Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Ашық сабақтар [ Добавить материал ]

Қазақ халқының ұлттық киімін модельдеу ашық сабақ


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

08.02.2016, 13:35

3сынып еңбекке баулу 30.01.2016ж 
Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының ұлттық киімін модельдеу 
Сабақтың мақсаты: 
1. Білімдік: оқушылардың ұлттық киімдер жайлы түсінігін кеңейту және киім үлгісін жасауға қызығушылықтарын арттыру. 
2. Дамытушылық: шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. 
3. Тәрбиелік: оқушыларды ұлттық киім үлгісін жасауда ұқыптылыққа, эстетикалық танымға тәрбиелеу. 
Сабақтың көрнекілігі және қажетті материалдар: қағаз, мата, желім, қылқалам, қарындаш, қайшы, жіп. 
Еңбек нысаны: түрлі ұлттық киімдердің үлгілері, нұсқау картасы, түсті қағаз, мата, таспа, желім, қайшы.

Сабақтың барысы: 
Мағынаны ашу: 
- Балалар бүгінгі сабақта біз сендермен сабақтың тақырыбын анықтап алу үшін мына жұмбақтарды шешуіміз керек. Сонымен қатар киімді модельдеу дегеніміз не екенін үйренеміз. 
Адамның сәнi, 
Онсыз жоқ мәнi. (Киiм) 

Дорбаға тығып, бас бағын, 
Байлай салдым қос жағын. (Тымақ) 

Әшекейлi күбiнi, 
Үюлi тұрған шөмеле, 
Кигiздiм биiк төбеге. (Сәукеле) 

Ортасы күмбез, 
Жиегiн көмкерген. 
Етегi желкендей, 
Киiм едi ол нендей? (Кимешек) 
Мұғалім оқушыларға Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесіжайында түсінік бере келіп, Қазақстаның көпұлтты мемлекет екендігі, жерімізде қанша ұлт тату - тәтті өмір сүретіндігі туралы мағлұмат беруі керек. Оқушылар өздері білетін, көрген, естіген ұлттарды атап береді. 1 Мамырда Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері ұлттық киімдерін киіп, алаңға салтанатты шеруге шығатынын әңгімелеп берген дұрыс. 
Кез келген халықтың өнері мен мәдениеті өмір сүретін жерінің ерекшелікте - ріне қарай түр-түсі, сипаты жағынан әртүрлі болады. Халықтардың ұлттық киімі мен қолөнерінің қалыптасуына өмір сүру ортасының табиғи және әлеуметтік - экономикалық жағдайы, діни сенімдері әсер етеді. Онда халықтың әсемдік талғамы, өмір салты, әлеуметтік ахуалы көрініс табады. Ұлттық киімдеріміз ата - бабамыздың аттың жалында, түйенің қомында күн кешкен жауынгер, батыр, ержүрек халық болғандығынан хабар береді. 
Қазақ халқы киім-кешек тігуге әуелде Үндістаннан әкелінетін шыт, батсайы, мәуіті маталарынан және Қытайдан әкелінген жібек, Италиядан әкелінетін барқыт, Англиядан әкелінетін шұға маталарын пайдаланған. Ерте заманда ата-бабамыз мұндай маталарды Оңтүстік Қазақстан арқылы өткен «Жібек жолы» торабынан айырбас саудамен алып отырған. Ал өз жерімізде жүннен түрлі мата жасалғаны белгілі. 
4сынып еңбекке баулу 30.01.2016ж 
Сабақтың тақырыбы: «Лего» құрастыру. 
Мақсаты:Оқушыларды лего құрастырғыштармен жұмыс істеуге үйрету. Ой-өрісін, қиялын дамыту.Шыдамдылыққа, ептілікке баулу. 
Сабақтың типі: аралас сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, көрнекілік Көрнекілігі: лего құрастырғыш. 
Барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа дайындық. 
II.Мақсат қою кезеңі.Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстыру. 
III.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі. а) мұғалімнің түсіндірмесі. 
Лего құрастырғыш бөлшектерінен неше түрлі ойыншықтар құрастырылады. Оқулықтарыңдағы суретте көрсетілгендей, екі қабатты әсем үйден бастап, оның ішіндегі ұсақ-түйек үй жиһаздарын құрастыра аласыңдар. Құрастыру кезінде бөлшектер ең алдымен бір-бірімен тығыз орналасуы керек. Сергіту сәті 
IV.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі. 1.Оқулықпен жұмыс. Іштей, тізбектей оқыту. 2.Сұрақ-жауап 
3.Практикалық жұмыс. Лего құрастырғыш бөлшектерінен неше түрлі ойыншықтар құрастыру. 
V.Бекіту кезеңі.Қорытындылау. Бүгінгі сабақ ұнады ма? Несімен ұнады? Лего құрастырғыш бөлшектерінен тағы қандай модельдер жасай аласың? 
VI.Бағалау.Оқушылардың еңбегін салыстыра отырып, бағалау. 
Үйге тапсырма Құрастырғыш бөлшектерден кез келген ойыншық түрін құрастырып үйрен. Ұлттық киімдер ою-өрнек әшекейлерімен безендірілген. Қазақтың ұлттық киімдерінің түрлері мен атаулары өте көп. Кейде ұлы, орта, кіші жүз үлгілері деп, кейде әлгі жүздер арасындағы рулардың аттарымен аталған. Мысалы: адай бөрік, арғын тымақ, қоңырат үлгісі және т.б. Сондай-ақ, Жетісу үлгісі деген сияқты географиялық ортасына байланысты қалыптасқан атаулар да бар. Бұл үлгілер киімдердің кеңдігі, ықшамдығы, бойға қонымдылығы және әшекейлеу мәнерінің ерекшелігіне қарай да ажыратылды.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Ашық сабақтар | Добавил: Admin
Просмотров: 552 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]