Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 5.12.2016
Главная » Статьи » Туған күнге тілектер » Қазақша тақпақтар мен өлеңдер

Наурыз туралы баталар


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Наурыз бата

         Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші палуандарға тағы басқа өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді. Бата жалпы жұртшылыққа, көпшілікке, бүкіл қауымға, ауылға да беріледі. Мысалы:

         Өркенің өссін!

         Әр күнің Наурыз күніндей

берекелі болсын!

Ұлың – оңға, қызың қырға қонсын!

Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол!

Айың тусын оңыңнан.

Жұлдызың тусын солыңнан,

Бақ берсін, Қыдыр дарысын!

 

Жастар бұл күні үлкендерден бата алуға тырысады. Және наурызда алған батаның орны бөлек. Мұндай батаны «уыз бата» деп дәріптейді.

*****

Наурызтөл

         Наурыз айында мал төлдей бастайды. Олар «наурыз төлі» деп аталып, төл басы ретінде бағаланып, мал- жанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады. Төл басы сатылмайды, ешкімге сыйға берілмейді. Мұндай малды көбіне өз қызығына, тойына, құрбан айт күндерінде сойып, ырым етеді.

******

Наурызкөк

         Наурызкөк – наурыз айында ұшып келетін көктем құсы. Қарасы шағын ғана, осы құсты шығыс елі күтіп жүреді. Оны алғаш көргендер «Наурызкөгім келдің бе?» деп шақырады, жем шашады. Наурызкөкті ешкім қумайды, үркітпейді, оны бақыт құсы қатарына қосады.

******

Наурызесім

         Наурыз күні туғандарды халық бақытты, ерекше адамдар деп ұғынған. Сондай себеппен оларға Наурыз есімін берген. Мысалы, қазақ халқында Наурызбай Құтпанбайұлы(1700 – 1781), Наурызбай Қасымұлы (1832 – 1847) атты әйгілі батырлар болған. Алтын ордада Наурыз есімді хан  (1859 – 60) болғаны тарихтан белгілі. Наурызгүл, Наурызбек, Наурызәлі деген адам аттары да жиі кездеседі.

******

Наурызшешек

         Наурыз шешек – Наурыз айында өсетін жапырақты, түрлі-түрлі гүлді, қауашақты әсем өсімдік (шөп). Әсемдік үшін үйде де өсіреді. Майының дәрілік қасиеті бар. Қазақстанның таулы аймақтарында оның бірнеше түрін кездеседі. Наурыз шешек Қызыл кітапқа енген сирек кездесетін бағалы өсімдік қатарына жатады.

******

Наурызша

         Наурыз айында ашық күндері қолдан жасаған ою-өрнекті әрі жұп-жұқа қиыршық қар түседі. Ол күн көзіне шашырап, жылтылдап құбылады. Анықтап қарағанда басқа қар қиыршықтарындай емес жеңіл де үлпілдек болады. Мұны халық «наурызша» деп атаған. «Наурызша» жаң жылдағы жылылықтың белгісі.

******

Саумалық

         Наурыз айында жаң жыл еніп, жер бусанып, күн күркіреп, жаңбыр жауып, көк дүркірегенде ауыл адамдары далаға шығып саумалық айтып, қуанышты көңілмен жақсы тілек тілейді. Оны өлеңмен айтады:

         Саумалық, саумалық,

         Наурызшаның көк құсы,

         Ұйқыдан көзін ашты ма?

         Саумалық, саумалық,

         Самарқанның көк тасы,

         Жібіді ме көрдің бе?

         Саумалық, саумалық,

         Ескі жылы кетіп, жаңа жыл келді,.

         Ескі жыл есіркей кет,

         Жаңа жыл жарылқай кел,-

деп бір ескі ыдысты сындырып, «жамандық кетсін» деп ырым жасайды.

*****

Мұхарам (тыйым)

         Мұхарам – араб тілінде «тыйым салынған» деген сөз. Ертеде Шығыс елдері Наурызды «мұхарам» деп атаған. Оның мәнісі:

қасиетті айда табиғатты ластауға, тәртіпсіздікке, ұрлыққа, ғайбат сөзге, ішімдікке тағы басқа жағымсыз істерге тыйым салынған. Демек мұсылман елінде наурыз әдептілік, адамгершілік, пәктік сияқты асыл қасиеттерді дарытатын, дамытатын, ұлықтайтын күн есебінде ерекшелінген.

         Наурыз пәктік адалдық күні

         Қателік кешіріледі,

         Көңіл кірі өшіріледі.

         Жолсыздыққа тыйым болады,

         Ақ тілек – сыйың болады.

         Әр үйде береке болады,

         Ойын, сауық, мереке болады.

*******


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Добавил: Admin (12.11.2013)
Просмотров: 9452 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]