Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 25.7.2017
Главная » Статьи » Қазақша өлеңдер жинағы » Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

Сәби болғым келеді өлеңі (Мұқағали Мақатаев)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы

СӘБИ БОЛҒЫМ КЕЛЕДІ

...Құс та болғым келмейді! Қанатым бар,
Қанатым бар күмістен жаратылған. 
Сәби болғым келеді, сәби болғым, 
Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған.

От та болғым келмейді! Жылуым бар,
Жылуым бар, керек пе жылыныңдар. 
Әлди болғым келеді, әлди болғым – 
Күн сәулесі ойнақтап тұлымында, 
Отыратын анасы кұлынымдап.

Қанаттанып өмірге ұшарымда, 
Кесілмесін бәрібір тұсауым да.
Сәби болғым келеді, сәби болғым, 
Сәбиі жоқ Ананың кұшағында.

Тар бесігі - кең жаһан тарылмаған, 
Біреуге бар, біреуге табылмаған. 
Сәби болғым келеді, сәби болғым, 
Ана сүті аузынан арылмаған.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Мұқағали Мақатаев өлеңдер жинағы | Добавил: Admin (03.12.2016)
Просмотров: 372 | Теги: Мұқағали, өлеңдер, Әкеме | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]