Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 25.7.2017
Главная » 2016 » Декабрь » 3 » Жабайы аңдар балабақшадағы ашық сабақтар
17:17
Жабайы аңдар балабақшадағы ашық сабақтар

 Жабайы аңдар

 

Ұйымдастырылғаң іс- әрекет  технологиялық  карта
Күні, айы, жылы: 18.02.2014ж.
Білім  беру саласы:  Әлеуметтік  орта .Қатынас.
Ұйымдастырылған  оқу іс- әрекетінің  түрі: Қоршаған  орта
Тақырыбы: Жабайы аңдар
Мақсаты: Балаларға  жабайы аңдар жайында түсінік беру. 
Білімділік : Жабайы аңдардың тіршілігімен таныстыру, олардың қысқы өмірі жайында мағлұмат беру.
 Дамытушылық:жабайы аңдардың түрлерімен олардың бір-бірінен айырмашылықтарын ажыратуға үйрету.
 Тәрбиелік:табиғатты аялауға, аңдарға қамқор болуға тәрбиелеу
Қолданатын көрнекі құралдар:  слайд,суреттер ертегі кейіпкерлері.

Оқу іс- әрекетінің
кезеңдері    Педагогтің  іс-әрекеті    Баланың іс- әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық    Шаттық шеңбері:
Табиғатты қолдай біл
Аң құсын да қорғай жүр
Білуіміз керек оны біз
Бізде табиғаттың ұлымыз
Табиғат бөлек демеңіз
Сол үшін жауап беремі    Балалар тәрбишінің көркем сөздерін қайталай отырып, қимылдар жасайды.
Табиғаттқа деген сүйіспеншіліктерін білдіреді
Ұйымдастырушылық- ізденістік     Ең айлакер аң...(түлкі)
Ең қорқақ...(қоян)
Балды жақсы көретін ...(аю)
Аң патшасы....(арыстан)
Мысыққа ұқсайтын аң...(жолбарыс)
Ең ұзын мойын...(керік)
Қораға шабатын аң...(қасқыр)
Ең ірі жануар...(піл)
Үстінде тікенегі бар...(кірпі)

Балалар, табиғат дегеніміз не екен?
-Дұрыс айтасыңдар.Ол бізді қоршаған орта, табиғатсыз ешқандай тіршілік жоқ. Ол барлық тіршілік иелерінің ортақ үйі, табиғаттың бізге берер сыйы да көп. Олай болса бүгінгі осы табиғаттың тіршілік иелерінің бірі жабайы аңдармен танысамыз.
- Жабайы аңдар қайда мекендейді?

Ғажайып сәт:

-Балалар, бүгін бізге қонақ келді. Ол қонақтың кім екенін табу үшін, мен сіздерге жұмбақ жасырамын.
Қасқырдан да құтылды,
Аюдан да құтылды.
Ақыр соңында
Қу түлкіге тұтылды
Ол не?
- Дұрыс балалар, бауырсақ бізге алыс жолдан келген екен, ата-әжесінен адасып қалған соң, бізден көмек сұрай келіпті. Кәне көмектесеміз бе ?
- Бәріміз онда сол бауырсақпен еріп орманға барайық.
(сол кезде алдынан қоян шығады)
Қоян: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: - жемеші мені
Қоян: - сен онда менің тапсырмамды орында
Бауырсақ:- жарайды.
Қоян:- сендер маған мен туралы өлең айтсаңдар мен сендеді босатамын.
-          Кәне бауырсаққа көмектесеміз бе? Кім қоян туралы өлең біледі?
Балалар: ұзын құлақ сұр қоян
               Естіп қалып сыбдырды
               Ойлы-қырлы жерлермен
               Ытқып-ытқып жүгірді
               Қарап еді артына
               Қиығын сап көзінің
               Келе жатқан томпаңдап
               Көжегі екен өзінің
Қоян: - рахмет сендерге, бара қойыңдар.(бауырсақ әрі қарай жүре береді. Бір кезде алдынан қасқыр шығады)
Қасқыр: - бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: - жемеші мені қасқыр
Қасқыр: - онда менің сендерге қояр сұрағым бар.Егер орындасаңдар мен сендерді босатамын.
Бауырсақ:- жарайды.
Қасқыр:
 -Біздің Республикамыздың аты?

Біздін ұлтымыз қалай аталады?

-Біздін жеріміз қандай?

- Біз туған жерімізді отанымызды 
жақсы көремізбе?

Қасқыр: -жарайды бара қойыңдар.
(бауырсақтың алдынан аю шығады)
Аю:- бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: - жемеші мені аю
Аю : - онда менің сендер маған мен туралы бір сергіту жаттығуын жасап беріңдер. Егер орындасаңдар мен сендерді босатамын.

Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп,теріп алайық
Қалтамызға  салайық.
Аю:- рахмет балалар.

( бауырсақ домалап келіп, түлкіге кездеседі)
Түлкі :- ах, бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ: - жемеші мені.
Түлкі: - онда мен сендерге жұмбақ жасырамын. Шешуін тапсаң  мен сені босатамын.

Тауықтар қашып жасқанған,
Қулығы артық басқа аңнан  
  
 
Ұзын құлақ сұр қазық,
Жолға түсіп секеңдер
    (қоян)        
Басы тарақ ,арты орақ
    (әтеш )
Түлкі:- мен туралы жұмбақ білетіндерің мені қатты қуантты. Рахмет, бара қойыңдар.

Бауырсақ: - рахмет.
(бауырсақ келе жатып әжесін де тапты)
Әжесі бауырсақтан қалай келгенін сұрады.
- қане балалар бауырсақ қалай келді? Оның алдарынан нелер кездесті?
    - бізді қоршаған орта

- Орманда

-(Бауырсақ)

-көмектесеміз.

-Балалар өлен жолдарын қимыл қозғалыс арқылы жасайды.

-Қазақстан
-қазақ 
-Кең, байтақ
-жақсы көреміз 

-Балалар өлен жолдарын қимыл қозғалыспен жасайды.

-(түлкі)

-(қоян)

-(тауық)
- қоян, қасқыр, түлкі, аю

Рефлексиялық - түзетушілік    
1. Қандай аңдарды білесіңдер?
2. Қоян қандай аң?
3. Аңдар қайда мекендейді?
4. Түлкі қандай аң?
5. Қоянның түсі қыста қандай болады.?
6. Қыс бойы аю қайда болады?

Бағалау.
Біздің топта ұл-қыздар
Тату-тәтті ойнаймыз
Әлемдегі бар адамға
Тек жақсылық ойлаймыз.         
    
-Қорқақ
-орманда
-қу,айлакер
-апанында

Күтілетің  нәтиже:
біледі:  Балалар жабайы аңдар жайында мәліметтер біледі.
игерді: жабайы аңдармен және олардың тіршілігімен танысты. 
меңгереді : жабайы жануарлардың жыртқыш аңдар екенін білді. Олардың үй жануарлардан   айырмашылықтарын білді.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 355 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]