Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Туған күнге тілектер » Қазақша тақпақтар мен өлеңдер

9 мамыр жеңіс күні тақпақтар мен өлеңдер


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

9 мамыр жеңіс күні тақпақтар мен өлеңдер

Мәншүк


Сілкініп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың,
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған.
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

Қолында пулеметі «Максим»оның,
Бойында күш-жігері тасқын оның.
Ерлермен тізе қосып шабуылда,
Оғымен қырғын майдан ашты жолын.

Көзінен ұшқын өрттей лапылдаған,
Жауына қаһар тігіп қатуланған.
Отан үшін шайқасқан ауыр күнде.
Төнсе де өлім қаупі, жасымаған

 

Әлия 


Даламыздың даңқысың,
Балауса гүл балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшін,
Жанып түскен ақ жұлдыз.

Мәңгі жасап жерде енді,
Биік бол деп таулардан,
Сенің балғын бейнеңді
Жасап қойдық мәрмәрдан.

Бірге соқсын дүрсілдеп,
Туған жермен жүрегің.
Ауасында жүрсің сен
Әнге қосып жүр елдің

 

Нүркен Әбдіров

Ол бұзбаған қамал жоқ,
Жайдай тиіп бүйірден.
Тажал жауға ажал боп,
Төбесінен шүйілген.

Байтақ елдің бағына,
Туған қыран ұланы.
Қашанда Отан жауына
Қаһар төгіп тұрады. 

 

Жиырма сегіз жауынгер


Тастар көкке атылды,
Орман құлап тау шулап.
Жиырма сегіз батырды.
Жеңе алмады жау бірақ.

 

Тоғызыншы мамыр


Алақай – ай! Әйгілі
Тоғызыншы май бүгін.
Алғаш күні шаттықтың
Соңғы күні қайғының
Ұлы күшке сенген күн
Фашистерді жеңген күн
Қырмызы гүл, қызыл гүл
Құшақтарға енген күн.

 

Белгісіз жауынгер зираты


Белгісіз жауынгер
Басында от пен гүл
Барлығы бауыр дер
Қасынан өткеннің.
Семсердей сермеліп
Сынғанмен батырлар
Гүл болып тербеліп
От болып лапылдар.


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Добавил: Admin (14.06.2014)
Просмотров: 1860 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]