Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 19.11.2017
Главная » 2016 » Декабрь » 3 » Ұннан жасалатын тағамдар балабақшадағы ертеңгіліктер
16:31
Ұннан жасалатын тағамдар балабақшадағы ертеңгіліктер

Ұннан  жасалатын  тағамдар

 

Білім беру саласы: Шығармашылық.
Ұйымдастырылған ашық  оқу іс-әрекет: Мүсіндеу.
Тақырыбы:  Ұннан  жасалатын  тағамдар.
Мақсаты.
Білімділік: Балаларға  ұннан жасалатын тағамдар  жайында қарапайым түсініктер беру, нанның  қайдан  шығатыны жайындағы  ұғымдарын  тиянақтау.
Дамытушылық: Ұннан  жасалған тағамдарды  мүсіндеу, іскерлік-дағдыларын  қалыптастыру. 
Тәрбиелік: Асты  қадірлеуге  тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Ұннан жасалатын  тағамдардың  суреттері.( Муляждар) үлгі.  Отбасы мазмұнды суреті.Мүсіндеуге  қажетті  құралдар.
 Әдіс-тәсілдер: сурет бойынша әңгіме құрау,көрнекілік   ,түсіндіру, жасалу жолдарын көрсету,есу,жалпақтау, домалақтау т.б.
Сөздік жұмыс: Ұлттық  тағамдар атаулары және көркем шығармалар  мазмұнында кездесетін кейбір сөздер.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар: сурет көрсетіп әңгімелеу.Көркем  шығарма  оқу.
Сабақтың  барысы: Тәрбиеші  сабақты «Отбасы» суретін әңгімелеуден бастап, дастархандағы тағамдармен  байланыстырып,- «Нан қайдан шығады?» ертегісін еске түсіріп қайталайды (қанша кейіпкер,тек аттарын атап өту) . Наның көп еңбекпен келетін  түсінген боларсыңдар. Біз де бүгін еңбектеніп, ұннан жасалатын тағамдарды мүсіндеп үйренейік. Ол үшін, маған  ұннан қандай тағамдар жасалатынын алдымен айтып беріңдерші .Балалар : нан, бауырсақ, шелпек,таба нан,жайма  нан деп атап береді. Олардың пішіндер қандай болады? Дөңгелек,сопақша,тік төртбұрышты (кірпіш тәрізді ) . Нанды жерге  тастауға болмайды! Нан  салатын  ыдысты жасау, әдіс-тәсілдерді еске түсіру. Кім қандай нан жасағасы келеді? ( әр бала ойланады, бірнеше баладан сұрайды) . Таба нанды қалай жасауға болады?  
-ермексаздан кесек бір бөлікті алып алақан арасына салып домалақтап, оны басып, жаншу арқылы жалпақтау, ортасына бас бармақпен айналдыра басып ішіне қарай батыру, таяқшамен шұқып бедер түсіру;
-бауырсақты домалақтап және жалпақтап алып кесіп, қиықша бауырсақ жасау;
-шелпекті-домалақтап алып бастыру, жалпақтау;
-балаларға әдіс-тәсілдерді еске түсірген соң өздері қалауы бойынша тағамдарды жасауға кірсіуге нұсқау беріледі;
-жұмыс барысында бақылау жасалып, жеке нұсқау беріліп, кейбір балаларға көмектесуге болады.
-еңбек нәтижесіне талдау жасалады.
Дайын болған жұмыстар «нан дүкеніне» қойылып сюжетті ролдік ойынға ұласады. Ә.Табылдиевтің «дақылдар жыры» өлеңі  оқып беріледі.
Бидай:                                   Нан анасы-бидаймын
Нанды елге -сыйлаймын
Піскенімде мен қырда
Қауызыма сыймаймын.

 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ертеңгіліктер | Просмотров: 236 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, ертеңгіліктер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]