Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Четверг, 23.11.2017
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Үш бақытым өлеңі (Мұқағали Мақатаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

ҮШ БАҚЫТЫМ

Ең бірінші бақытым - Халқым менің, 
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, 
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас журекті тіліммен тілімдедім. 
Кей-кейде дүниеден түңілсем де, 
Қасиетті тілімнен түңілмедім.

Бақытым бар үшінші - Отан деген 
Құдай деген кім десе, Отан дер ем! ...
Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

Түтін түтет, өс, өрбі, көгере бер,
Немерелер көбейсін, шөберелер
Жадыңда ұста,
Жақсылық күтпегейсің!
От емес, оқ сұрасаң менен егер!

Үш бірдей бақытым бар алақанда, 
(Мені мұндай бақытты жаратар ма!) 
Үш күн нұрын төгеді аспанымнан, 
Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (27.11.2016)
Просмотров: 415 | Теги: Мұқағали, Бақыт, өлеңдер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]