Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » 2016 » Ноябрь » 27 » Ұйым-н ойын қызметінің саны балабақшадағы жобалар
20:00
Ұйым-н ойын қызметінің саны балабақшадағы жобалар

Ұйым-н ойын қызметінің саны

 

Вариативтік компонент: «Ойна да, ойла»
дамыту ойындар жоспары: 

№    
Тақырыбы:     Ұйым-н ойын қызметінің саны
1    «Ақ сүйек»    1
2    «Тақия тастамақ»    1
3    «Ақ серек, көк серек»    1
4    «Хан талапай»    1
5    «Соқыр теке»    1
6    «Заттар әлеміне саяхат»    1
7    «Біздің көмекшілеріміз»    1
8    «Тышқан мен мысық»    1
9    «Сыр»    1
10    «Шіріген алма»    1
11    «Біз көңілді балалармыз...»    1
12    «Заттар - өздері туралы не айтады?»    1
13    «Заттарды дыбысынан таны»    1
14    «Сөзді есіңе сақта»    1
15    «Кім солай сөйлейді»    1
16    «Бес санына шапалақта»    1
17    «Кім сені шақырды , тап»    1
18    «Пішіндерді боя»    1
19    «Күн  мен  жаңбыр»    1
20    «Отбасы»    1

21    «Зейінді бол»    1
22    «Кім дауысын шығармай күле алады?»    1
23    «Телеграф»    1
24    «Екінші қолымда қанша?»    1
25    «Аңдарды  қоректендір»    1
26    «Кім зейінді»    1
27    «Не жедім , тауып ал?»    1
28    «Допқа тигіз»    1
29    «Өз  үйіңді тап»    1
30    «Аққу – қаздар»    1
31    «Көршілер»    1
32    «Қай қолымда көп»    1
33    «Доппен ойнау»    1
34    «Қуыршақтардың сыйлықтары»    1
35    «Суретші қай жерде қателесті?»    1
36    «Бағдаршам»    1

Түсінік хат

«Ойын - өмір мектебі». 
«Балаға керегі- ойын». 
Ойында бала көрген – білгенін екшейді, 
үйренгенін нығайтып бекітеді. 

Нәзипа Құлжанова

  Мектепке дейінгі тәрбие - барлық  тәрбиенің бастамасы. Ал, баланың  жан - жақты дамуы үшін ойынның  рөлі ерекше.  Ойын  барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп,  жауапкершілігі  артады. Ойын - өсіп келе жатқан бала организмінің  қажеті. Ойында баланың дене күші артады,  қолы қатайып,  денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып, жетіле түседі.     
 Қай бала болмасын ойынмен өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен  байланысты. Баланың өмірге қадам басардағы  алғашқы қимыл – әрекеті  - ойын. Қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқандай баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойынның бірнеше түрлері бар. Олар: қимылды ойындар, дидактикалық ойындар,  рөлдік – сюжеттік ойындар, ұлттық ойындар, топтық ойындар,  логикалық ойындар,  дамытушы ойындар т.б.
Қимылды ойындар балалардың жан-жақты өсіп жетілуінде үлкен рөл атқарады. Ойын баланың секіру, 
лақтыру, қағып алу іскерліктерін дамытады.  Қимылдарды орындау, батылдық, шапшаңдыққа, ептілік, тапқырлық, сенімділік сезімін күшейтеді және ұжымда өзінің тиісті орын алуға көмектеседі. 
Дидактикалық ойындар балалардың  ақыл – ойының, сезім қиялының қалыптасуына, қызметіне қарай заттардың топтасуына, заттарды өсу, кему ретімен орналастыруға, зейін қоя білуге, есте сақтау, байқағыштық қабілеттері дами түседі. 
Дамытушы ойындар балалардың логикалық ойлау қабілеттерін арттырады. Бала саналы , мәдениетті, адамгершілігі  мол болып, жан – жақты дамуы үшін және  тілін, сөз байлығын дамыту , айналадағы өмір құбылысын меңгеру  үшін  дамытушы ойындар  үлкен  рөл атқарады.
  Міне, осы оқулықтың кіріспесінен әртүрлі қимыл – қозғалыс,  дидактикалық т.б ойындарға қажетті  ойын материалын дұрыс таңдап, оны  іс – тәжірибеде қолдануларыңызға тілектеспін.   
 1 «Ақ сүйек»
Тәрбиелік мәні: Бұл ойын балалардың  шапшаңдық, күштілік, тапқырлық, ойлай білу қабілеттерінің  жетілуіне көмектеседі. 
Ойын ережесі:  Ойынды басқарушының  белгісін мұқият қарап тұру, сүйекті жасырғанда сығалап қарап тұруға болмайды.  Ойын барысында  күш қолдануға  болмайды. Сүйекті іздегенде  бір – біріне  кедергі жасамау, ұсталған ойыншы  сүйекті қарсыласына  беруге міндетті. 
Ойын барысы:  Тәрбиеші ұлттық сипаттағы ойынды балаларға таныстырады. Бұл ойын жаздың айлы түнінде  ойнайтын қазақтың ұлттық ойыны.  Бірақ біз бұл ойынды  күндіз ашық аспан астында  ойнайтын боламыз. Ойынға ұзақ  уақыт күн көзінде жатып әбден кепкен сүйек немесе оның орнына ұстауға ыңғайлы тегіс ақ таяқша пайдаланылады. Ойынның бірнеше нұсқасы бар. Қазір сендер екі топқа бөлінесіңдер және мен қолымдағы  ақ  сүйекті бір жерге жасырамын ал, сендер сығалап қарамайсыңдар. Тәрбиеші балаларға  іздеп табуға ыңғайлы  жерге сүйекті  жасырады да балаларға іздеуге белгі береді. Балалар сүйекті іздеуге кіріседі.  Тапқан топ: «Ақ сүйек! Ақ сүйек!» деп тапқан сүйекті  тәрбиешіге апарып береді.  Ойынның тағы бір нұсқасы екі топтың ішінен бір бала таңдалып алынады, ортаға барлық балалар теріс қарап тұрып, сүйекті  бар күшімен  алысқа лақтырады. Содан кейін балалар сүйекті іздеуге кіріседі. Тапқан бала «Ақ сүйек! Ақ сүйек!» деп алдын ала белгіленген мәреге жүгіре жөнеледі. Қарсыластары қуып жетіп, қолы тиіп үлгергенше келесі ойыншыға ақ сүйекті лақтырып үлгіруге немесе қолындағы сүйекті беруге міндетті. 

Осылай ақ сүйекті  бір – біріне лақтырып, қол жалғап, мәреге 
жеткізген топ жеңімпаз атанып, лақтыру кезеңіне ие болады. 

2 «Тақия тастамақ»
Тәрбиелік мәні: Бұл ойын балаларды  жылдамдыққа, сезгіштікке, сақтыққа дер кезінде тығырықтан шыға білуге үйретеді. 
Ойын ережесі:  Ойын кезінде ойын ережелерін бұзбау.  Тақия тастағанда көзді жұмып отыру керек, қарауға болмайды. Итеруге күш көрсетуге болмайды. Ал, егер бала орнынан тұрмай ұсталса немесе тақияның өзінде екенін сезбеген жағдайда, айыбы ретінде өз өнерін көрсетеді.  
Ойын барысы:  Тәрбиеші ұлттықойын мазмұнымен таныстырады.  Балалар дөңгеленіп шеңбер құрып отырады. Балалардың арасынан бір бала таңдалады да  қалғандары көздерін жұмып отырулары тиіс.
 Ойым бар бір ойын бастамақ,
Аты оның - "Тақия тастамақ".
Шеңбер боп отыра қалыңдар,
Ым қағып жүрмесін қас-қабақ.
Ақырын аспаймын, саспаймын,
Шеңберді айнала бастаймын.
Біріңнің тұсына жеткенде,
Сездірмей тақия тастаймын.
Қайтадан келгенше оралып,
Түк сезбей отырсаң омалып.
Арқаңды осқылап қуамын,
Маубасқа керегі сол анық, -
 Таңдалған бала дөңгеленіп отырған балалар сыртымен ақырын 

жүріп, бір баланың артына тақияны білдірмей тастап кетеді. Тәрбиеші белгісінен кейін балалар көздерін ашады. Жан – жағына жылдам қарап, тақияның өзінде екенін білсе, сезсе жылдам орнынан тұруы керек.  Егер орнынан жылдам тұра алмаса онда өз өнерін көрсетеді: тақпақ, жұмбақ, өлең, би т.б. және де орнынан тез тұрып үлгірген балаға ұлттық ою – өрнек беріледі. Көп ою жинаған бала жеңімпаз атанады. Бұл ойынның тағы бір нұсқасы бар. Тақияны өзінде екенін сезген бала  тақияны тастаған жүргізушіні қуып жетуі керек. Ал, жүргізуші қуған баланың орнына отыруға тырысады. Егер бала жүргізушіні ұстай алмаса айыбын өтейді.  Ал, қуып жетіп алса, ойынға жүргізуші сол бала болады. 

3 «Ақ серек, көк серек»
Ойын мақсаты:  Бұл ойыда балалардың  шапшаңдық, күштілік, күш жігерлері, ойлай білу қабілеттерінің  жетілуіне көмектеседі. 
Ойын ережесі: ойыншылар екі топқа бөлінеді.  Ойында ұлдар, қыздар аралас ойнай береді және жеребе тастау арқылы ойынды бастайды.жеребе бойынша жасырынған қолдағы затты кім тапса сол топ бірінші болып ойынды бастайды. 
Ойын барысы:  Бұл ойынға қатысушылар аттасу, ат жасыру арқылыекі топқа бөлінеді.  Ашық алаңда ұл – қыз аралас ойнай береді. Аралары 50-60 метр қашықтықта екі топ қарама – қарсы тұрады.  Екі жақ қолға түсетіндер үшін арнайы шеңбер сызып қояды.  Ойын жеребе бойынша басталады ойын бастайтын жақтың басшысы:

-    Ақ серек, көк серек, 
Бізден сізге кім керек? – деп сұрайды. Ал, оған қарсы жақ:
-    Ай керек- ау, ай керек, 
Айдың жүзі дөңгелек. 
Ақ серек пен көк серек, 
Шауып алдым бәйтерек.
 Сонау тұрған Ажардың өзі керек,- деп қарсы жақтың бір ойыншысының атын атайды. Сонымен аты атлған бала келгенде, қарсы жақтың ойыншылары түгел қолдарынан созып, алақандарын жайып тұруға  тиіс. Келген ойыншы қатардың алдынан кесіп өтіп, өзі ұратын адамды таңдайды. Топтың алдын үштен артық кесіп өтуге болмайды, егер үш рет өткенде де ешкімнің алақанына ұрмаса, ол ойыншының өзі «Қолға түседі» ойыншы өзін қуып жете алмайды - ау  деген біреуді ұра сап, қашады. Жеткізбей өз қатарына қосылса,  қуған ойыншы «Қолға түскендер» шеңберіне барып қосылады. Егер қуған бала қуып жетсе, қашқан ойыншы «Ұсталады». Сөйтіп, қай жақ көп қолға түсірсе, сол жақ жеңеді. 

4  «Хан талапай»
Мақсаты:  балаларды жылдамдыққа, шапшаңдыққа баулы. Ойынға қызығушылығын арттыру, қимыл – қозғалысын дамыту. 
Ойын шарты: ойынға 5-10 бала қатыса алады, ойында асық көп болу керек. Ойын шартын бұзбай ойнау керек. 
Ойын барысы: ойынға 5-10 балаға дейін қатыса алады.  Асық көп болу керек.  Көп асықтың ішінен үлкенірек біреу таңдап 

аланып қызыл түске боялады. Осы асық «хан» болады.
Санамақ арқылы ойын бастаушысы анықталады.  Бастаушы барлық асықты уысына алып, балалардың алдына шашып тастайды. Сендер «Ханның» қалай түскенін байқап отырыңдар. Егер, «Хан» бүк, шік, тәйке түссе ойын бастаушы бала «ханның» түсуіне қарай жақын жатқан асықтарды бас бармақтың көмегі арқылы сұқ саусағымен итере – ыршытып бір – бірін дәлдей отырып тигізеді. Тигізген асықтарды өзіне алады.
5 «Соқыр теке»
Тәрбиелік мәні: Бұл ойыда баланың  тапқырлығы, жылдамдығы, адалдығы шыңдалады. Баланың ойлау қабілетінің жетілуіне көмектеседі, дамиды
Ойын ережесі: балалар шеңбер құрып тұрады, ортаға бір бала шығады, ортағы шыққан баланың көзі орамалмен толықтай жабылады. Баланы соқыр ткек әнін айтып ортаға жібереді. Бала жұмулы тұрған көзін ашпауы керек. 
Ойын барысы: Ойнайтын  балалар қатар – қатар тұрады. 
Бұзау, бота, құлыншақ
Тоқты, серке, торпақ
Тана, тай, тайлақ
Құнан, дөнен бесті бар,
Малдың жасын айыра біл
Естіп ал!
Бұқа, айғыр, қошқар, теке бар
Сүзегенсің , тентек теке, жеке қал
Көзін байла, теке – теке «Бақ - бақ»
Соқыр теке қайдан бізді таппақ.

Ойын басқарушы  қатар тұрғандардың әрқайсысын жоғары көрсетілгендей мал атымен атап шығады.  Ең соңғы аталған бала «Тентек теке» болады.  Ойын кең үйде де, далада да ойналады. Оны жаңа жылда, жиындарда маска киіп те ойнауға болады. «Соқыр теке» ойыны далада ойналғанда дөңгелек сызықтан шықпау керек. Ойын басқарушы ортаға көзі таңылған «Тентек текені» шығарады. Содан кейін балалар:
Соқыр теке бақ – бақ,
Біз айтамыз тақпақ
Мықты болсан тауып  көр,
                             Бізді қайдан таппақ, - деген өлеңдерді бәрі қосыла айтады. Өлең  айтылып болысымен, шеңбердің ортасында қалған «Соқыр теке» балаларды ұстауға ұмтылады. Бірақ бұл кезде ойнаушылардың шеңберден шығып кетпеуі қатты қадағаланады. «Соқыр текені»  ұстаған бала оның орнына тұрады. Осылайшы ойын қайталанып, қайта ойналады.

6 «Заттар әлеміне саяхат»
Ойын мақсаты: топ бөлмесіндегі көптеген әр – түрлі заттарға балалардың назарын аудару. Олардың нақты атаулары мен қасиеттерін балалар біледі ме, жоқ па соны тексеру. Балаларға түрлі жағдайларда және күнделікті өмірде оларды дұрыс пайдалануға дамыту. 
Ойын ережесі: Үлкен саяхатшының нұсқауларын орындау. Заттарды көрсете білу және барлығын көрінетіндей, естілетіндей етіп атын атау. Заттардың ерекшелігі 

10
жөнінде және оны қолдану ережесін айту. Қиналған кезде бір – біріне көмектесу.
Ойын барысы: біз саяхатшылармыз, «Запттар әлеміне» барамыз. Қараймыз, біздің бөлмемізде қандай жиһаздар бар екен. Қалай аталады, ол не үшін? Танысамыз жиһаздың бір түрінен басқа бір түрін немен ажыратамыз?  Саяхатымызды мына жерден бастайық. Заттар әлеміне келгендей боламыз. Саяхатшылар дайындалыңдар! Кеттік!
Мынау не?
Неліктен заттар әлемінде кішкентай орындық? Кім мында тұрады?
Балалар: «Заттар әлемінде» кішкентай балалар тұрады. 
Тәрбиеші: Саяхатшылар сендер орындық екенін қайдан білдіңдер? Балалар орындықты алып, жақсылап қараңдар. Орындықта не бар?
Балалар: орындықты қарайды және оның негізгі бөліктерін белгілейді (төрт аяғы, арқалығы, отыратын тақтайшасы)
Тәрбиеші: Саяхатшылар дұрыс жауап бердіңдер. Ал, сендер қалай ойлайсыңдар: орындықтар сөйлейме, қуана ма, шағымдана ала ма?  Қалайша? Қазір білеміз! Әр біреуі бір – бір орындықтан алып, бөлменің басқа бір бөлігіне апарып оған отырады.  Балалар орындықты әр түрлі тасиды: біреуі тиянақты арқалығынан ұстаса, енді біреуі сүйреп, біреуі тарсылдатып қойып, құлап сүрініп отырып, басқалары тиянақты отырып, ары қарай не боларын асыға күтуде. Міне, орындықтар өздері туралы және сендер туралы айтып берді. Біреулер балалардың дұрыс тиянақты, ұқыпты, тарсылдатпай, сүйретпей қойғанына қуанса, енді біреулері осы жасаған қылықтарына ашуланды. Орындықтарды енді 

ренжітпейік және ұқыпты қолдана білейік. Осылайша басқа заттардың да сырын ашып ойнауға болады. 

7  «Біздің көмекшілеріміз»
Дидактикалық тапсырма: Заттарды танып білуге, көздің көмектесетініне балалардың назарын аудару қажет. Көз олардың көмекшілері, оларға көзді сақтай білуге үйрету.
Ойын ережесі: ойын шарты бойынша  заттарды қарау және табу. «Ғажайып қоржыннан» ойыншықтар алу, оған қарап не екенін, қандай түс екенін айту.  Көру түйсігін  пайдаланбай  басқа ойыншықты алып, түсі қандай екенін айту. Суретте не салынғанын көру және айту. 
Ойын барысы: Балалар шеңбер құрып отырады. «бүгін біз ойнаймыз  және де адамның қандай көмекшілері бар екенін білеміз, біздің бәріміздің сондай көмекшілеріміз бар. Кімдер екен олар?» «Ғажайып қоржыннан» тәрбиешінің ұсынысы бойынша балалар кезекпен ойыншықтар алады.  Оған қарап, әр бала ол қандай ойыншық, түсі қандай екенін айтады. Кейін тәрбиеші суретті көрсетіп, кім немесе не бейнеленгенін балалардан сұрайды. Әрине, балалар жабулы көзбен бұл сұраққа жауап бере алмайды. Тәрбиешінің ұсынысы бойынша балалардың біреуі жүзудің, ұшақтың ұшуын, би қимылымен көрсетеді. Осындай қимылдарды , басқа тәртіппен білуі керек. Осы барлық қимылдардың кей біреуі балалардың көруі арқылы жеңіл танылады, көз жабулы болса тану мүмкін емес екендігін балалар білу қажет. Заттарды және суреттерді тануға не көмектеседі деген тәрбиеші сұрағына, көзбен 

12
көргенде олар не білетіне жөнінде балалар өз бетінше түйін жасайды. Осылайша, бұл ойын әр қарай жалғасып ойын шартымен ойнала береді.  


8 «Тышқан мен мысық»
Ойын тәртібі: ойын басталмас бұрын санамақ саналады соңғы қалған екі баланың бірі тышқан, бірі мысық болады. Қалған балалар қолдарынан ұстап шеңбер құрып тұрады.
Ойын барысы:  Ойнаушылар дөңгелене тұрады. Мысық пен тышқанды тағайындап алады. Балалардың қалғаны бірінің-бірі қолын ұстап, шеңбер жасап жүріп мына сөздерді айтады.         
                                 Васька аппақ қарасақ,
                               Құйрығы сүр тамаша-ақ
                                Жебедей-ақ ұшады,
                               Көзін жаймен қысады,
Тырнақтарын үндемей,
Ашқан кезде инедей,
Тышқандардың тықырын,
Васька есітсе ақырын,

Аңдып аулап алады,
Васька біздің жарады.
«Аңдып аулап алады» деген сөздерден кейін балалар тоқтайды, шеңбердің уәделескен жерінде екі бала қолын түсіріп, есіктен өтетін жер қалдырады. Тышқан мысықтан қашып, есікке қарай жүгіреді де, шеңбер жасап тұрғандардың қолының астынан 
өтуі мүмкін. Мысық тышқанды ұстап алады. Ол шеңберге тек есік 

арқылы өтуі мүмкін. Мысық тышқанды ұстап алатын кезде, бұл рольге басқа балалар тағайындалады, сөйтіп, ойын осылайша қайталана береді.
Егер мысық көпке дейін тышқанды ұстай алмаса, онда тәрбиеші қосымша есік жасатады.

9  «Сыр»
Ойын мақсаты: балалардың түр – түстерді тани білуге үйрету, шапшаңдыққа баулу, ойынға қызығушылығын арттыру.
 Ойын тәртібі: балалар өздеріне қойылған сырдың атын ешкімге айтпау керек. Қасқыр алыста тұру қажет. Егер қасқыр естіп қалған болса ойын шарты бұзылады. 
Ойын барысы:  топтағы балалардың барлығы шеңбер құрып отырады, тірбиеші санамақ санайды. Санамақ соңында қалған жалғыз бала қасқыр ал, соңынан екінші қалған бала сатушы болады. Қалған балалар дүкендегі сыр болады. Дүкенші балаларға әр түрлі түстегі сырлардын атын атап, ойынға қатысушы балалардың құлақтарына сыбырлап түстерін айтады. Дүкенші түстерді айтып болған соң сыр алуға қасқыр дүкенге келеді. Қасқыр сатушыдан сыр сұрайды. Сатушы сырдың бар екенін, қандай түсте сыр керек екенін сұрайды. Қасқыр өзіне керекті сырды атайды. Қасқыр атаған сыр жасын (яғни бағасын) атап жүгіре жөнеледі. Қасқыр сырдың бағасын сатушыға беріп сырды қуа жөнеледі. Егерде сырды ұстаса үйіне апарып сырлайды, егер ұстай алмаса сыр дүкенге қайта келіп, сатушы оған басқа түсті айтып ойын әрі қарай жалағас береді. Егер , сыр дүкенде біткен жағдайды ойын басынан бастап қайта басталады. 


14
10  «Шіріген алма»
Ойын шарты: ойыншылар ортада шеңбер құрады, шеңбер айналып ойын ойналады, егер кімде кім құлап қалса, ойын шарты бойынша өз өнерлерін көрсетеді.
Ойын барысы:  балалар қолдарынан ұстап ортада шеңбер құрады. Барлығы қосылып: шіріген алма, шіріген алма, 
                                         Жел соққан да құлап қалма ,- деп
Ойынның әнін айтып шеңбер айналып жүріп келе жатып жерге отыра қалады, егерде кімде кім жерге отырған кезде құлап қалса, ойын шарты бойынша өз өнерін көрсетеді. Ән айтады, би билейді, тақпақ айтады т.б өнерлерін ортаға салады. Егерде ойын барысында ешқандай бала құламаса ойын әнін айтып ойынды әрі қарай жалғастырып ойнайды. 


11 «Біз көңілді балалармыз...»
Ойын тәртібі: :  Балалар алаңның немесе бөлме қабырғасының бір жағында тұрады. Олардың алдынан сызық сызылады. Сондай-ақ алаңның қарама-қарсы жағынан да сызық сызылады.
Ойын барысы:  Балалардың жанынан шамамен екі сызық аралығында тәрбиеші белгіленген немесе балалар тағайындаған ұстаушы тұрады. Балалар тексті дауыстап айтады.
                             Біз көңілді баламыз,
                          Жүгіріп, ойнап барамыз.

                       Қуып жетіп қараңыз:
                           Бір, екі, үш - ал үста!
    Балалар «Ұста» деген сөзден кейін алаңның екінші жағына жүгіреді, ал ұстаушы оларды қуады. Ең алдымен ойнаушы сызықты аттағанша, ұстаушы оны ұстап алса, ол ұсталған болып есептеледі де, ұстаушының қасында отырады.
     Екі-үш жүгірістен кейін ұсталған баланың неше рет ұсталғанын есептеп шығарады да, жаңа ұстаушыны сайлайды. Егер ұстаушы ешкімді ұстамаса да, бәрі бір жаңа ұстаушы сайланады.
    Тәрбиеші балалардың тексті мәнерлемей, оны анықтап айтуын қадағалайды.

12  «Заттар – өздері туралы не айтады?»
Дидактикалық ойын: Балаларды заттардың түсін, нұсқасын, көлемін, қасиетін, атауын ажыратуға үйрету. Бақылаушылық түйсігін жетілдіру, заттардың тұтастығы мен бөліктерін көре білуді дамыту. «Заттар өздері туралы не айтады?» тақырыбында қысқаша әңгіме құра білуге балаларды жаттықтыру. Балаларды кедергі жасамай бір – бірін тыңдауға, кейде достарының әңгімесін толықтыруға дамыту.
Ойын тапсырмасы: «Ғажайып қоржында» қандай зат бар екенін қарау.
Ойын іс – әрекеті: «Ғажайып қоржыннан»  түрлі заттарды алу. 

16
Бір затты басқа бір затпен салыстыру.
Ойын ережесі: Қоржыннан кезек – кезек заттарды алып, басқа балаларға көрсету, балалар әңгімесін мұқият тыңдау, қиналған кезде көмектесу.
«Ғажайып қоржында» құрамы бойынша  қол жетімді болғанымен  мүмкіндігі бойынша алдын ала дайын емес, яғни жаңашылдығымен  балаларды еліктіретін заттар салынған. Барлық балалардың назарын аудартатын шамалы өзгешелігі бар қос заттар болуы мүмкін. Мысалы: «Мына кесе көк түсті алтын жолақтарымен, ал Айгүлде қызыл түсті гүлдерімен. Кесе кішкентай, балаларға арналған шәй үшін ал, Айгүлдікі үлкен ересектерге арналған»
Ойынды ұйымдастыру: балалар жартылай шеңбер құрып, ортада үстел үстінде қоржын
Ойын барысы: Тәрбиеші: Біз «Заттар әлеміне» саяхат жасадық, бірақ әр затты қарастырған жоқпыз. Ал, олар өздері туралы сөздермен ғана емес сонымен қатар белгілерімен, сапасымен айта алады: түсі, нұсқасы, көлемі, қасиеті туралы, яғни зат не үшін, адам оны қалай қолданады. «Ғажайып қоржыннан» әр қайсысы қандайда бір затты алады, өзі қарайды, балаларға көрсетеді, ойланады және заттар өзі айтып бергендей, «Заттар өздерітуралы не айтады?» туралы шағын әңгіме ойлап айтады. Бірақ олай істеу мүмкін емес, ойлану қажет, нақты және керекті сөздер таңдап алу керек, зат ұнайма соны айту керек. Тәрбиеші ұқсас үлгідегі әңгіме айтып береді.  «қоржында кішкентай қуыршақ өмір сүріпті». Мені ол!  Оның сия көк көйлегі бар. Аяқ киімі қара. Қуыршақ көңілді, күлімдейді. Ал, ұл балада машина ойыншығы болады. 
Оның түсі көгілдір, ал  рөлі қара түсті. Машина ұзын – жарыс машинасы. Төрт доңғалағының ақ түстес дискісі бар. Әдемі машина. Менде осындай болғанын қалаймын. Ойын соңында тәрбиеші балаларды, заттарға назар аударып қарағаны үшін және одан нені аңғарғанын айтып бергені үшін мақтайды.  Қажеттілік жағдайда кей балалардың тек қана заттарды атап бергенін, бірақ әңгіме құрамағакнын айтуға болады.  Келесіде олар міндетті түрде қызықты әңгіме айтуға үйренеді.  Балалар бір – бірін мұқият тыңдайды, бірақ бір ойындап барлығын айтып үлгірмейді. Сондықтан ойынды бірнеше рет ойнатуға және заттарды ауыстырып ойнатуға болады.

13 «Заттарды дыбысынан таны?»
Дидактикалық ойын: Балаларға адам өміріндегі есту қабілетінің рөлі туралы, сонымен қатар есту қабілетін сақтап және есту қабілеті нашар адамдарға көмектесетінін айтып беру. Есту қабілетін жетілдіру, балалар сөздігіне «есту қабілеті»  деген жаңа сөзді енгізу, заттардың қалпын дыбыс арқылы білуге дамыту.  
Ойын іс – әрекеті:  әр түрлі заттар шығарған дыбыстарға құлақ түріп, оларды дыбыстары арқылы тану. Дұрыс жауап бергендерге сыйлықтар беру. 
Ойын ережесі:  Дыбысты жақсы есту үшін тыныштық сақтау керек. Қол көтеріп жауап беру керек. Дұрыс тапқан балаға жұлдызша  беру керек. 
Ойын барысы: заттарды көруге , ажырата білуге бізге көру қабілеті көмектеседі. Ал, қазір заттарды дыбысынан таны деген 
18

ойынды ойнаймыз. Міне, ширма оның артында түрлі заттар тығулы тұр. Біз олардың қандай зат екенін дыбысынан танимыз. Дыбыстың қандай зат екенін дұрыс тану үшін тыныштық қажет. Ал, енді дыбысты тыңдап, тануға кім шығады. Егерде кімде кім дыбысты дұрыс танысы жұлдызша беремін, егер жұлдызшаны кім көп жинаса сол бала жеңімпаз болады.  Барлық заттарды танығаннан кейін, тәрбиеші балалардан  қай дыбыс қай затқа тиесілі екендігін, қалай тапқандарын сұрайды. Балалар құлақ арқылы естіп, тапқандарын айтады. Осылайша ойын жалғаса береді, көп жұлдызша жинаған бала жеңімпаз атанады. 

14  «Сөзді есіңе сақта»
Дамытушы ойын: Балалардың сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін дамыту.
Қажетті құралдар: Әр балаға 4 - 5-тен суреттер беріледі.
Ойынның шарты: Тәрбиеші өтілген жаңа сабаққа байланысты 5-6 сөз айтады, балалар айтылған сөздерді сол қалпында қайталап айтып шығулары керек. Сөздерді шатастырып алса, қолындағы суретті  ойын бастаушы балаға береді. Кім қолындағы суретті көбірек сақтай алса, сол жеңімпаз болады.
Ойын барысы: тәрбиеші кесе, қасық, шыны сөздерін айтады балалар шатастырмай қайталап бір бала атайды, қолындағы суретті көршісіне береді. Тәрбиеші тағы да сөздерді бірінен соң бірін айтады балалар өздерінің естерінде сақтағандарынша айтады. Кімде кім дұрыс қайталап айта алмаса жеңімпаз болмайды осылайша балалардың тілдері дамып сөздік қорлары молайа береді.  Ойын  осылайша  жалғаса  береді.


19
15 «Кім солай сөйлейді?»
Мақсаты:  жануарларды дауысынан айыра білуге және дауыстарына еліктеуге дамыту. 
Құрал: доп
Ойын шарты: ойынға 4-5 бала қатысады және тәрбиешінің атаған жануарының дыбысын міндетті түрде дыбыстап беру керек, егерде кімде кім дыбыстай алмаса ойын шарты бойынша өнерін көрсетеді. 
Ойын барысы: ойынға 4-5 бала қатысады.  Балалар жарты дөңгелекке тұрады, ортасында доппен тәрбиеші тұрады балаларға допты лақтырып бір жануарды атайды, бала допты қағып алып, сол жануардың дыбыстауын көрсетеді, егерде көрсете алмады ма, онда өнерін көрсетеді. Ойын  шарты бойынша жалғаса береді. 

16 «Бес санына шапалақта»
Мақсаты:  беске дейін санап және әрекетті тәрбиешінің ұсынысы бойынша орындауға үйрету, қимыл – қозғалыстарын дамыту. 
Ойын шарты: тәрбиеші бес дегенде  балалар шапалақтау керек. Бес санына шапалақтамаған бала ойыннан шыға береді, соңында қалған бала жеңімпаз атанады. 
Ойын барысы: ойынды екі топқа бөлініп немесе топ ішіндегі барлық балалар бірігіп ойнай алады. Тәрбиеші әр баланың алдына келіп жеке – жеке бірден беске дейін санайды. Тәрбиеші «бес»  дегенде бала қолын шапалақтау керек.  Осылайшы әрбір баламен жеке - жеке ойналады. Бұл ойында баланың алақан шапалақтау арқылы қол сүйектер дамиды. 

20
17  «Кім сені шақырды, тап»

Мақсаты:  басқа адамды дауысынан танып үйрету, есте сақтау қабілетін дамыту.
Ойын шарты: айтылған дауысты дұрыс, тыныштық сақтап отыру арқылы тыңдау және қателеспей атап беру. 
Ойын барысы: үш адамнан кем адам  қатыспайды. Біреуі ортаға тұрып көзін жұмада. Тәрбиеші көрсеткен бала, ортада тұрған баланы шақырады. Бала шақырған адамды дауысынан танып табу керек.  Таныса шеңберге тұрады ал егерде, танымай жатса шақырған бала ортаға тұрады. Осылайша ойын жалғаса береді. 

18 «Пішіндерді боя»
Мақсаты:  Түстерді тани білуге үйрету. Ойын элементтерін пайдалана отырып, математикаға қызығушылықтарын дамыту. 
Көрнекіліктері: геометриялық пішіндер
Ойын шарты: тәрбиешінің берген ақ қағаздарын шимайламау керек, тәрбиешінің нұсқауын күтуі тиіс. 
Ойын барысы: балаларды ұйымдастырып, оларға ақ бет қағаздағы пішіндердің суреттері таратылып беріледі. Бұл суреттегі пішіндер боялмаған. Тәрбиеші балаларға тақтаға боялған пішіндерді ұсынады. Балалардың міндеті сол тақтадағы түстеріне қарап алдарындағы пішіндерді сондай түспен бояйды. Мұндай ойын балалардың түсінулерін және шапшаңдықтарын шыңдайды.

19  «Күн мен жаңбыр»
Мақсаты:  балаларға табиғат құбылыстарын сезіне білуге үйрету, қимыл – қозғалыс, жылдамдықтарын дамыту. 
Ойын шарты: тәрбешінің айтқан сөзін мұқият тыңдап, ойын шартын бұзбай ойнау. 
Ойын барысы: бір бала күн, екінші бала жаңбыр болады. Күн болып тұрған бала «Күн» деп орнынан тұрғанда балалар жүгіреді, ойнайды. «Жаңбыр» деп  екінші бала орнынан тұрғанда барлық бала бастарын бұғып тығыла бастайды. Балалар орындарын ауыстырып ойынды жаплғастыра ойнайды. Бұл ойында шапшаңдық қажет. 


20 «Отбасы»
Мақсаты:  Отбасы мүшелерін білу , олардың отбасында атқаратын қызметін үйрету, үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу, тату тәтті ойнауға үйрету. 
Көрнекіліктері: отбасы мүшелерінің суреттері
Ойын шарты: ойын шартын бұзбай, әр бала өз рөлін дұрыс ойнау.
Ойын барысы: отбасында бар адамдардың рөлдерін атқаруға ортаға; әке, ана, ата, әже, аға, тәте, бала болып балалар шығады, балалардың өздеріне тиісті суреттер беріледі. Сол суретке қарап отырып, балалар өз рөлдерін атқарып шығу керек. Балалар арасында татулық пен ынтымақтастық дамиды.


22
21  «Зейінді бол»
Мақсаты:  күрделі геометриялық суреттен үшбұрышты, 

төртбұрышты, шеңберді көрсете білуге дамыту. 
Ойын шарты: ойынға топтағы барлық оқушылар қатыса алады
Ойын барысы: тәрбиеші көрсеткіш таяқшамен бірінші, екінші, үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы суретті нұсқап, балаларға сұрақ қояды.  Суреттен қандай таныс пішіндерді көріп тұрсыңдар?  Әрбір суретте  өзара ұқсас неше пішін бар? Есептеу кезінде аз қателескен  қатар ұтып шығады. 


22  «Кім дауысын шығармай күле алады?»

Ойынның мақсаты: Еріннің бұлшық еттерін дамыту.
Ойынның шарты: Балалар тәрбиешіге қарсы қарап отырады.
Ойынның барысы: Мен сендердің дауыстарыңды шығармай күлгендеріңді көрейін деп отырмын. Қараңдаршы, мен калай ақырын күлемін деп күледі. /Ақырын «Ә» дыбысын атайды/.
Күлген кезде ауызды кең ашпай, ерінді созбай, мұрынды тыржитпай әсем күлейік. Ал енді бәріміз де күлейік, бірақ мен сендердің дауыстарыңды естімейтін болайын деп жаттықтырады.

23  «Телеграф»

Ойынның мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту, буынға бөлуге үйрету, есту қабілетін дамыту.

Ойынның шарты: ойын шартын еш өзгеріссіз бұзбай ойнау бірінін айтқакнын біріне толық дұрыс жеткізе білу. 
Ойынның барысы: Біз қазір телеграф ойынын ойнаймыз. Менің айтқан сөздерімді басқа қалаға жеткізесіңдер. Ол үшін сендер бір қатарға тұрасыңадар. Бірінші тұрған бала Алматы, ең соңында тұрған бала Қарағанды каласы болады. Мен бірінші баланың құлағына сыбырлап бір сөз айтамын. Ал ол мен айтқан сөзді келесі балаға сыбырлайды? Сөйтіп, әр бала бұл сөзді келесі балаға жеткізіп отырады.
Ойында екі буынды сөздерді пайдалануға болады.
Мұғалім Қарағанды қаласы болып тағайындалған баладан қандай сөз естідің? - деп сұрайды. Егер сөз дұрыс жеткізілсе, бала дұрыс жауап береді. Қате айтылса, телеграф қай баланың тұсында келгенде бұзылғанын тез анықтауға болады. Ол үшін оңнан солға қарай сұраса, қаи бала қателескенін тауып, ойынды жаңадан бастауға болады.
Мұндай ойын түрлері балабақшасына арналған методикалық құралдарда көптеп кездеседі. Төрбиеші творчестволықпен ізденіп, өз тобына лайыктыларын іріктеп алып, ойынды тартымды, қызықты етіп өткізе білгені жөн.


24 «Екінші қолымда қанша?»

Ойынның мақсаты: балалардың ойлау қабілетін, байқампаздығын дамыту, «оң жақ», «сол жақ» деген ұғымдарды бекіту.
Ойын шарты: балалар сұраққа толық ойланып жауап беру керек. 
Ойынның барысы: Бір оқушы тақтаға шығып:
- Екі қолымда барлығы 5 түйме бар, сол жақ қолымда 3 түйме, - деп қолын ашып, балаларға көрсетеді, - ал оң жақ қолымда қанша түйме бар? - дейді.
Мұғалім кішкене қапшыққа бірнеше ойыншық салып, бір баланы тақтаға шығарады, бала көзін жұмып тұрып, қапшықтың 

24
ішінен бір ойыншықты алып, оның неден жасалғанын, қандай затекенін айтып беруі керек. Егер айта алмаса, орнына отырғызып, басқа бір баланы шақырады. 

25 «Аңдарды қоректендір»

Ойынның мақсаты: 1 саны және цифры туралы алғашқы білімдерін бекіту, қоршаған орта туралы білімдерін кеңейту. 
Ойын шарты: балалар кезек – кезек суретті алып ойнайды. 
Ойынның барысы: тақтада аңдардың суреті ілінген, ал тамақтың суреті тәрбиешінің үстелінің үстіне қойылған.
-    Олжас қалай ойлайсың, бананды қай аңға береміз? Апарып бер. Сен маймылға неше банан бердің? Осы цифырды ата және жаз. 
-    Ал аю нені жақсы көреді? Әрине балды. 
-    Қоян нені жақсы көреді? Әрине сәбізді. 
-    Тиін нені жақсы көреді? Әрине жаңғақты. Әр бала суретке қарап қай аң нені жақсы көретінін таңдап алып қасына жапсырады. Осылайша ойын жалғаса береді.


26  «Кім зейінді?»

Ойынның мақсаты: Балалардың сөздік қорын молайту, әр түрлі дыбыстарды тез ажырата білуге дамыту.
Ойынның шарты: ойын үш топқа бөлініп ойналады, уақыт  үнемделу керек.
Ойын барысы: Балалар өз орындарында отырады. Тәрбиеші балаларға суреттерді көрсетіп тұрады, осы көрсетілген суреттердің аттарын балалар өздері атай отырып, қай дыбыс жиі айтылатынын табады. Мысалы, сағат, сиыр, қасық, мысык. Самат, сағыз, сырнай, т.б. осы сияқты сөздерде «с» дыбысының жиі айтылатынын балалар бірден айтуға тиіс. 

Бұл ойынды да балалардың отыру ыңгайына қарай үш командаға бөліп өткізуге болады. Көп жағдайда суреттерді үш топқа бөліп, жолақшаға немесе тақтаға орналастырып, әр команданың жауабын бірден алуға болады әрі уақыт үнемделеді.
Қай команда дұрыс жауап берсе, сол ойын жеңімпазы болады. Ал үш команда да дұрыс жауап берсе, бәрін де мадақтайды. 

27 «Не жедім, тауып ал?»
Ойынның мақсаты: дәм тату арқылы қандай тамақ жегенін табу, жейінділік қасиетін дамыту.
Ойынның шарты: көз жұмып ауызға салған затты шайнап не екнін айту.
Ойын барысы: тәрбиеші көкөністермен  жемістерді бір балаға дәмін татырып көзін жұмғызып жақсылап шайнап, қандай жеміс, кандай тамақ екенін тауып айтады, балалар орындағаннан кейін тәрбиеші  жемістермен сый көрсетеді. 


28 «Допқа тигіз» 
Ойынның мақсаты: балаларды дәлдеп тигізуге үйрету. Дәлдеп тигізуге зейінділігін, ойлауын дамыту. 
Ойынның шарты: дәлдеп тигізу, тигізе алмаған жағдайда келесі ойыншыға кезек беру. 
Ойын барысы: балалар екі топқа бөлінеді  бірінші топ  сызық бойына сапқа тұрады, бір – біріне арқасымен екі қадам арақашықтықта тұрады. Екінші топта осылай біріншіге параллель орналасады.  Ойынға ойыншылар санына қарай доп керек. Бірінші топ ойыншыларының міндеті допты кезектесіп жоғары, 

26
кішкене ілгері қарай лақтыру. Екінші топта осылайша  кезектесіп өз доптарымен  белгіленген мақсатқа тигізу керек. Қай топ допты көп тигізсе, сол топ жеңімпаз  атанады. 


29 «Өз  үйіңді тап»
Ойынның мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру, қабылдауын дамыту, ойынның ережесін сақтауға үйрету.
Ойынның шарты: рет – ретімен ойнау
Ойын барысы: балаларға  түрлі – түсті дөңгелектер таратылады. Ол дөңгелектерде үйлері орналасқан. Балалар өз үйлерін дөңгелектегі үйлеріне қарап ажыратадыегерде бала дұрыс орналаспаса, онда ойыннан шығады. Осылайша ойын жалғасып , соңғы қалған бала жеңімпаз атанады. 
30  «Аққу-қаздар» 

Ойынның мақсаты: балаларды шапшаңдыққа, ойлай білуге, ойын шартын бұзбауға, татулыққа үйрету, ойлау, сйлеу  қабілетін дамыту
Ойынның шарты: Ойынға қатысушы балалардың біреуі - қасқыр, екіншісі - құс бағушы болады. Қалған балалардың бәрі «Аққу - қаздардың» рөлін ойнайды.
Ойынның барысы: Балалар үлкен алаңға шығады. Алаңның оң жағында құс бағушы бала мен аққу-қаздар болып ойыншылар тұратын жер сызықпен белгіленеді. Сол жақта қасқыр жасырынады.
Ойын басталғанда құс бағушы аққу-қаздарды далаға шығарып жібереді. Аққу-қаздар сызықтан асып, алаңның ортасында шашылып жүреді. Қасқыр әзірше қозғалмай отырады. Біраз уақыттан кейін құс бағушы қаздарды шақырады.
-Қаздар, қаздар, қаңқылда!

- Қулар, қулар, саңқылда!
- Тойдыңдар ма далада?
- Иә, иә, иә,
-Ендеше үйге қайтыңдар.
-Жоқ, жоқ!
-Неге?
- Қыр астында қасқыр бар.
Осы соңғы сөз айтылғанда ғана қасқыр қаздарды қуалауға ұмтылады. Ал аққу-қаздар үйге, сызықпен белгілеген жерге қашады. Қасқыр оларды ұстауға тырысады. Ұсталғандар ойыннан шығып қалады.

31  «Көршілер»
Ойынның мақсаты: Сөйлемді дұрыс құрап айта білуге машықтандыру, кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
Кажетті құрал: Дабыл.
Ойынның барысы: Бала оң жағында кіммен көрші отырғанын, айтады. Бала көршілерін атап болған соң, тәрбиеші дабылды қағады. Сол кезде балалар бөлмеде еркін ойнайды. Дабылды қайта қаққанда өздерінің көршілерімен отыра қалулары керек. Кімде-кім қателессе, сол жеңілген болып есептеледі.


32  «Қай қолымда көп»
Ойынның мақсаты: аз және көп заттарды ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру. Ойлау қабілеттерін дамыту. 
Кажетті құрал: әр түрлі үсақ заттар, моншақтар.
Ойынның барысы: ортаға бір баланы шақырып, оң және сол қолына көп және аз заттарды ұстатады. Бала алдымен көз мөлшерімен қай қолда зат көп, қай қолда зат аз екенін анықтайды.  

28
Одан кейін заттарды қатарымен қойып, қай қатар да көп, қай қатарда аз зат бар екенін салыстырады. Балаларды бір – бірден ортаға шақырып ойын жалғасады.

33  «Доппен ойнау»
Ойынның мақсаты: «Жоғары - төменде» , «Астында - үстінде», «Сол жақта – оң жақта» ұғымдарын бекіту. Ойлауын дамыту. 
Кажетті құрал: доп
Ойынның барысы: 1 вариант. топтар екіге бөлінеді. Жіп керіліп, оның екі ұшынан ұстап тұруға болады. «Доп төменде» деген бұйрық берілісімен екі бала ( әр топтан) бірден допты жіптіңастынан алып өтеді де, «Доп жоғарыда» деген бұйрық берілісімен жіптің үстінен лақтырады.  Әрі қарай ойынды ойыншылардың келесісі жалғастырады.  Ешқандай қате жібермеген топ жеңімпаз атанады. 2 вариант.   Балалар сапқа тұрады. Доп бірінші баланың қолында «Доп оң жақта» деген бұйрық айтылғанда доп оң жаққа беріледі. «Тоқта» деген бұйрық бойынша допты сапта тұрған балалардың біреуі ұстап қалады. «Доп сол жақта» деген бұйрық бойынша доп сол жаққа беріледі. Тапсырманы дәл  әрі  тез орындаған топ жеңімпаз атанады. 

34  «Қуыршақтардың сыйлықтары»
Ойынның мақсаты: ойын ойнау арқылы шапшаңдыққа, өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту. 
Кажетті құрал: қуаыршақ және шарлар
Ойынның барысы: қуыршақтың сыйлық шарлары  таратылып беріледі. Балалар ол шарларды үрлеп, қандай түсін және қанша екнін айтады. Үрленетін шарлардың түстері үш түстен аспауы керек. Шардың саны мен артық, қандай түсті шардың кем екенін балаларға айтқызу. 

35  «Суретші қай жерде қателесті?»
Ойынның мақсаты: балалардың ойлау қабілетін дамыту, суреттегі сәйкессіздікті таба алуға үйрету.
Кажетті құрал: суреттер
Ойынның барысы: тәрбиеші суретшінің «Қыс»  тақырыбына сурет салғаны айтылады.  Балалардан оның бәрінің дұрыс салынғандығын тексеруді сұрайды.  Балалар қыс мезгілінде болмайтын құбылыстарды тауып, оның қай мезгілде болатынын айтады. Оыслайша ойын жылдың төрт мезгіліне ойналады.  Дұрыс тапқан бала жұлдызшамен марапатталады. 


 36  «Бағдаршам»

Ойынның мақсаты: балаларды жол ережесімен таныстыру, түр – түсті ажырата білуге үйрету, ойлауын, есте сақтауын дамыту. Ойынның шарты: ойынға үш бала қатыса алады. Бұл үш бала бағдаршамның көздері және бір жүргізушы болады. Балаларға бағдаршам туралы кіріспе әңгіме өткізіледі. Тәрбиеші бормен жол және өтетін бұрылыс сызады. 
Ойынның барысы: Балалар сапқа тұрып, ойын жүргізуші жасыл дөңгелекті көтерсе, бұрылыстан өте береді. Қызыл дөңгелекті көтергенде «бағдаршам» тақпағын хормен айтады: 
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйрем баспа алға!
Сары дөңгелекті көтергенде:
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға! - деп бәрі қосылып айтады.
Жасыл дөңгелек көрсетілгенде:
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба! - деп жолдан өтулері керек.

30
Кімде-кім үлгірмей қалса, тоқтап тұрып қалады.
-    Сен қайда болдың? - деп кешіккен баладан сұрайды.
-    Бағдаршам бөгеді, - деп жауап береді ол.
Ойын үш баламен ойналады.

М а з м ұ н ы:

Түсінік хат ------------------------------------------- 3,4
«Ақ сүйек» ----------------------------------------- 5
«Тақия тастамақ» ----------------------------------6
«Ақ серек, көк серек» -----------------------------7
«Хан талапай» --------------------------------------8
«Соқыр теке» --------------------------------------- 9
«Заттар әлеміне саяхат» ------------------------10,11
«Біздің көршілеріміз» ---------------------------12
«Тышқан мен мысық» ---------------------------13
«Сыр» -----------------------------------------------14
«Шіріген алма» -----------------------------------15
«Біз көңілді балалармыз...» --------------------15
«Заттар – өздері туралы не айтады?» -------16,17
«Заттарды дыбысынан таны?»  --------------- 18
«Сөзді есіңе сақта» -------------------------------19
«Кім солай сөйлейді?» --------------------------20
«Бес санына шапалақта»-------------------------20
«Кім сені шақырды, тап» ------------------------21
«Пішіндерді боя» ----------------------------------21
«Күн мен жаңбыр» ---------------------------------22
«Отбасы» --------------------------------------------22
«Зейінді бол» ---------------------------------------23
«Кім дауысын шығармай күле алады?» ------23

32
«Телеграф» ---------------------------------------23
«Екінші қолымда қанша?» ---------------------24
«Аңдарды қоректендір» ------------------------25
«Кім зейінді?» -----------------------------------25
«Не жедім, тауып ал?» -------------------------26
«Допқа тигіз» ------------------------------------26
«Өз  үйіңді тап» ---------------------------------27
«Аққу-қаздар» ----------------------------------27
«Көршілер» -------------------------------------28
«Қай қолымда көп» ----------------------------28
«Доппен ойнау» --------------------------------29
«Қуыршақтардың сыйлықтары» -------------29
«Суретші қай жерде қателесті?» ------------30
«Бағдаршам» -----------------------------------30

Қолданылған  әдебиеттер:

1.    Ш.  Майғаранова «Мектепке дейінгі 
ұйымдағы оқушыларды рухани дамыту
 мәселелері».
2.    «Кел, балалар,  ойнайық!» - Алматы 
«Арда» 2006 ж
3.    «Қазақтың ұлттық ойындары» - 
Алматы «Рауан» 1991ж
4.    Тіл дамытудың ғажайып әлемі 
«Аруна»баспасы.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: балабақшадағы жобалар | Просмотров: 51 | Добавил: oldtraford7 | Теги: жобалар, балабақша | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]