Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 19.11.2017
Главная » 2016 » Декабрь » 3 » Жасыл шырша балабақшадағы ашық сабақтар
17:32
Жасыл шырша балабақшадағы ашық сабақтар

Жасыл шырша

 

Ертенгіліктің мақсаты: 
Білімділік: Жаңа жыл туралы тақпақтарды айтқыза отырып, олардың өткен жыл мен келер жыл туралы білімдерін тиянақтау.
ДТәрбиелік: Ұқыптылыққа, тазалыққа, жауапкершілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты ұстауға тәрбиелеу.
Ертенгіліктің барысы: музыка залында ата-аналар, қонақтар жиналған зал қыс бейнесімен және де әдемі көрікті шыршамен әсемделген.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар ұстаздар сіздерді «Жаңа жыл, хош келдің» атты ертеңгімізді бастауға рұқсат етіңіздер.
Даламызға, қаламызға
Жаңа жыл кіріп келеді
Дабыл соғып қағыңыздар
Шашу шаттық себеді-
 «Жасыл шырша жанында».
Өленің жазған: Ә. Дүйсенбаев
Әнін жазған:Л. Хамиди
Жүргізуші: ал енді біздің құрметті қонағымыз жетіспейтін сияқты, ол кім екен балалар?
-Аяз ата мен Ақша қар!
-Дұрыс айтасыңдар Аяз ата мен Ақшақар екен. Қане, шақырайықшы Аяз ата, Ақшақар, Аяз ата, Ақшақар!
Аяз ата: Армысыңдар,қарақтарым,
Армысыңдар, құлындарым!?
 Жаңа жылды алып келдім,
Ақ шырақты жағып келдім!
Сендерге мына балаларым,
Тәтті сыйлық алып келдім!
Балаларым балғындарым жыл бойы тілегенім сендердің денсаулығың. Сәлеметсіңдер ме балалар! 
Балалар хормен: Сәлеметсіздер ме Аяз ата!
Жүргізуші: Аяз ата хош келдіңіз. Жоғары шығып төрлетіңіз. Біздің балалардың өнерің тамашалаңыз.
-Аяз ата біздің балапандардың сіздеге арналған тақпақтары бар екен айтуға рұқсат етіңіз.
Асемгуль : Боранмен буып белді,
Жаңа жыл тағы келді.
Берекесін ала келсін,
Нұрға бөлеп біздің елді.
Қымбат:Армысыздар халайық,
Бармысыздар халайық. 
Жаңа жылды жұп жазбай,
Бірге қарсы алайық.


Шухрад : Бар баланың қоңағы
Төрлет ата жоғары
Жұрттың бәрі атадай,
Қашан жомарт болады.
Азамат:
Жаңа жыл, жаңа жыл,
Сені күттім елендеп.
Өзіңменен ілесіп
Аяз ата келер деп.
Дильшат:
Жасыл шырша, қош келіпсің,
Сені күтіп жүрдік біз.
Көркейсін деп сенің жүзің,
Ойыншықтар ілдік біз.
Ақшақар:- Өте тамаша, балалар өнерлерін өрге жүзсің. Менің де, сендерге арналған өнерім бар.
Менің әсем ұлпаларым,
Маған ұшып келеді
Таң қалдырып өнеріне
Бәрі билеп береді.
«Ұлпақарлар биі»
- Өте тамаша! Биіңіз таңғажайып екен! 
Жүргізуші:Енді ортаға ескі жыл «жыланды»шақырайық .
Жылан: Амансыңдар ма, балалар! Жаңа жылмен барлығынды шын жүректен құттықтаймын! Жылқы жылы құтты болсын!
Жаңа жылда жаңа бақыт, жаңа нұр тілеймін!
Жүргізуші:Жаңа жылдық тойда біз
Көрсетейік өнер біз.
Тақпақ айтып, ән салсақ.
Риза болар, ескі жыл
Ән: « Ақшақар» .
Жүргізуші: Ескі жылмен қоштасайық.
Қош бол ескі жыл!
Ескі жыл: Балалар, мен сендерге ризамын сендер жыл бойы өте тәртіпті бала болдыңдар. Хош, сау болыңыздар.
Балалар: сау болыңыз ескі жыл.
Жүргізуші: Енді жаңа жылды ортаға шақырайық.
Балалар хормен:
 Жаңа жыл, келіңіз!2-3рет
Жаңа жылқы жылы: Жаңа жыл құтты болсың! Халқыма тыныштық, берекелі тату болар, құтты жыл мен боламын.

Аяз ата:
Қарақтарым,шырақтарым
Мен сендердің өнерлеріңді көрдім,әндеріңді тыңдадым, ал, енді мені басқа елдердің балалары да асыға күтуде.
Ақшақар:-Ата сыйлық Аққалада болған, балалар Аққаланы көрдіңдер ме?
-Жоқ!
Көңілді әуен есіктен « Қоян» кіреді.
Би:« Көжектер».
Есіктен арқаланып Аққала кіреді, қолында сыйлығы.
Аққала: Сәлеметсіздерма балалар, мына сыйлық толы дорбаны жолда тауып алдым. Сіздердін балабақшаның  мекен-жайы жазылып тұр екен.
Аққала балаларға сыйлығын береді.
Аяз ата:
-Дұрыс екен, ендеше біз жүре берейік. Сау болыңдар балалар!
-Сау болыңыз!(аяз атаны көңілді әуенмен шығарып салады)

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 493 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]