Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 19.11.2017
Главная » 2016 » Декабрь » 3 » Вагон сүйреген паровоз балабақшадағы ашық сабақтар
17:28
Вагон сүйреген паровоз балабақшадағы ашық сабақтар

Вагон сүйреген паровоз

 


Ұйымдастырылған оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы № 4

Тобы:«Балапан»   I-кіші  
Тәрбиеші: Тлюупова Ұлдай Ерғалиқызы 
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Бөлімі: Жапсыру
Тақырыбы: «Вагон сүйреген паровоз»
Мақсаты:
а) Көлік түрлерімен таныстыру,2-5бөліктен тұратын түрлі зат бөліктерін орналастыруға үйрету.
ә)Тілдерін дамыту. Саусақтың ұсақ бұлшық еттерінің қозғалысын жетілдіру.
б)Төзімділікке  тәрбиелеу.
Алдын- ала жүргізілетін жұмыс: балаларды пойыз,вагон,паравоздың суреттерін тамашалату.
Әдіс- тәсілдері: Түсіндіру,көрсету,сұрақ-жауап,сергіту сәті.
Қажетті көрнекі құралдар: үлестірмелі материалдар,пойыздың және рельстің суреттері,магнитті тақта,түрлі пішіндер.
Билингвалдық компоненті: пойыз-поезд,түрлі пішіндер-разные фигуры,қызыл-красный, көк-синий.
Іс -әрекет кезеңдері    Тәрбиешінің іс- әрекеті    Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- қозғаушы     Шаттық шеңбері.
Бейбіт өмір-тілегіміз,
Бауырымалдық салтымыз.
Қамқорымыз,тірегіміз-
Ынтымақты халқымыз.
                                (С.Ғалымұлы)    Балалар шеңбері жасап тұрады. Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.
Іздену- ұйымдастырушы    Ойын жағдаяты:
-Балалар,пойызға отырып,серуендеп қайтсақ қайтеді?
Балалар тізбектеп тұрғызу. 
Алғашқы бала -пойыз,қалғандары вагондар болады.
-Балалар,біз стансыға келдік. 
Дидактикалық ойын:«Көлікті ата!»
Шарты: балаларға пойыздың,жеңіл машинаның,жүк көліктерінің суреттерін көрсетеді. Аттарын атайды. 

Үлестірмелі материалға назарларын аударту.
Әңгіме жүргізу.
-пойызбен алыс жерлерге қонаққа барады,саяхатқа шығады.
Пойыз қозғалыс кезінде «дүк-дүк-дүк» деген дыбыс шығарады.
Балалар тақтаға қарайықшы,тақтада рельстің суреті ілініп тұр. 
-Мынау-паровоз.
-Мынау-вагондар.
-Пойыз қандай түсті?
-Мынау қандай пішін?
-Бірінші вагонның түсі қандай?
-Терезелердің түсі қандай?
-Екінші вагонның түсі қандай?
-Терезелердің түсі қандай?

-Вагондардың доңғалағы қандай?
Тік төртбұрышқа дөңгелектер қойылады. 
-Бұл –вагон доңғалағы,онсыз пойыз жүре алмайды.
-Ал,балалар,бәріміз пойыз жасайық.
-Паровозға вагондарды жалғаймыз. Балалар топ-топқа бөлінеді.
Дайын пішіндерді жалғап көрсету, алдымен паровозды,содан кейін вагондарды жалғаймыз.
Балалармен жеке жұмыс жүргізіледі.

Компазиция құрған кезде оған Күн мен бұлттардың пішінін де енгізеді. 
-Біз жастағы пойыз сиқырлы,сондықтан жасаған пойызымызға отырып,балабақшаға барайық.  

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!
Менің атым-Азамат.
Маған үй салуға көмектесіңдерші.
Тәрбиеші:
-Үй салмас бұрын пішіндерді  ажыратып алайық.
Тәрбиеші  балаларға түрлі пішіндерді таратады.
Дидактикалық ойын:
«Пішіндерді ажырат».
-Мынау-кішкентай төртбұрыш.
-Мынау-үлкен төртбұрыш.
-Мынау-үшбұрыш.

Үлестірмелі материалға назарларын аударады.
-Кішкентай төртбұрыштың түсі қандай?
-Үлкен төртбұрыштың түсі қандай?
-Үшбұрыштың түсі қандай?
-Енді үй саламыз.
Тәрбиеші магнитті тақтаның ортасына үлкен  төртбұрышты қояды.
Билингвалдық компанент:пойыз-поезд,түрлі пішіндер-разные фигуры, қызыл-красный, көк-синий.    Балалар тізбектеліп тұрып,топ ішін айналып жүреді,«стансыға» келіп тоқтайды.

 

Балалар тәрбиешімен бірге қайталап айтады. 

Балалар суретке қарап, жауап береді:

-Қызыл.
-Төртбұрыш.
-Көк.
-Жасыл.
-Көк.
-Сары және қызыл.

-дөңгелек. 

Балалар өз бетінше пойыз «вагондарын» жалғайды. Балалар композиция құрайды.
Балалар пойызға отырып,қайтадан балабақшаға келеді.

Қайталайды: Менің үйім-мой дом, құрылысшы-строитель, ойыншықтар-игрушки, терезе-окно,төбесі-чердак,пішіндер-фигуры.

-Үшбұрыш.

Балалар үй салуға ынталарын білдіріп, тәрбиешімен бірге құрастырады. 

Балалар үйді құрастырып шығады.

Қайталайды:пойыз-поезд,түрлі пішіндер-разные фигуры, қызыл-красный, көк-синий.
        
Рефлексивті коррекциалаушы    -Балалар біз қандай көлікке отырдық? 
-«Пойызбен» жүру сендерге ұнады ма?
-Қандай көлік түрлерін білдіңдер?
    Балалардың жауабы.
-Пойызға.
-Ұнайды.
-Жеңіл көлік.
Жүк көлігі.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:геометриялық пішіндерден пойызды жасайды. 
Қандай түсініктерді игереді: көліктің әрқилы түрлері болатынын .
Меңгерген дағдылар мен іскерліктері:дайын фигураларды ретімен жинайды

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 460 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]