Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Среда, 25.11.2020
Главная » Статьи » Туған күнге тілектер » Қазақша тақпақтар мен өлеңдер

В категории материалов: 32
Показано материалов: 11-20
Страницы: « 1 2 3 4 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам

9 мамыр жеңіс күні тақпақтар мен өлеңдер

Мәншүк


Сілкініп зеңбіректер жердің жүзін,
Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың,
Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған.
Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын.

Қолында пулеметі «Максим»оның,
Бойында күш-жігері тасқын оның.
Ерлермен тізе қосып шабуылда,
Оғымен қырғын майдан ашты жолын.

Көзінен ұшқын өрттей лапылдаған,
Жауына қаһар тігіп қатуланған.
Отан үшін шайқасқан ауыр күнде.
Төнсе де өлім қаупі, жасымаған

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 12472 | Добавил: Admin | Дата: 14.06.2014 | Комментарии (0)

Жаңа жыл туралы тақпақтар мен өлеңдер 2014-2015

 

Жаңа жылға арналады жаңа жыр,
Жаңа жылда шақырады бар өмір,
Бақыт болып, жаңа жылым келді ғой,
Құтты болсын, құтты болсын жаңа жыл!


Зеңгір көкте жұлдыз болып жанайын,
Ай жүзіндей айшықтанып, арайың.
Жанға шуақ, бойға қуат әкелген.
Жаңа жылың құтты болсын ағайын.

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн,
Қанаттана кең алқапқа тарайды

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 103653 | Добавил: Admin | Дата: 12.06.2014 | Комментарии (0)

Ана тіл туралы тақпақтар мен өлеңдер

 

Сүйесің өз тіліңді

Боласың білімді
Өз тілің үйретер
Өнерді ғылымды
Ардақта тіліңді


Ана тілім қазақ тілім, туған тілім
Қасиетті тілімнің мәнін біл
Ана тілді құрметтеңдер адамдар
Заманға сай өзге тілдің бәрін біл!

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 3835 | Добавил: Admin | Дата: 12.06.2014 | Комментарии (0)

Жаңа жыл туралы тақпақ мен өлеңдер 2014-2015

 

 

Аспан жерге төгеді
Ақ күмісін уыстап
Жаңа жылда келеді
Бізге қарай жылыстап

Тамаша, тамаша,
Шыршамыз тұр жараса.
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса.

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 12837 | Добавил: Admin | Дата: 02.06.2014 | Комментарии (0)

Құстар туралы өлеңдер мен тақпақтар

 

Құстар қайтып келе жатыр 
Сөзі: Тұманбай Молдағалиевтікі

Көктемді қондырып қанатына,
Құс қайтып келеді Алматыма.
Ән толды аспанға,
Құс қонды жас талға.
Бақыт кеп қол алғандай.
Құстарды мен тостым,
Айғайлап ән қостым,
Арманым оралғандай.
Қайырмасы:
Қуандым жарқылдап,
Мәз болдым ән тыңдап,
Құшақтап арманымды.
Оянған армандай жаз таңында,
Келеді құс қайтып аспанымда.
Аспаным ашылды,
Ән маржан шашылды,
Шаттық бар жас жанымда.
Оралды арманым,
Оралды көктемім,
Қол алды достарым да.
Қайырмасы:
Сағыныш сәлемі –
Құс қайтып келеді,
Ән салып туған жерге.
Келеді аспанда құстар қайтып,
Сағыныш арманын ән ғып айтып.

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 9035 | Добавил: Admin | Дата: 28.05.2014 | Комментарии (0)

9 мамыр жеңіс күні туралы тақпақтар

Бар даланың даңқысың —
Балауса гүл, балғын қыз.
Жанын қиып халқы үшін,
Жанып түскен ақ жүлдыз.

Бірге соқсын дүрсілдеп,
Туған жермен жүрегің.
Атың жүрсін есте деп,
Әнге қосып тұр елің.

Аямас ек асылды,
Не жасармыз біз артық...
Сенің қыршын жасыңды
Жүрміз солай ұзартып.
Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 35023 | Добавил: Admin | Дата: 18.03.2014 | Комментарии (1)

Ойлап-ойлап тұрдым көп,
Сауал бердім білгім кеп:
- Қуанышты мереке - 
Жеңіс күні қай күн? - деп.
9 мамыр жеңіс күні тақпақтар

Атамнан да сұрадым,
Көкемнен де сұрадым.
Ағамнан да сұрадым,
Апамнан да сұрадым.

Тосты бәрі құлағын:
- Дұрыс, - десті, - сұрағың!
Бейбіт күні бәрі де - 
Жеңіс күні, шырағым!
Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 1892 | Добавил: Admin | Дата: 18.03.2014 | Комментарии (0)

9 мамыр жеңіс күні туралы өлеңдер


Мұқағали Мақатаев

Соғыстың соңғы көктемі

Жасылмен бояп қойған ба?!

Жап-жасыл таудың бөктері

Қырлар да, мынау ойлар да,

Жап-жасыл болып көктеді.

Соғыстың соңғы көктемі.

Көп болды, жасыл тауларға,

Жап-жасыл бұлттар шөккелі.
Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 44665 | Добавил: Admin | Дата: 18.03.2014 | Комментарии (0)

Қорғанбек Аманжол

 

Сайын дала...

Сақарасы Торғайдың,

Сайын дала сағынышын толғаймын.

Тоқсан толғау – толағайдай Торғайдың,

Шерін төгіп, сағынышпен сарғайдым.

 

Сен болмасаң сақараның сайтаны,

Сағым қалқып бұлдыраған байтағы.

Мақтай-шері Сағдиевтің бір ісін

Торғай елі аңыз қылып айтады.

 

Кермедегі Кеңес кезі кешегі,

Кеңістікте арман желі еседі.

Киіктерше құйғытады құйын ой,

Кейкі батыр елесі боп көшеді.

 

Ұбақ-шұбақ жалпақ жапан түзді орап,

Ұлан асыр дабылдатқан күзгі орақ.

Айдау жолда астық тасып жөңкілген,

Мың сан әскер мәшинесі мұзбалақ.

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 1522 | Добавил: Admin | Дата: 16.02.2014 | Комментарии (0)

Отан

Бақытты боп жүргенім

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің –тірегім,

Құшағында гүл атам.

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң.

Сенен бақыт тарайды

Баршамызға Ұлы Отан.

Сарқылмайтын қуатым,

Тірегімсің сен, Отан.

Мәңгі соғып тұратын

Жүрегімсің сен, Отан!

 

 

Ту

Күнді құшқан қас қыран,

Аясында қалқыған

Аспан түсті туым бар

Көк теңіздей шалқыған.

Көкірек жауар шымқай өң,

Көрген жерден елітер,

Көркем өрнек, кең көңіл

Көл пейілге кенелтер.

Тәжім етіп бас иер,

Туы елімнің егемен.

Тұтастығым куәсі

Туғандай бір енеден.

Елдігімді әлемге

Паш ететін байрағым,

Тұнық менің көгімдей

Әуемде мәңгі жайнаған! Б.Бәмішұлы

Қазақша тақпақтар мен өлеңдер | Просмотров: 309410 | Добавил: Admin | Дата: 12.11.2013 | Комментарии (2)

1-10 11-20 21-30 31-32