Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 22.9.2017
Главная » 2016 » Декабрь » 1 » Үй жануарлары балабақшадағы ашық сабақтар
18:27
Үй жануарлары балабақшадағы ашық сабақтар

Үй жануарлары

 

Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімнің аты: Тіл дамыту
Сабақтың тақырыбы:  Үй жануарлары
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: Үй жануарларының тіршілігі туралы баяндап, балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру.
Тәрбиелік: Үй жануарларына қамқор болуға, оларды күте білуге және қорғауға тәрбиелеу.
Дамытушылық:  Үй жануарларының әрқайсысының өзіне тән қасиеттері туралы пікірлерін айтқызу арқылы кез келген тақырып бойынша ойларын еркін жеткізе білуге баулу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
 Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, түсіндіру, көрнекілік, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар
Пәнаралық байланыс:  Көркем әдебиет

Іс -әрекет кезеңдері    Мұғалімнің іс әрекеті    Балалардың іс әрекеті
Мотивациялық қозғаушылық    І.Ұйымдастыру кезеңі:
1) Оқушылардың оку-құралдарын түгендеу.
2) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
-Қайырлы күн балалар! 
-Қазір бізде «Тіл дамыту» сабағы. 
- «Тіл дамыту» сабағынан суретке қарап әңгіме құрастырамыз, жануарлармен, құстармен танысамыз, ертегілерді тыңдаймыз т.б. 
-Балалар, мына өлең шумақтары жылдың қай мезгіліне арналған тыңдайықшы:
Күзім-ау, күзім-ау,
Мінезің қызық-ау
Жаңбырың сіркіреп, 
Келгенің қызық-ау
-Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
-Күз мезгілінде қандай ерекшеліктер бар?

-Күздің қай айы? 
- Дұрыс айтасыңдар, қараша айы екен.
ІІ. Өтілген сабақты қайталап, еске түсіру.
- Ендеше өткен сабағымызды еске түсірейік . Өткен сабақта «Жемістер» тақырыбын өткен болатынбыз. 
Қазір «Ойлан тап!» ойынын ойнаймыз. 
Мақсаты: жемістер мен көкністерді сипаттау арқылы атын тапқыздыру,  ажырата білуге үйрету ойлау қабілетін дамыту, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Шарты: Балалар суретке қарап жемістерді бақта, көкністердің бақшада өсетінін ажыратып табады. 
 -Сәлеметсіз бе апай!

-Күз айы
-Күн суытады, жаңбыр жауады, жапырақтар сарғаяды, құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
-Қараша айы

-Жемістер

-Балалар белседілік танытады.

Ұйымдастыру -ізденушілік    ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту.
-Балалар, мына суреттерден нелерді көріп тұрсыңдар?
 -Ия, дұрыс айтасыңдар бұлар жануарлар мен құстар, яғни бұларды үй жануарлары және үй құстары деп атайды. Олай болса, біз бүгінгі сабағымызда 
«Үй жануарларымен» танысамыз. 
-Үй жануарларына қандай жануарлар жатады? Білесіңдер ме? 

-Дұрыс айтасыңдар, бұл жануарларды төрт-түліктер деп те атайды?
-Олай болса. қазір үнтаспадан шыққан дыбыстың қай үй жануарының даусына ұқсайтынын табайықшы. 
Барлығымыз тыңдайық. 
-Қай жануардың дауысы?
-Сиыр. Сиырдың төлі, баласы қалай аталады?
-Сиыр төрт түліктің бірі.Сүті, еті, терісі бағалы. Сүтінен май, айран, құрт,қаймақ , етінен тағам түрлері, терісінен түрлі бұйымдар жасалады. Жайылымда жайылады. Төлін-бұзау деп атайды.
-Мына дауыс қай жануардікі?
-Жылқы. Жылқының баласын қалай атайды?
-Жылқы салт міну, жүк тасуға, ет пен қымыз өндіру мақсатында өсірілетін төрт түліктің бірі. Өте бағалы. Ата-бабамыз аса құрметпен баптап өсірген. Таза су ішеді, жайылымды талғай біледі. Төлін-құлын, құлыншақ дейді. Жылқының етінен  қазы-қарта жасайды. 
-Қай жануардың дауысы деп ойлайсың?
-Қой. Қойдың төлін қалай атаймыз?
-Қозы. Қой төрт түлік малдың бір түрі. Еті, жүні терісі бағалы. Салмағы 20 кг шамасында. Жүні 3-7 кг-ға дейін болады. Төлі-қозы. 500-600 қойды отар деп атайды. 
-Мына дауыс қай жануардікі?
-Ешкі. Ешкіні де қоймен бірге бағады. Ешкінің төлін лақ деп атайды. Ешкінің жүнінен түрлі киімдер тігеді.
-Мынау қай жануардың дауысы?
-Түйе. Түйе шөл керуені. 10 күнге дейін су ішпейді. Сүтінен шұбат алынады.Оның емдік қасиеті ерекше. Жүнінің жылуы өте ерекші. Төлі – бота.
-Мынау ненің дауысы?
-Дұрыс айтасыңдар, иттің. Итті де үйде тіршілік ететін жануарға жатқызуға болады. Ит-адамға дос. Осы үй жануарларын өсіруге, қорғауға иттің көп көмегі бар. 
-Енді бұларды қалай күтіп-баптаймыз?
-Дұрыс, таза су береміз,  жем, шөпті уақытылы беріп тұру керек. Қорасы таза, жылы болуы керек. Түрлі ауруларға қарсы тиісті екпелерін жасатып тұру керек. 
Сергіту сәті
-«Маша және аю» физминутка 
-Әліппе-дәптермен жұмыс
-Суреттерді сәкестендір  
    -Жылқы, бұзау, тауық, үйрек, қой.

-Ия, қой, ешкі, сиыр, жылқы, түйе.

-Сиыр

-Бұзау деп аталды.

-Жылқы
-Құлын

-Қой
Қозы
Ешкі
Түйе
-Ит

Жем, шөп береміз. Су береміз. 

-Балалар қимылмен орындайды.

-Балалар өз беттерімен жұмыс жасайды.

Кері байланыстылық-
түзетушілік
    Сабақты қорытындылау:
«Үй жануарлары» дидактикалық ойыны.
Мақсаты: балаларды үй жануарлары мен төлдерін ажыратуға, олардың қимылын көрсетіп, қалай дыбыстайтынын дыбыстауға үйрету.
Шарты: Балаларға үй жануарларының суреттері таратылып беріледі. Әр бала сурет бойынша үй жануары туралы білетінін немесе өз ойын, пікірін баяндайды дыбысын салып береді.
Балалар белсенділік танытады.

Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:  Үй жануарлары туралы  жалпы түсінік алады. Олардың  қасиеттері мен дыбыстарын ажыратады 
Қандай түсініктерді  игерді:  Қай жануардан қандай пайдалы өнім өндірілетінін түсінді 
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Үй жануарлары туралы ойларын еркін жеткізуге дағдыланады. Жануарларды дауысынан ажыратады және өздері дыбыстай алады. 

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы ашық сабақтар | Просмотров: 273 | Добавил: oldtraford7 | Теги: балабақша, Ашық сабақтар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]