Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 7.12.2016
Главная » Файлы » Қазақша рефераттар » Информатика [ Добавить материал ]

Триггер қазақша


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

04.01.2016, 18:35

Триггерлер

Жоспар

4.1 Асинхронды және синхронды RS триггерлер

4.2 D-триггер статикалық басқарумен. D-триггер динамикалық басқарумен

4.3 Әмбебап JK-триггер. T-триггер

 

Комбинациялық құрылғылардан басқа тағы дискретті не цифрлық автоматтар классы болады. Осындай құрылғының шығыс сигналы тек кіріске жіберілген  сигналдардан байланысты болмайды. Ол тағы бұрын жіберілген сигналдардан байланысты болады. Осындай құрылғылар сигналдарды сақтай алады.

Триггер – бұл екі тұрақты жағдайы болатын тізбектелген схема. Кірістегі сигналдар әсерінен триггер бір жағдайдан екіншіге ауысады. Триггердің екі шығысы болады тура және инверсті, ал кіріс саны орындалатын функциядан байланысты болады.

 

4.1 Асинхронды RS-триггер

Ол қарапайым триггер. Оның негізінде басқа триггерлер жасалынады. Оның 2 кірісі бар S, R және екі симметриялық шығысы Q және  (11 сурет).

Триггердің S-кірісі орнатылған (ағылшын set-установить, орнату), R кірісі нөлдік жағдайға келтіру, түсіру (ағылш. Reset - сбросить, түсіру) деп аталады. Q шығысы - тура, ал  шығысы - инверсті деп аталады.

Асинхронды RS триггер НЕМЕСЕ- ЕМЕС  элементтік базасында орындалуы мүмкін.(12а сурет).

S=1 және R=0 болғанда

 = 0

Q =  = 1

 

S=0 және R=1 болғанда

 = 1

Q =  = 0

 

S=R=0 болғанда алдындағы шығыс сигналы сақталады RS-триггер жұмысын тағы ажыратып қосу (переключение) кестесі көмегімен көрсетуге болады.

 

                Кірістер

ШЫҒЫСТАР

Жұмыс режимі

НЕМЕСЕ-ЕМЕС

ЖӘНЕ-ЕМЕС

S

R

S

R

Q

Q

0

0

1

1

1

0

сақтау

0

1

1

0

1

0

Жазу1

1

0

0

1

0

1

Жазу0

1

1

0

0

Х

X

Рұқсат-етілмеген (Q=Q)

 

 

Cинхронды RS триггер. Оның синхрондалатын сигнал үшін қосымша С кірісі болады. Триггердің елгіленуі және ЖӘНЕ –ЕМЕС элементінде жасалуы 13 суретте көрсетілген.

S және R кіріс сигналдары ақпараттық, ал С кірісінде синхрондалатын сигналдар. Солар арқылы триггердің айырылып – қосылу (переключение) жасалады.

 

 

4.2 D-триггер статикалық басқарумен. D-триггер динамикалық басқарумен

Оны ақпараттық триггер не  тоқтату триггері деп атайды (ағылшын delay - тоқтату, задежка). D-триггер тек синхронды бола алады. Ол тактілік импульстің деңгейімен де, оның фронтымен де ажыратылып, қосылуы мүмкін. D-триггердің белгіленуі, жазбасы және жұмысының уақыт диаграммалары 14 суретте келтірілген.

 

D кірісі- ақпараттық, С кірісі- синхрондалған. С=0 болғанда сақтау режімі, С=1 болғанда жазу режімі орындалады. Осыдан ақпаратты оқу кез келген уақытта жасалуы мүмкін, ал жазу тек С=1 болғанда ғана. Триггер жазылған такт біткенге дейін шығыс сигналын тоқтатады. Осылайша D=1 кіріс сигналы екінші және үшінші синхроимпульс арасында бітеді, ал Q=1 қалып күйі үшінші такттің соңына дейін сақталады. С кірісіндегі / белгісі сигналдың төмендеуі бойынша фиксация орындалатынын көрсетеді.

Қарастырылған  D-триггер cинхронды RS-триггер негізінде жасалған.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Әмбебап JK-триггер. T-триггер

Олардың функционалды мүмкіндіктері көп болғандықтан кеңінен қолданылады. JK-триггердің қалып күй кестесі:

 

J

K

Q

0

0

Q

0

1

0

1

0

1

1

1

 

 

 

 

 

 

 

Кестеден алғашқы үш кіріс сигналының комбинациясы үшін J және  К кірістері RS-триггердің S және R кірістерінің рөлін ойнайды.Бірақ J=k=1 болғанда JK- триггер жағдайы RS-триггер жағдайынан қатты айырылады. RS-триггер үшін-бұл кіріс айнымалыларына тыйым салынған комбинация, ал JК-триггерде жағдай қарама қарсыға ауысады.     

Триггер жұмысын мына функциямен сипаттауға болады.

Q= *Q+*K

 

 

 

 

 

 

Т-триггер. Оны тағы санау триггері деп атайды. Оның санау импульстары жіберілетін бір басқару С кірісі болады(15 сурет). Қосымша кірістер қарастырылмайды.

Әр-бір синхроимпульсті жіберген соң Т-триггер жағдайы қарама-қарсыға ауысады.

Т-триггерлер тек екі баспалдақты  RS, D, JK-триггерлер негізінде құрылады. Мысалы, Т-триггерді D-триггер негізінде жасау үшін (D-триггер синхроимпульс фронтымен басқарылса) D-триггердің инверсті шығысын  оның ақпараттық кірісімен байланыстырса болады.

Санау триггердің жұмысын түсіндіретін уақыт диаграммалары 16 суретте көрсетілген. D-триггер негізінде жасалған санау триггер жағдайының айырылып, қосылуы синхроимпульстардың алдыңғы фронттары түскенде жасалады. Санау триггердің шығысындағы берілетін импульс жиілігі кіріс синхроимпульстардан екі есе кіші. Сондықтан оларды жиілікті бөлігіне ретінде қолданады. Егер бір санау трриггері жиілікті екіге бөлетін болса, онда жиілікті 4-ке бөлу үшін тізбектей қосылған екі триггер қажет болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 16     Санау триггердің жұмысының уақыт диаграммалары.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin
Просмотров: 563 | Загрузок: 0 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]