Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 25.11.2020
Главная » Статьи » Туған күнге тілектер » Қазақша тақпақтар мен өлеңдер

В категории материалов: 32
Показано материалов: 21-30
Страницы: « 1 2 3 4 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам

Ана тілі туралы ойлар, қанатты сөздер ашық сабақтарға материалдар/

Жомарттық пен мәрттік. Бұлардың негізінде  үш нәрсе бар: бірі – өз айтқан сөзіңді өзің орындау; екіншісі — әділдік пен туралыққа нұқсан келтірмеу; үшіншісі — қайырымдылықты есіңе ұстап ұмытпау. Егер мәрттік пен жомарттық жолында жүрмек  болсаң, әр уақытта үш нәрседен сақтанғайсың: көзді — жаман назардан, қолды — жаман істен, тілді — жаман сөзден.

Қабуснамадан

*******************

 

Көрінеді тілден түйсік, білім де,

Біле білсек жарылқаушы – тілінде.

 

Білімсіздер тіліне берік болсын,

Білімдінің тіліне ерік болсын.

 

Адамға екі нәрсе тірек тегі:

Бірі — тіл, бірі — ділің жүректегі.

 

 Тіл – елшінің қылышы, тіл қылыштан да өткір.

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 14856 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Наурыз туралы өлеңдер топтамасы

Қанша ғасыр сән берген даламызға,

Өзгеше бір әні едің байтақ елдің.

Сәлем, Наурыз!

Сен біздің арамызға

Алпыс екі жылдан соң қайта келдің.

 

Сен ең көне жырысың санамыздың,

Рухи шаттығымсың тасып толған.

Сені тойлап бабасы бабамыздың,

Әжемнің әжесіне ғашық болған.

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 71825 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (3)

Наурыз бата

         Халықта батаның түрлері көп. Соның бірі – наурыз бата. Мұнда наурызнама өткізгендерге осы осы күнге арнап «Наурыз көжеге» шақырғандарға, тойда өнер көрсеткен ақын, әнші палуандарға тағы басқа өнерпаздарға, жас талапкерлерге ақсақалдар мен әжелер, ел ағалары бата береді. Бата жалпы жұртшылыққа, көпшілікке, бүкіл қауымға, ауылға да беріледі. Мысалы:

         Өркенің өссін!

         Әр күнің Наурыз күніндей

берекелі болсын!

Ұлың – оңға, қызың қырға қонсын!

Еліңе елеулі, халқыңа қалаулы бол!

Айың тусын оңыңнан.

Жұлдызың тусын солыңнан,

Бақ берсін, Қыдыр дарысын!

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 14509 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Наурыз тойына арналған өлеңдер топтамасы

Ұлыс күні                                                   

Мақсұт Неталиев

Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан,

Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.

Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан,

Бар тіршілік Наурыздан басталған!

 

Ел де тыныш!

Жер де тыныш – бұл күні,

Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.

Табысқан жұрт таныс тауып жатады,

Жамалғандай жүректердің жыртығы!

 

Саф тыйылып Сарыарқаның бораны,

Күн өрлейді күмбезінен жоғары.

Наурыздың жиырма екісі толғанда,

Тоғысады тоғыз жолдың торабы...

 

Жылғалардан су аққанда сырғанап,

Шаң-тозаңнан тазарады нұрлы алап.

Толтырады шаңырақтың шаттығын –

Наурызбай, Ұлысжандар – іңгәлап?!

 

Жалғасады жақсылықтар – «Иә, сәт!»

Қарлығаштар үй сыртына ұя сап –

Жүрсе,Бақыт қонатынын хабарлап,

Бұлт көшеді ақ жаңбырын құя сап!

 

Жат боп бұрын бастары ешбір қосылмай,

Жүрген жандар таныс тапса – досындай.

Ол – осынау Наурыздың арқасы! –

«Ұлыс күннің» шапағаты осындай!

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 16227 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Қазақ тілінің таңғажайып кереметі жайында пікір айтушылар көптеп саналады. Олардың арасында өз ғалымдарымыз, ақын-жазушыларымызбен қатар өзге жұрт өкілдері де баршылық. Әсіресе, ірі түркітанушылар мен саяхатшылардың ана тілімізге үлкен құрметпен қарап, ауыздарының суы құрып, тамсана жазғандары мәлім...

 

Радлов В.В. /ресейлік шығыс зерттеушісі/. Қазақтардың тілі жатық та шешен, әрі өткір, көбіне іліп-қағып сұрақпен жауап беруге келгенде таң қалдырарлықтай оралымды сөйлейді. Кез келгені, тіптен сауатсыздарының өзі, ана тілінде біздің Еуропада байқап жүргенімізден тек француздар мен орыстардың дәрежесінде сөйлей біледі.

 

Мелиоранский П.М. /1868 – 1906, шығыс зерттеушісі, профессор/. Қазақ тілін зерттеушілердің барлығы да бір ауыздан ең бай, ең таза түркі тілдердің бірі деп таниды.

 

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 14353 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Мақтай-маршал

Қорғанбек Аманжол

 

Сайын дала...

Сақарасы Торғайдың,

Сайын дала сағынышын толғаймын.

Тоқсан толғау – толағайдай Торғайдың,

Шерін төгіп, сағынышпен сарғайдым.

 

Сен болмасаң сақараның сайтаны,

Сағым қалқып бұлдыраған байтағы.

Мақтай-шері Сағдиевтің бір ісін

Торғай елі аңыз қылып айтады.

 

Кермедегі Кеңес кезі кешегі,

Кеңістікте арман желі еседі.

Киіктерше құйғытады құйын ой,

Кейкі батыр елесі боп көшеді.

 

Ұбақ-шұбақ жалпақ жапан түзді орап,

Ұлан асыр дабылдатқан күзгі орақ.

Айдау жолда астық тасып жөңкілген,

Мың сан әскер мәшинесі мұзбалақ.

 

Астық...

Айқас...

Желкем күнде шаң борап,

Алқап басын нөпір халық қаумалап.

Сыбдыр-сыбдыр сыр шертіскен сарбалақ,

Егіндерін орып болған саумалап.

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 37746 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Балаларға арналған жаңа жылдық әндер

 Аяз ата.

 

Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып.

Аяз ата келіп тұр,

Ақ күпіге оранып.

 

Қайырмасы:

Ал балалар, тұрмайық

Би билейік, ойнайық

Аяз ата қуансын

Дөңгеленіп зырлайық.

 

Кетті көңіл шалқып-ақ,

Жұлдыздардай қалтырап.

Аяз ата үстінде

Ақшақар тұр жалтырап.

 

Қайырмасы.

 

Көрдің бе аяз атаны

Аппақ екен сақалы.

Аппақ екен мұрты да,

 Аппақ екен шапаны.

 

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 27746 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Балаларға арналған өлеңдер

Айналайын Баладан

(Екі баланың айтуына арналған)

- Айналайын баладан,

Тауып алған даладан.

 

- Далада бала жата ма?

- Түсіп қапты шанадан.

 

-.......біздің қайда екен?

- Қыздарменен тойда екен.

 

- Тойда неғып жүр екен?

- Алма теріп жүр екен.

 

- Алмасынан кәнекей?

- Жаңа теріп жүр екен.

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 32631 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (0)

Балаларға арналған жаңа жылдық әндер

 Аяз ата.

 

Ақ таяғын таянып,

Таңмен бірге оянып.

Аяз ата келіп тұр,

Ақ күпіге оранып.

 

Қайырмасы:

Ал балалар, тұрмайық

Би билейік, ойнайық

Аяз ата қуансын

Дөңгеленіп зырлайық.

 

Кетті көңіл шалқып-ақ,

Жұлдыздардай қалтырап.

Аяз ата үстінде

Ақшақар тұр жалтырап.

 

Қайырмасы.

 

Көрдің бе аяз атаны

Аппақ екен сақалы.

Аппақ екен мұрты да,

 Аппақ екен шапаны.

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 45415 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (1)

Ана тілі

 Ақыл-ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілі ардақты

Ақ сүтіндей ананың.

Өсірген ой-білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуге.

                                                                    Ә. Табылдиев

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 165428 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (1)

1-10 11-20 21-30 31-32