Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 18.11.2018
Главная » Статьи » Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер

Наурыз мейрамы туралы әндер, тақпақтар

Наурыз мейрамы туралы әндер, тақпақтар

 

Сағындым сені, Наурыз!

 Алпысбай ШЫМЫРБАЙҰЛЫ.


Қызғалдақтар бүр жарады көк белде,
Күн менен түн теңелетін көктемде.
Жаңа жылы еліміздің әз Наурыз,
Ырзығы мен ырыс ала жеткенде.

 Қыспен бірге көңілсіздік кейін қап,
Жұртым жүрер Тайқазанын дайындап.
Содан кейін наурыз көже сән берген,
Берекелі дастарханы жайылмақ.

Наурыз көже жеті дәммен тәттірек.
Езілген құрт – сүт көбейтер ақ тілек.
Қойдың басы ақсақалға тартылар,
Үрім-бұтақ, ел мен жерге бақ тілеп!

Наурыз көже жиған екен даналық.
Дәмін татып, бір ізгілік алалық.
Мирас еткен ұрпағымның дәстүрін,
Қандай ғажап өнегеміз далалық!.




Категория: Туған күнге тілектер | Добавил: Admin (22.07.2014)
Просмотров: 4074 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]