістер.
Ұйымдастыру    1.Бүгінгі күнімізді бір-бірімізге жақсы тілектер айтудан бастайық. Балалардың назарын сабаққа аудару.
           2. Жаңа сабақ
-Балалар бір аптада неше күн бар санайық: 
Дүйсенбі, сейсенбі,сәрсенбі,бейсенбі,
жұма,сенбі,жексенбі.
-Неше күн екен? 
Яғни, жеті күн бар екен.
Біздің ата-бабаларымыз жеті атасын білу міндет! – деген.
Қане, кім біледі екен?
 Жеті атамыз: 
1.Ата 2.Әке 3.Бала 4.Немере 5.Шөбере
6.Шөпшек 7.Немене. 
Барлық жерде «жеті саны» жиі кездеседі ия балалар?
Мысалы жеті ата, жеті шелпек, жеті күн, жеті қазына.
Олай болса тыңдаңдар: 
Балалар біздің қазақ халқы жеті санын « қасиетті, киелі сан» -деп есептейді.

3.Ертегі оқу.
Арыстан барлық аңдарды жинап кімнің күшті, ақылды, епті екенін білгісі келеді.Барлық аңдар өз пікірлерін айтып, ең күшті ақылды деп арыстанды айтады.Бірақ ит үндемейді.Оған арыстан сен неге үндемейсің депті,ит оған ең ақылды, қайратты-адам депті.Арыстан оған ашуланады.Ит осылай аңдардан бөлініпті.Содан бері ит адамның досы, серігі, қорғаушысы болыпты.

4.Сөздік жұмысын жүргізу: 
Мадақтау-біреудің жақсы қасиетін мақтап ,көкке көтеру ,дәріптеу.
Аластау-біреуді ығыстыру,қуып тастау.
Жағымпаздана-жағыну,жарамсақтану,жалбақтау

5.Сурет бойынша жеті қазына туралы мағлұмат беру. Қазақ халқы жеті қазынаны ер жігіттің өмірімен байланыстырып, оның ұғымына мыналарды жатқызады.
1.Жүйрік ат-қанаты.
2.Құмай тазысы- абыройын асырар сенімді серігі.
3.Қыран бүркіт-қуаты.
4. Берен мылтық- қақарлы оты.
5.Қақпан- серті.
6.Майланғыш ау- әдіс айласы.
7. Өткір кездік-сұсы.
Қазақ халқы жеті қазынаны жеті ырыс деп те атайды.
6.Сергіту сәті:
Сәл тынығып алдық, сабақты жалғастырамыз.
7.Ертегіні сахналау: 
Арыстан,түлкі, қасқыр,ит
8.Жеті саны туралы мақал-мәтел:
1.Ақылды адам  айтқызбай біледі.
Қыран қаққызбай іледі.
2.Жеті атасын білмеген жетесіз.
9. «Адасқан сандарды ретімен орналастыр» ойыны.
Шарты:
-Балаларға   тақтаға ілінген сандардың орынын тапқызу.
7 күнді бәрі бірге жатқа   айтады.

Тәрбиешіні мұқият тыңдайды.

Балалар кейіпкер маскаларын киіп рөлдерде ойнайды.

Сандарды өсу ретімен орналастырып шығады.
Қорытындылау:    Сұрақтарға жауап алу:
1.Ертегі қалай аталады?
2.Жеті қазынаны ата?
3.Арыстан өзі туралы не білді?
4.Ит арыстанға қандай жауап қайтарды.(мен үшін дүниедегі ең қайратты,әрі ақылды ол тек-адамзат)
Сұрақ –жауаптармен пысықтау,белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.    Сұрақтарға жауап береді.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 546 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақшад, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]