Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » 2016 » Ноябрь » 30 » Жабайы жануарлар балабақшадағы ашық сабақтар
17:26
Жабайы жануарлар балабақшадағы ашық сабақтар

Жабайы жануарлар

 

Бөлімі:           Сауат ашу
Тақырыбы:   Жабайы жануарлар
 Мақсаты:      Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту.Жазуға қолдарын жаттықтыру.
                         Жан-жануарларды қорғауға,оларға қамқор болуға тәрбиелеу.                      
Көрнекілігі:   Жабайы жануарлар суреттері.
Әрекект кезеңдері                  Тәрбиешінің іс-әрекеті    Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-
Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.
Қайырлы таң-көк аспан
Қайырлы таң-жер ана
Қайырлы таң-достарым
Қайырлы таң балалар
Сендерді көрсем қуанам
Бүгінгі тақырыпты хабарлау.    Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.

Ұйымдастырушылық
ізденушілік    Жабайы аңдарға нелер жатады?
Неліктен жабайы аңдар дейміз?
Жабайы аңдарды қайдан көруге болады?
Жұмбақ жасыру:

Өзі қу,жүрген жері айғай да шу.   (Түлкі)

Өзіне болған қорған-орман,
ішінде бар бір аң қорбаң-қорбаң       (Аю)

Балаларға жабай аңдардың қорегі туралы сұрақтар қою.Толықтырып түсіндіру.
Піл-ең үлкен жануар.Ол шөп,бұта сияқты өсімдіктермен қоректенеді.Керік ең биік жануар.Ол да өсімдіктермен қоректенеді.Тиін саңырауқұлақ,қарағайдың бүрінің дәнін қорек етеді.Ол жазда қысқы азығын жинап қояды.Жыртқыш аңдар өздерінен кіші,әлсіз жануарларды аулап жейді.Мысалы:Түлкі өте тісшіл аң.Қар астында тығылып жатқан тышқанды жылдам тауып,ұстап алады.Аю,қасқыр,қабылан жыртқыш аңдар.
Ә.Дүйсековтың «Піл» өлеңін оқу,бірнеше бала өлеңнің мазмұнын қалай түсінгенін баяндайды.
Піл әдісті біледі,
Тұмсығымен іледі.
Піл көтергіш кран!-деп
Бала біткен күледі.
Дәптермен жұмыс:
Ормандағы жабайы аңдардың тіршілігі туралы әңгімелеу.    Балалар қарайды,мұқият тыңдайды.

Балалар өз ойларынан әңгіме құрайды.

Өлеңді қайталап айтады.

Рефлексивті-түзетуші     Сұрақ-жауап әдісі арқылы алған білімдерін пысықтау.Балаларды мақтау,мадақтау.    Сұрақтарға жауап береді.

    Күтілген нәтиже:
 Біледі:               Жабайы жануарлардың  аттарын  біледі
 Білу  керек:      Жабайы   аңдар орманда  өз бетімен тіршілік етеді.
    Білуі  тиіс:       Жабайы  аңдар  адам  өміріне қауіпті

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 32 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]