Туған күнге тілектер - Туған күнге тілектер - Қазақша презентация - Қазақша презентация
Приветствую Вас, Гость
Главная » Статьи » Туған күнге тілектер » Туған күнге тілектер

В категории материалов: 17
Показано материалов: 11-17
Страницы: « 1 2

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам

Туған күн тілек

Туған күн құтты болсын!

Бірінші- ұзақ жасты өмірлі бол,

Екінші- адал кәсіпке бейімді бол.

Үшінші- тіл мен көзден аман бол.

Ғылымға өнерменен зейінді бол,

Төртінші- қатарыңда кемелді бол.

Бесінші- берекелі, беделді бол.

Алтыншы- арыстандай айбатты бол,

Жетінші- жетектеушің Қызыр болып,

Дініне Мұхамбеттің қайратты бол.

Алқалы ақ ордалы кеңесті бол.

Дұғамды қадір Алла қабыл етсін,

Бұрыңғы жақсылармен теңесті бол.

Туған күнге тілектер | Просмотров: 248 | Добавил: Admin | Дата: 04.11.2013 | Комментарии (0)

Туған күнмен құттықтау        

Емен ағашы жуан, жапырағы қалың болғанына қарамастан қатты жел тұрса тамырымен қопарылып құлап қалады. Ал қайың ағашы жіңішке, нәзік болғанымен қатты жел тұрғанда сәл майысады да, жел басылған соң бойын қайта тіктеп, жапырақтарын күннің нұрына малындырып жайқалып тұрады.

Бүгінгі туылған күн иесі де осы қайын ағашы тәріздес – өмірде де, қызметте де басына қандай қиын іс түссе де жасымаған, бағы жанса тасымаған, тіршіліктің қандай

ауыртпалықтарын, қиын кезеңдерін көрсе де мойымай, күресе білген азамат, мықты қызметкер, аяулы жар, ардақты әке және де айнымас адал дос.

Досым, алдағы өмірде де абыройын артып, еңбегің жана берсін! Ұл-қыздарыңның, туған-туыс, дос-жарандарыңның ортасында сыйлы болып, бақытгы ғұмыр кеше бер!

Туған күнге тілектер | Просмотров: 553 | Добавил: Admin | Дата: 04.11.2013 | Комментарии (0)

Қазақша тілектер

Алла тағала дүниені жаратып, әрбір тіршілік иесінің өмір жасын белгілегенде адамға 25-ақ жыл өмір, ал жылқыға, итке, т.б. андарға 50 жылдан беріпті. Адам өзіне берілген жасты канағат тұтпай, жануарларға барып жарты жастарын сұрап алыпты.

Міне содан бері адам ұқсап 25 жыл өмір сүрсек, 25 жыл жылқыға, 25 жыл итке, ал кейінгі 25 жылымыз маймылға ұқсап жұртқа күлкі болып ғұмыр кешеді екенбіз.

Бүгінгі туылған күн иесіне адамға ұқсап 25-ақ жыл емес, 100 жыл өмір сүр, ғұмырың бақытты да баянды болсын деп тілеймін!

Туған күнге тілектер | Просмотров: 138 | Добавил: Admin | Дата: 04.11.2013 | Комментарии (0)

 Қазақша тілектер туған күнге

Құтты болсын келген туған күніңіз,

Тілекші көп,бізде соның біріміз.

Ортамызда жанашыр боп жүресің,

Болғаннан соң бірге шыққан түбіміз.

Үзілмесін өміріңнің жыр – әні,

Бақытыңның өрге тартып бұлағы.

Еңбегіңнің тек зейнетін көре бер,

Келер күннің сәулелі боп шуағы.

Туған күнге тілектер | Просмотров: 103 | Добавил: Admin | Дата: 04.11.2013 | Комментарии (0)

Туған күнге құттықтау тілектер


Туылған күнге тілерім

Таусылмас бақыт!

Ләззатты уақыт!

Арманның ажарын!

Бақыттың самалын!

Өзендей өмір!

Көлдей көңіл!

Құдайдан шапағат!

Тұрақты махаббат!

Алладан амандық!

Зор денсаулық!

Мол бақыт!

Керемет келешек!

Бақытты болашақ!

Ғажайып өмір!

Өшпес ғұмыр!

Күлкілі күндер!

Көңілді кештер!

Тамаша түндер!

Туған күнге тілектер | Просмотров: 280 | Добавил: Admin | Дата: 04.11.2013 | Комментарии (0)

Әмин десең пенделер,

Алладан ісің жөнделер,

Ата-анаңды сыйласаң,

Тасың өрге дөңгелер.

Туған күнді шығармаңдар есіңнен,

Бір Алладан жарық көр деп шешілген.

Анаң сені әкелем деп өмірге,

Қиналып еді кете жаздап есінен.

Туған күнің жарық көрген шуағың,

Іңгәлаған естілді алғаш жыр әнің.

Өміріңнің ұзақтығын тілеймін.

Аспаныңның шуақтығын тілеймін,

Қуанышыңның тұрақтылығын тілеймін.

Дендеріңнің қуаттылығын тілеймін,

Өміріңнің сәнділігін тілеймін.

Ата-анаңның, туыстарыңның, амандығын тілеймін,

Өміріңнің ұзақтығын тілеймін.

Туған күнге тілектер | Просмотров: 475 | Добавил: Admin | Дата: 04.11.2013 | Комментарии (0)

Өмір жыры таусылмасын мәңгілік,

Тұрсын алдан арайланып таң күліп,

Бақыт болсын әрқашанда жолығар,

Шаттығыңыз тау суындай молығар. 

*******************************

Тілеймін бақытты өмір ашық аспан,

Жалғанда тілек бар ма одан асқан.

Аман боп жанұяң мен бауырларың,

Жалғансын ақ таңдарын нұрын шашқан! 

*******************

Туған күнге тілектер | Просмотров: 82 | Добавил: Admin | Дата: 04.11.2013 | Комментарии (0)

1-10 11-17