Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Вторник, 6.12.2016
Главная » 2016 » Ноябрь » 13 » АТЫШУЛЫ «90-ШЫ ЖЫЛҒЫЛАР». РЭКЕТИРЛЕР — ҚАЗАҚТЫҢ ЖАУЫ МА, ӘЛДЕ ҚОРҒАНЫ МА?
19:58
АТЫШУЛЫ «90-ШЫ ЖЫЛҒЫЛАР». РЭКЕТИРЛЕР — ҚАЗАҚТЫҢ ЖАУЫ МА, ӘЛДЕ ҚОРҒАНЫ МА?

««Рэкетир» сөзі қазаққа тәуелсіздік алған жылдардан бастап жақсы таныс. Біреулер үшін ол – басбұзар қылмыскер, халықты сүлікше сорған салықшы болса, кейбірі – «рэкетирді» өз заңымен ел мен жерді жаудан қорғаған нағыз азаматтар деп түсінеді. Бүгін біз Қазақстан егемен ел болған сәттен бастап есімі елге белгілі, қылмыс әлеміндегі беделді де, бірегей азаматтар жайлы жазамыз», — деп, 90-ншы жылдары елді дүркіреткен азаматтар жайында NUR.KZ интернет-порталы жазды.


Аты аталған жігіттердің жақындары олар туралы фотолар беру түгіл, өмірі жайлы ашып айтудан қорқады. Сондықтан да бүгінгі мақаланы дайындауға көмектескен азаматтардың да есімі де құпия болып қала бермек.

1. САБР

Кеңес үкіметі тарап, әрбір республика жікке бөлініп бастаған сәтте бой көтеріп, қазақ жігіттерінің ішінен суырылып шыққан Сабыр Мүсілімұлы Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Сөзіне берік, келбеті сұсты, екіжүзділік пен жалқаулықты жақтырмайтын азаматты жұрт бас ақылшы санып, кез-келген түйткілді шешу үшін Сабырға жүгінді.

90-шы жылдары түрлі қылмыстық топтар оны «оңтүстік өңірге жауапты», қылмыс әлемінің өз сөзімен айтқанда «вор в законе» етіп тағайындады. Яғни, ұшқан құс, жүгірген аң Сабырға есеп беруі тиіс болды. Есімін атаудан бас тартатын танымал қазақ режиссерінің сөзінше, Сабыр жетіммен жесірді жебеді, қарттарды сүйеді. Сол уақыттағы жұмыссыздықты жойып, қылмысты азайту үшін жұмыс жасаған.

«Шымкенттің шетінде кәрістер пияз егетін. Халық аш сол пиязды ұрлап, одан қалды жазда су бөліспей, кейін жиған өнімді сата алмай әбден шығынға батты. Міне сол кәсіпкерлердің басын қосып Сабыр жиын өткізді. Нәтижесінде қазақ жігіттері шаруаларды ұры-қарыдан қорғаштап, бірге еңбек етеді. Жыл соңында шағын алқаптан 3 камаз пияз жиналды. Бір камазды кәсіпкер өзі алды. Екінші камаз қарауыл болған жігіттерге берілді. Үшінші камаз ауылдағы жетім-жесірлерге таратылды», – дейді ол.

Сабыр Мүслімұлының көптеген әрекеті заңға қайшы болды. Полициямен тіл табыса алмаған азаматқа 9 түрлі бап бойынша айып тағылғанымен, бірі дәлелденбейді. Соңында көлігін тінту кезінде қолдан жасалған пышақ табылып, «суық қару сақтады» деген айыппен 3 жылға түрмеге қамалды. Темір торда отырып, ауруға душар болған азамат, кейін босап шыққан соң ұзақ науқастан Алматы қаласында көз жұмды.

Қазір қазақ өнерінің жұлдызына айналған, жас актер Тәуекел Мүсілім осы Сабыр Мүсілімұлының тұңғышы.

2. БАХА ФЕСТИВАЛЬ

Сабыр Мүсілім түрмеде отырғанда, оның орнын жақын досы Баха фестиваль басады. Ауғанстанда әскери борышын өткерген, офицерлік атағы бар, бұрынғы әскери қызметкер. Баха фестивалдің шын есімі — Бақыткелді Райымбектегі.

1963 жылы 11 қазанда Алматы облысы, Райымбек ауданы ақын Мұқағали Мақатаев туылған Қарасаз ауылында өмірге келген. Оған «Баха фестиваль» деген лақап атты достары берген. Ап-арық, орта бойлы жігітке қандай қиын тапсырма берсе де, дымын шығармай тез және таза орындап кететін болған. Шаруаны артына із қалдырмай, шашауын шығармай орындайтындықтан оны «Фестиваль» деп атаған.

1991-92 жылдары аты тек Қазақстанға ғана емес, ТМД елдеріне кең таралған. Сондай-ақ өте қатыгездігі ел арасында аңыз болып тараған. Өзімен санаспағандарды аямаған, алдына шыққанды жоқ қылған деседі. Алматыны ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайтын жігітке Грозныйдың баскесерлері келіп бас-көз болу үшін мегополистен ауданды беруді сұраған. Алайда, қаруланып келген жігіттердің оңайлықпен қайтпайтынын түсінген Бақыткелді бұл істі де ың-шыңсыз, тапқырлықпен шешкен дейді.

Яғни, «Жарайды, Алматыдан 1 аудан береміз, сендер бізге де Грозныйдан тура сондай аудан бересіңдер» деген. Сөзден ұтылған шешендер Алматыны жайына қалдырыпты. Осы секілді істері Ресейлік мафия дөкейлеріне ұнамай, жиі қақтығыста болған. Арыстандай ақырған азамат 1993 жылы 7 қазанда өз үйінде қастандықтан көз жұмды.

Қасындағы 4 жендетімен отырған оларды бәз біреулер жарып жіберді. 30-ға толған жасында, тура туған күні, жер қойнына тапсырылған. Атышулы оқиға басылым беттерінде жарыса жазылғанымен, тапсырыспен орындалғандардың артында кім тұрғаны және не үшін екені ақыры анықталмады. Кейбір деректерге сүйенсек, Баха фестивальдің қылмыстық тобында 100-ге жуық азамат мүше болған. Олардың басым көпшілігі ауған соғысына қатысқандар мен бұрынғы полиция қызметкерлері.

3. РЫЖИЙ АЛМАЗ

Баха фестиваль жер жастанғаннан кейін Қазақстандағы қылмыс билігін Рыжый Алмаз қолына алды. «Рыжий Алмаз» – Несіпбай Нәсенов 1961 жылы Семей өңірінде дүниеге келген. Балалық және жастық шағы Қырғызстанда өткізіп, алғаш рет айыр қалпақ ағайынның елінде «қарулы шабуылға қатысты» деген айыппен бес жылға сотталады.

Несіпбай көп жерде өзінің шын атын атамай, «Алмаз» деп таныстырған екен. Кейбір көз көргендер «Сары Алмаз» деген лақап атты қылмыс әлеміндегілер қойған деседі. Себебі, ол алған бетінен қайтпайтын, алмас секілді өткір болған-мыс. Ал, «сары» сөзі ақшыл реңіне бола айтылған. Бейресми ақпар бойынша, Рыжий Алмаз түрмеде отырып қарақшылық заңын жете меңгерген, ақша жасауды және орыс, армян, шешен, сыған тілдерінде еркін сөйлеп, ағылшын тілін үйренген.

Сонымен қатар, айкидо өнерімен шұғылданып, қарамағындағы 80-ге жуық жігітті де шығыс жекпе-жегіне баулып дайындаған. 90 жылдардың орта түсінде атынан ат үркетін қазақ мафиясының белсенді топтары – «Атаба», «Төрт ағайынды», «Адай», «Бабахан» сияқты ұйымдардың мүшелері түгелі дерлік «Рыжий Алмаздың» қол астында болған.

Олар Қазақстанның әрбір облысында жұмыс жасап, барлығы өз заңдарымен билік еткен. Тіпті кейбір көз көргендер оны Қытайдың бір аймағына әмірін жүргізген деседі. Сары Алмаздың билігінде еліміздегі ірі мұнай өндірістерінен бастап, қалададағы ойын-сауық орталықтарына дейін қараған. Барлығына бақылауға алудағы оның басты мақсаты қазақтың байлығын ұстағанның қолына, тістегеннің аузына кетірмеу болған.

Алайда, аталған мекемелердің табысынан ол ай сайын өзінің үлесін алып отырған. Оның көлемі бизнестің ауқымына байланысты 10-30 пайыз аралығында. Өз заңымен жүретін Несіпбайға 1992 жылы Алматыда 3 бірдей бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оған, суық қару сақтаған, салықтан жалтару және бай-бағланды қорқытып-үркіткенге қатысты деген айып тағылып, 5 жылға бас бостандығынан айрылады.

Павлодар мен Маңғыстау түрмесінде жатып жазасын өтеген ол бостандыққа шыққан соң күзет фирмаларын құрып, заңды кәсіппен айналысады. Алайда көп ұзамай елден кеткен оның шекара сыртынан тек мүрдесі келді.

Сары Алмаз 1998 жылдың 31 мамырда Испанияның Барселона шаһарындағы жеке «Santa Cristina de-negro» вилласында оққа ұшты. Бетперде киген алты адам таң ата ұрланып кіріп, төрт күзетшіні байлап тастап, ұйқыда жатқан азаматтарды қырып салған. Сары Алмаздың туған інісі, “Транстелеком” компаниясының экс-жетекшісі Асқар Нәсеновке қаржы полициясы 2013 жылы халықаралық іздеу жариялады. Ол өзі жетекшілік еткен тұста мекеме мен шағын кәсіпорындар арасында жалған келісімшарт жасап, мемлекеттік 4 миллиардтан астам теңгесін жоқ қылған.

Некелі жары, әнші Ситорамен 5 жыл отау құрған, ортақ 1 ұлы бар. Сары Алмаз өмірден өткен соң билік қарындасы Айка-Бегемоттың қолына өткен. Ол да қылмыс әлеміндегі беделді әйелдің бірі. Ұйымдасқан қылмыстық тобында 80-нен 100-ге жуық адам болған.

4. ҚАРА АЛМАЗ

Сары Алмаз Қазақстанды билеп төстеген уақытта «Қара Алмаз» есімімен тағы бір серке пайда болды. Кейінде де жас жігіттің белгісі саясаткер Заманбек Нұрқаділовтың немере інісі екені анықталды. Ол жас та болса, ешкімнен қорықпай, Алматыны қолына алды.

«Қара Алмаз» деген лақап аты болғанымен шын есімі нақты белгісіз. Оппозицияға бет бұрған Алматының экс-әкімі бір кездері өзіне бәз-біреулердің қоқан-лоқы жасағанын айтып шағымданды. Артынша рэкетир болған Қара Алмаз ұзаққа бармай, белгісіз жағдайда Қордай тас жолында қара джипі аударылып, жол апатынан көз жұмды. Оқиға әлі күнге дейін жұмбақ күйінде. Расында да Қара Алмас қарсыластарының қолынан қаза тапты ма, әлде жазым ба?

5. АТАБА

Қазақ мафиясының серкелерінің бірі, әрі бірегейі Талғат Атабаев -“Атаба” деген атпен белгілі азаматтың да есімі қазақстандықтарға жақсы таныс. 1967 жылы маусым айында Талдықорғанда өмірге келген. Қатарластарының сөзіне сүйенер болсақ, Талғаттың абыройы мен беделін республика түгіл Қырғызстан мен Өзбекстанда да өте жоғары бағалаған. Атабаның ел есінде қалған істерінің бірі қазақ тіліне деген алаңдаушылығы дейді.

Қарамағындағы мен көршілер елдің авторитеттері оның алдында барынша қазақ тілінде сөйлеуге тырысқан. Сары Алмастың қол астынан шыққан серке 2005 жылдың желтоқсанын айына дейін өз билігін Алматыдағы Барахолка базары мен бірнеше казиноны басқарып, дөңгелеткен.

Тіпті, оның аты шулы Қорғас ісіне қатысы бары да анықталды. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, шекарадағы кедендік рәсімдеуден еш кедергісіз өту үшін, әрбір жүк көлігінен 4 мың долларға дейін алынған. Бұл бекеттен күн сайын орта есеппен 12 машина өтеді. Топқа полиция қызметкерлері мен қатар «Атабалықтар» және «Төрт ағайынды» деп аталатын қылмыстық топтар көмек көрсеткен. Қылмыстық операция барысында 16 күдікті ұсталды. Оның ішінде Талғат Атабаев та бар.

Қылмыс әлемінде артына із қалдырмайтын Атабаны 2002 жылы полиция қызметкерлері заңсыз суық қару сақтағаны үшін айыптап, түрмеге жапқан. Алайда өмірінің соңғы күніне дейін ол еркін күрес федерациясының вице-президенті болды.

Алматыда күдіктілерді құрықтау кезінде көліктен сытылып шығып, қашқан Талғат – Марков көшесіндегі ойынханаға жасырынып, 38 жасында сол жерде жүрек талмасынан қаза тапты. Талғат Атабаев күреспен айналысқан спортшы болған. Қарамағына өз жерлестерін және осал емес, спортқа қабілеті бар жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай жігіттерді жинаған.

6. ҚАНЕКЕ

Несіпбайтегі Қаныбек Нұрғазыұлы (1952-1996 ж.ж) – қазақстандықтарға «Қанеке» атымен танымал. 1989 жылы бас көтерген қылмыс әлемінің алғашқы серкелерінің бірі.

90-ншы жылдары Алматы облысы Ұзыныағаш ауылындағы қазақ-шешен қақтығысы кезінде ерекше белсенділік танытып, жерлестерінің басын қосқан азамат ретінде жиі айтылады. 1996 жылға дейін жайма базарлардың басшыларына «Крыша» болып, салық жинаған.

Өз дегенімен жүретін Қаныке көп қатарласына ұнай қоймаған. 1996 жылы 17 желтоқсанда достарымен отырған Қаныбекті бірнеше жерінен тапаншамен атып, жер жастандырған.

7. САБЫРЖАН

Сабыржан Махметов «Жекпе-жек» федерациясының президенті. Қазақ кикбоксингінің мәртебесін асқақтатқан спортшы Сарбыржан да 90-ншы жылдары беделді рэкетирдің бірі болған. Өз сөзінде ол қылмыс әлемінде билік ету үшін емес, қазақ жерін келімсектерден қорғау үшін әрекеттенгенін айтады.

Сөйте тұра, полиция тарапынан «бопсалаушы» деген айып тағылып, 7 жылға түрмеге тоғытылып, соның 6 жылын абақтыда өткізді.

 

Источник: http://www.qazaquni.kz/


Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Просмотров: 175 | Добавил: Admin | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]