Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » География |
Шығыс Қазақстан облысы туралы слайд,презентация
Шығыс Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі. Географиясы
Туризмді дамытуда Қазақстанның келешегі мол және тартымды өлкесінің бірі Шығыс Қазақстан облысы болып табылады. Мұнда туристтерді қызықтыратын көптеген нәрселер бар –кең аумақ, керемет ландшафтар, әр-түрлі климаттық аймақ, баға жетпес мәдени және тарихи ескерткіштер, туристік қызметтердің сан алуантүрі. Бүгінгі күнде облысымыздың аумағында туроператорлық және турагенттік қызметтерді жүзеге асыратын 108 туристік ұйым, 16 туризм нұсқаушысы, 117 орналастыру орны, 84 демалыс орындары, 5 демлыс үйі, 34 емдеу-сауықтыру шипажайы, жиынтық көлемі 1723072 га немесе Шығыс Қазақстан облысы аумағының 6,0 % - ын құрайтын 14 республикалық маңызы бар ерекше қорғауға алынған табиғи аумақ тркелген. Бұл аумақтарда тек қана Қазақсьан және ТМД елдерінің көптеген туристерін қызықтырып қана қоймай, сонымен қатар алыс шет ел туристерін де тартатын Алтай Рудасының негізі табиғи көрікті жерлері топтастырылған. Тартымды табиғаты, ескерткіштердің жоғары сапада сақталуы, геосаяси жағдайларының үлкен өнеркәсіпті әлеуетімен сәйкестігі, келесі туристік өнімдерді ерекшелеуге мүмкіндік береді: - экологиялық туризм, - жағажайлық туризм, - тау шаңғысы туризм; - емдік - шипалы туризм; - мәдениет-танырлық туризм
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын! | |
Просмотров: 2221 | |
Всего комментариев: 0 | |