Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Туған күнге тілектер » Қазақша сценарийлер

9 мамыр жеңіс күні сценарий(Ел мен ердің жемісі)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

9 мамыр жеңіс күні сценарий(Ел мен ердің жемісі)

 

«Ел мен ердің жемісі»

І жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, өзіміз сияқты жалынды жастарды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу және Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік ісімен таныстыру мақсатына бағытталған «Ел мен ердің жемісі» атты ашық топжетекшілік тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

ІІ жүргізуші:
1945-тің майында,
Июнінде,
Сосын июль айында...
Білесің бе, замандасым, ей менің
Елге қайтқан майдангерлер жайында?

І жүргізуші:
Ол жайында мынау туған ел жетік,
Ал біздер ше?
Өстік пе ойсыз ер жетіп?..
Ей, замандас!
Түсіреді нені еске
Киген жандар сұр шинель мен керзі етік.

ІІ жүргізуші:
Елінен де, өзінен де күй кетіп,
Төрт жыл бойы киді шинель, керзі етік.
Майдангерлер жүрді сосын біраз жыл,
Сол әскери киімдерін сүйретіп.

І жүргізуші:
    Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Адам адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Арыға бармай-ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық.

ІІ жүргізуші:
Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады... Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды...

І жүргізуші:
Солардың 40 пайызы ерлермен тізе  қосып жауға қарсы шығуға бекем буып, өз беттерімен өтініш беріп, соғыс майданына бет алған қазақтың үріп ауызға салғандай жас қыздары болғанын естен шығармауға тиіспіз. Оларды соғыс өрті ерте есейтті. Кеше ғана қызылды-жасылды киініп, гүлдей құлпырған балауса бойжеткендер енді әскер киімін киініп, қару асынып тілі, діні бөлек жаумен шайқасқа шықты. Оқ пен отқа орана жүріп ерліктің небір ерен үлгілерін көрсетті. 
ІІ жүргізуші:
Екінші дүниежүзілік соғыста Шығыс халықтарының қыздарынан Батыр атағын алған екі-ақ қыз бар екен. Бұлар қазақтың Мәншүгі мен Әлиясы. Атағына бүкіл шығыс халқы ортақтасқан, қазақтың атын шығарған аяулы қыздарымыз.

І жүргізуші:
Ендеше туған өлкеміздің төл перзенті Әлия Молдағұлова жайындағы фильмді барлығымыз бірга тамашалайық.
ФИЛЬМ

І жүргізуші: 
Ұлы жеңіс
Шүйінші, халқым, шүйінші!
Шүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата-анамыз,
Шаттан, аға-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке,-деп Таир Жароков айтпақшы міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 65 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн 

ІІ жүргізуші: 
 Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

І жүргізуші:
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.

ІІ жүргізуші:
Осындай Ұлы Жеңіске қол жеткізуге көмектескен батырларымыздың ұрпақтары сол жандардың арқасында бейбіт өмір кешуде. Олай болса, қарсы алыңыздар, сіздердің алдарыңызда Байнақова Мөлдірді 
                             әнімен ортаға шақырамыз. 
ӘН
І жүргізуші:
Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана – жарын жолғалтқан жесір, бала - әкесінен, анасынан айралған жетім атанды. 

ІІ жүргізуші:
Фашистердің тұтқын лагерлерінде ана мен бала айуандықпен өлтірілді. Ал тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс жасады. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі  Жеңіс сағатын жақындата түсті.

І жүргізуші: 
Олай болса тобымыздың әсем қыздары мен сері жігіттерін «                » 
биімен қарсы алыңыздар!
БИ

І жүргізуші:
Жеңіс деген өтеуі жас ғұмырдың,
Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім.
Жеңіс тойын жақындатып әкелген
Төккен қаны, әке-аға, інінің.

ІІ жүргізуші:
Жеңіс деген шат күлкісі баланың,
Тыныштығы жер мен жаһан даланың.
Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән,
Тыныштығың сол Жеңістен басталған,- дегендей Ұлы Отан соғысын жырға қосқан ақындарымыз да кем емес. Ендеше келесі                             ның жыр шумақтарын қабыл алыңыздар! 
ӨЛЕҢ

І жүргізуші:
Сол күнде, бүкіл әлем күлім қақты,
Нұрланып ой, күн, жұлдыз сәуле шашты.
Құс сайрап, жануарлар сайран салып,
Жайқалып өсімдіктер шешек атты. 

ІІ жүргізуші:
Жеңдік жауды, алдық кекті,
Мөңкіп тулап, басылды апат.
Мең-зең етіп, жер мен көкті,
Тынды-ау ақыр бір ғаламат. 

І жүргізуші:
Ендеше бүгін осынау сұм соғыстың шағын бейнесін сіздердің алдарыңызда  сомдап бермекшіміз. Қабыл алыңыздар!
КӨРІНІС
І жүргізуші:
Алпыс бес жыл – бейбіт көктем таң атқалы,
Алпыс бет жыл – шуақты күн таратты әнін.
Есімде сонан бері алпыс бес рет
Ашылды жеңіс күннің парақтары

І Іжүргізуші:
Алпыс бес жыл – үзілмеді құстар әні,
Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әні.
Алпыс бес  жыл – жауымыздың ажал оғы
Біздің елдің үстімен ұшпағалы
Ардагерге сөз беріледі

І жүргізуші:
Міне, осынау елімізге лаң салған салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына да 65 жыл толды. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес.

ІІ жүргізуші:
Отанымызды сүйіп, қастерлей білейік. Ата-баба дәстүрін, әдет-ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болайық. Оңайлықпен келмеген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын.

І жүргізуші:
Ел-жұртымыз аман, берекелі заман болсын! Отанымызды сүйетін азаматтарымыз көбейе берсін!


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша сценарийлер | Добавил: Admin (13.06.2014)
Просмотров: 537 | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]