Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Информатика

Дискретті сигналдағы ақпарат мөлшері слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Дискретті сигналдағы ақпарат мөлшері слайд,презентация

 

Дискретті сигнал

 

Сигнал (лат. signum — белгі) — берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс
Дискретті сигнал — бөлек-бөлек үзілісті сигналдардан тұратын сигнал. Үзіліссіз (аналогты) сигналдарды кодалау, яғни сандық сигналдарга айналдыру үшін оларды үзіп, дискреттейді. Дискретті сигналдар периодты, периодсыз болып және түрлеріне қарай тіктөртбүрышты, үшбұрышты, қоңырау тәрізді, экспоненсиалды болып бөлінеді.
Сигналдын түрлері
Бірінші ретті сигнал — берілетін хабарды алып жүретін электр сигналының алғашқы (көбіне төменгі жиіліктегі) түрі. Мүмкіндігіне қарай (жақын жерлерге) сигналдың алғашқы (бірінші) түрі өзгертілмей, сол күйінде байланыс жолдарымен таратылады, мысалы, қаланың телефон байланысында.
Курделі сигнал — әр түрлі заң бойынша таратылатын сигналдардың жиынтыгынан тұратын сигнал. Кез келген күрделі сигнал гармоникалық сигналдардың (әр түрлі жиіліктердегі) жиынтығынан түрады. Мысалы, төртбүрышты, үшбүрышты, экспоненциалды, т.б. сигналдар.
Арналық сигнал. Электр сигналын қашық жерлерге таратқанда ол байланыс жолы бойында әр түрлі себептермен өшіп, әлсірейтіндіктен және хабар таратуды арзандату, бір байланыс жолымен бірнеше хабар беріп тығыздау үшін бірінші ретті (алғашқы) сигналды түрлендіріп өзгертуге тура келеді. Өзгерту хабар тасымалдайтын байланыс жолдарына карай жасалынады. Осындай байланыс жолдарымен берілетін өзгертіліп, түрлендірілген сигналды арналық сигнал дейді.
Детерминал сигнал (лат. determinarе — анықтау) — уақыт бойынша өзгерісі алдын ала белгілі болатын сигнал. Детерминал сигнал уақыт бойынша белгілі зандылықпен өзгереді. Олар үздіксіз, дискретті, периодты, периодсыз болып бөлінеді. Детерминал сигналдың қарапайым түрлері: гармоникалық сигнал немесеимпульстер тізбегі
Орташа (жек алғанда термодинамикалық тепе-теңдік) мəннен шаманың кездейсоқ ауытқуы флуктуация деп аталады. Радиоэлектроникада флуктуацияның пайда болуы электрондардың (иондардың) жылулық қозғалысына, дискреттілік себептен (бытыра эффект) электрондар санының кездейсоқ өзгеруіне, катод беттерінің эмиссиялық қасиеттеріне (алмасу эффекті), де Бройль толқын ұзындығына (квантық шуыл) байланысты деп қарауға болады. Дəл өлшеулерде жылулық шуылды азайту үшін электронды қондырғыны сұйық азотқа орналастырады
Тұрақты кездейсоқ сигналдар — ықтималдық тығыздыгы уақыт өлшемінің басталатын жеріне байланысты болмайтын кездейсок сигналдар. Тұрақты кездейсоқ сигналдардың сипаттамалары уақыт бойынша тұрақты болады.
Әргодикалық кездейсоқ сигналдар. Тұрақты кездейсоқ сигналдардың біразы эргодикалық қасиетте болады. Егер барлық тұрақты кездейсоқ сигналдардың (ансамбльбойынша) орта шамасы оған қатысатын мүшелердің біреуінің ұзақ уақыт бойынша орта шамасына тең болса, онда оны эргодикалық деп атайды. Эргодикалық сигналда көп сигналдарды бақылап талдаудың орнына тек бір сигналды ғана ұзақ уақыт бақылап шешім шығаруга болады.[1]
Корытынды
Сигнал (лат. signum — белгі) — берілген хабарды тасымалдайтын(алып жүретін) физикалық процесс.
Электр сигналы дегеніміз — параметрлері берілетін хабар заңдылығымен өзгеретін электр тоғы немесе электр кернеуі. Телекоммуникация саласында сигнал электр сигналы түрінде қолданылады.
Дискретті сигнал — бөлек-бөлек үзілісті сигналдардан тұратын сигнал. Үзіліссіз (аналогты) сигналдарды кодалау, яғни сандық сигналдарга айналдыру үшін оларды үзіп, дискреттейді

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Информатика | Добавил: Admin (11.04.2016)
Просмотров: 255 | Теги: сигнал, презентация, Дискретті сигналдағы ақпарат мөлшер, информатика, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]