Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Тарих

1967-1968 жылдардағы реформа слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

1967-1968 жылдардағы реформа слайд,презентация

 

1967-1968 жылдардағы реформа

 

Қазақстанды Ресейге қосудың аяқталуы империяның қазақ өлкесi жөнiндегi саясатына елеулi өзгерiстер енгiздi. 1868 жылғы "Уақытша ереженiң” 210 параграфы бойынша қазақтардың жерi Ресей империясының мемлекеттiк меншiгi болып жарияланып, қазақ даласы бүтiндей патшалық Ресейдiң еншiсiне көштi. Ресей императорының жарлығымен бекiтiлген 1867-1868 жылдардағы реформалар арнаулы түрде уақытша, яғни үш жылға деп қабылданды. Үш жылдық тәжiрибе мерзiмi өткеннен кейiн  оны қайтадан толықтырып, Қазақстанды басқару жөнiндегi жаңа ереже қабылдануы керек болды. 1867 жылғы Түркiстан генерал-губернаторлығын уақытша басқару ережесi 1871 жылы аяқталды. Сол жылдың басында Түркiстан өлкесiнiң генерал-губернаторы Кауфман императорға жергiлiктi отарлау әкiмшiлiгi дайындаған жаңа басқару ережесiн ұсынды. Бiрақ ол бiрнеше министрлiктер мен Ресей империясы ведомстволарының сан алуан тексерулерiнен өтiп, жоба көптеген көрсетiлген кемшiлiктермен қайта қайтарылды. Мiне, дәл осындай жағдай Қазақстанның кез келген жерiнде жүрiп жатты. Бiрақ, жоғарыдағы аталған ереже 1891 жылы "Уақытша ереже” болып қайта қабылданды. Аталған ережелер негiзiнде қазақтардың жерi тартып алынып келiмсек мұжықтар мен кержақтарға таратылды. Қазақстанға осы кезеңде 1,5 миллионнан астам орыс, украин және беларусь келiмсектерi көшiп келдi. Сөйтiп,  кең даланы жайлаған елдi мекендердiң аттары өзгертiлiп, оның ұлттық құрамы үлкен өзгерiске ұшырады. Қазақстан патша өкiметiнiң шикiзат базасына айналды.   1867-1868 жылдар аралығында Қазақстан территориясы Орынбор, Батыс Сiбiр және Түркiстан генерал-губернатор құрамына кiрдi. Орынбор генерал-губернаторы құрамында Орал және Торғай облысы болды. Батыс Сiбiр генерал-губернаторлығының құрамына  Ақмола және Семей облысы,  Түркiстан генерал-губернаторлығының құрамына  Сырдария және Жетiсу облыстары ендi.
 ІІ Александр патша:
1867 жылы 11 шілдеде- “Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы”,
1868 жылы 21 қазанда- “Орынбор мен Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережені” бекітті.
Орынбор, Батыс Сiбiр және Түркiстан генерал-губернаторларының әкiмшiлiк орталықтары Орынбор, Омбы, және Ташкент қалалары болды. Әрбiр облыс уездерге бөлiндi. Уездер болыстарға бөлiнiп, олардың әрбiрiне мыңнан екi мыңға дейiнгi шаңырақ ендi. Болыстар әкiмшiлiк ауылдарына бөлiндi. Олардың құрамына 100-ден 200-ге дейiнгi шаңырақ ендi.
 1867-1868 жылдардағы ең басты мәселе Қазақстан территориясында жалпы империялық соттар ережесiнiң таралуы болды. Сөйтiп, қазақ құқығына елеулi өзгерiстер енгiзiлдi. Үлкен маңызы бар қылмыстық iстер әскери сот комиссиясында қаралды. Ал, одан басқа қылмыстық және азаматтық өтiнiштерден тұратын 2000 сомнан артық қаржы көлемiндегi iстердi облыстық басқарма қарады. Үш күннен кем емес тұтқынға алатын немесе жүз сомға дейiнгi айып салынатын қылмыстық iстер, сондай-ақ 2000 сомға дейiнгi азаматтық айыптауларды уездiк соттар қарады. Сонымен бiрге жаңадан жолға қойылған билер сотымен бiрге "халық соты” да  жұмыс iстедi.

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Тарих | Добавил: Admin (10.03.2016)
Просмотров: 660 | Теги: презентация, тарих, 1967-1968 жылдардағы реформа, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]