Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 25.7.2017
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Күн ұшып келе жатыр өлеңі (Мұқағали Мақатаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

КҮН ҰШЫП КЕЛЕ ЖАТЬІР

Таң атып келе жатыр,
Қарсы ал, жаным!
Қарсы ал, жаным!
Қанып іш таң саумалын.
Кешегі өткен күнмен өртеп жібер, 
Өткерген өкініштің бар салмағын.

Ай, жұлдыз абыр-сабыр араласып,
Түн кетті шымылдығын ала қашып. 
Жарқын өмір жарықсыз қалды ма деп, 
Күн ұшып келе жатыр,
Далаға шық.

Терезеңді аш,
Ақ сәуле үйіңе енсін.Үйіңе енсін,
Жаныңның күйі келсін.
Іздеме көйлегіңді күн сыйлаған, 
Шуақтың нұрыменен киінерсің.

Шашыңды желпігенде аймалап нұр, 
Ақ сәуле ақ жүзіңде тайғанап жүр. 
Арланбай ақ төсіңді ашып таста, 
Айдынында қанатын жайған аққу, 
Арманымен қосылсын аймалап бір!


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (17.12.2016)
Просмотров: 202 | Теги: Мұқағали, өлеңдер, Күн | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]