Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 25.9.2017
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Cүйген ерін өлеңі (Мұқағали Мақатаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

СҮЙГЕН ЕРІН

Сүйгісі келе берер сүйген ерін, 
Сүй, жаным!
Сүйкімді бір күйге енемін.
Жүрегіміз жақыннан бірге соқсын, 
Ағытшы бешпетіңнің түймелерің?

Сүй, жаным!
Сүйе бергін, кім біледі...
Бір кезде еске аларсың түнді, мені.
...Жалт етіп өте шыққан баяғыда, 
Жастықтың талықсыған бір күні еді.

Ұялып, барады өтіп бұлақ - бала, 
Бүйығып, үн қатпайды жылап қана. 
Баланың маңдайынан сипалаған, 
Дірілдеп айдан тамған шуақ қана.

Тау-аталар түкситіп қабақтарын,
- Ар аттадың,- дегендей,- қарақтарым. 
Сүйген жүрек қалады есеңгіреп, 
Есеңгіреп, білмеппіз таң атқанын.

Сүйген ерін сүйгісі келе берер, 
О, жастық! Махаббат тап, көгере бер! 
«Сүйгемін жоқ, өлгемін» дер едім мен. 
Сүйдің бе деп сұраса менен егер...


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (26.11.2016)
Просмотров: 253 | Теги: Мұқағали, Cүйген, өлеңдер | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]