Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География

Қазақстанның тұщы су қорлары слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Қазақстанның тұщы су қорлары слайд,презентация

 

Қазақстанның тұщы су қорлары

 

Қазақстанның тұщы су қорлары
Су арқылы тарайтын аурулар
Судың физиологиялық және гигиеналық маңызы
Судың физикалық және химиялық қасиеттері
Суды залалсыздандыру әдістері
Су біздің планетамыздың ең кең тараған нысаны болып табылады.Жердің бүкіл су қорының 0,3%-ы ғана тұщы су қорын құрайды.Қазақстанның Батыс бөлігі тұщы су көзінен тапшылық көруде.Әсіресе Ақтауда тұщы су көздері мүлдем жоқ,осыған орай 1963жылы теңіз суын тұщыландыруға арналған дистилляциялық қондырғы орнатылған,ал 1973жылы сол қалада әлемде алғаш рет атомдық тұщыландырғыш салынды.
Ауыз су — органолептикалық қасиеттері (иісі, дәмі, мөлдірлігі, т.б.) және химиялық құрамы адам организмі үшін қауіпсіз болып табылатын табиғи су. Адам денсаулығы ауыз судың сапасына тікелей тәуелді. Осыған байланысты ауыз суға мемлекеттік санитарлық талаптар қойылады. Олардың негізгілері: иісі мен дәм көрсеткіші 2 балдан аспауы керек; түсі 200-тан төмен, мөлдірлігі 30 см-ден артық; лайлығы 2 мг/л-ден аз, кермектілігі 7 – 100 ммоль болуы керек. Ауыз судың кермектігін анықтайтын кальций, магний тұздары аз болса, адам сүйегінің морттылығы өсіп кетеді. Фтордың ауыз судағы мөлшері 0,7 – 1,5 мг/л-ден төмен болуы – флюороз және кариес, темірдің, кобальт, мыстың жетіспеуі – анемия, бордың аз болуы асқазан, никельдің кем болуы – көз ауруларына шалдықтырады. Ауыз судың температурасы 8 – 150С аралығында, минералдығы 1 г/л-ге дейін болуы тиіс. Ауыз суға сондай-ақ нитраттар мен нитридтердің мөлшері, 1 л судағы ішек таяқшаларының саны (коли-индекс) бойынша т.б. талаптар қойылады. Ағын сулар, көлдер мен бөгендердің ластануына, олардың табиғи гидрологиялық және гидрохимиялық режимдерінің антропогендік өзгеруіне байланысты Қазақстанның көптеген өлкелерінің (Арал өңірі, Батыс, Орталық Қазақстан) тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі өткір қойылып отыр.
Қоршаған ортаның қалыпты температурасында және ылғалдылығында ересек адамның тәуліктік су балансы 2,2-2,8лді құрайды.Адам ағзасы тәулігіне 1,5-лге жуық суды кіші дәрет арқылы,400-500мл тері қабаты арқылы,350-400мл тыныс алу кезінде,100-150мл нәжіс арқылы шығарады.
  Судың сапасы оның органолептикалық қасиеттерімен,химиялық құрамымен, эпидемиологиялық және радиациялық қауіпсіздігімен анықталады.
   Судың органолептикалық қасиеті мөлдірлігімен,дәмімен,иісімен сипатталады.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: География | Добавил: Admin (30.03.2016)
Просмотров: 623 | Теги: презентация, география, Қазақстанның тұщы су қорлары, су, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]