Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Шыда, шыда өлеңі (Мұқағали Мақатаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

 

ШЫДА, ШЫДА

Шыда, шыда,    
Шыдай түс, шыда тағы, 
Шыдамдыны мына өмір ұнатады 
Үміттің Құлан иек құла таңы, 
Әйтеуір бір атады, бір атады...

Өкінбе, өкпелеме, бүгініңе,
Өмір, өмір!
Болмайды түңілуге.
Мәңгі сені жазбаған сүрінуге, 
Қайта тұрып, қақың бар жүгіруге.

Түсінемін жаныңның ауырғанын, 
Шыдадың ғой, шыдай түс, дамылдағын.
Иогтардың тэсілін қабылдағын, 
Басқасына бас ұрып, табынбағын.

Шыда, шыда!
Шыдай түс, тағы шыда!
Тау құлатқан тасқынның ағысына 
Кір жуытпай, кіршіксіз намысыңа, 
Қарысуға болады, алысуға...


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (27.11.2016)
Просмотров: 111 | Теги: Мұқағали, өлеңдер, Шыда | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]