Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Туған күнге тілектер » Қазақша сценарийлер

8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні сценарий(Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз)


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні сценарий(Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз)

 

Тақырыбы: Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз
Мақсаты:
• 8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
• Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
• Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Диас: Армысыздар, құрметті аналар!

Диас: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.

Ана есімін ауызға алмайтын адам баласы жоққа тән. Бұл есім жер шарындағы күллі адамзатқа тиесілі. Жердің өзіне де Жер - Ана деп теңеу айтып жүрген жоқ па? Ана хақында ғұлама атаулының бәрі де жүректерінен жарып шыққан асыл сөздерін қалдыруы сондықтан.

Ән: «Анаға сәлем» әні. (хор)
Диас: Елбасы Н. Ә. Назарбаев былай деген екен: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де біздің қазақ».
Бүгінгі айтылатын ақ тілек, жылы сөз, күмбірлеген күй, шырқалатын ән сіздерге арналмақ.
Жан анам, құттықтаймын мереке күніңмен,
Көктемнің құлпыра бер нарт гүлімен.
Өрлесін елдің берген бақыт бағы,
Жазбасын шат көңілін ақ күнімен, - деп оқушылардың ақ тілегін қабыл алыңыздар.

Бақтұрсын:
Туғаннан құлыным деп аймалаған,
Өзіңнен қымбат адам қайда маған.
Дүние аналармен көрікті ғой,
Онсыз бір бұлбұлда сайрамаған.
Мейрамгүл: Ана - ол біздің елде ардақты адам,
Кіші де, үлкенде ардақтаған.
Өзінің аяулысы - Отанды да,
Ана деп біздің халық текке айтпаған.
Олжас: Сенен өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті жан аналар!
Мадина: Ана деген ақылшың,
Анаң барда батырсың.
Қасыңда кім болса да,
Тек анаңа жақынсың.
Диас: Сізге арналады бүгінгі ұлы ісіміз.
Ардақтайтын, мақтанатын кезіміз.
Тәриелі ұл - қыздарды өсірген,
Ұлы Ұстаз - ана мына отырған өзіңіз.
Көрініс:
Мұғалім: (ұстаз сыныпқа кіреді) Сәлеметсіздер ме, балалар? Отырыңдар.
Ал, балалар аналар мейрамы қарсаңында үйге ананың қолы хақында бір шығарма жазуға тапсырма берілген. Кім өз шығармасын оқығысы келеді?
Қыз: Мен оқиыншы.
Мұғалім: Оқи ғой.
Қыз: «Ананың қолдары... Анам қолдарының бірімен май шайқайды. Біреуімен құшағында діни кітабымызды ұстайды. Келесімен әкемнің жейдесін жамайды. Келесі қолымен тамақ пісіреді. Келесі қолымен менің шашымды өреді. Келесі қолымен...»
Мұғалім: (күледі). Сонда қалай, қызым. Келесімен, келесімен... сенің анаң қырықаяқ па? Соншама қол адамда бола ма? Бұл бос сөз бе?
Қыз: Жоқ, бұл бос сөз емес. Екі қолы әкем үшін... және жеті баласы бар, әрқайсысы үшін есептесеңіз он төрт болады. Ас үй, қора, бақша үшін де екі қолдан алты қол болады. Кедейлер үшін де қол қосыңыз. Дұға үшін де екі қол ойлаңыз. Тура жиырма алты қол болады. Ананың тура жиырма қолдары бар, құрметті ұстаз.
Мұғалім: Жазғандарыңның бәрі дұрыс, қызым. Ең әдемі үй тапсырмасын сен жаздың. Аналардың қолы тіпті одан да көп. Оллар бәрін де істей алады. Міне, ана деген оындай жан.
Диас: Ананың қоғам өміріндегі алатын орны үлкен.
Ана – перзент тәрбиелеуші,
Ана – қызметкер,
Ана – ғалым,
Ана – ғарышкер,
Ана – зейнеткер.
Сондықтан да болар әркім өз анасы жөнінде толғанады, ойланады, сағынады. Аналардың құрметіне ән қабыл алыңыздар.

Ән: «Құттықтаймын мама - туған күніңмен!» хор
Диас: Міне, ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес. Құрметті аналар оқушылардың жүрек жарды өлеңдерін қабыл алыңыздар.
Ермек: Бастадым сөзімді «Ана» деп мен,
Себебі анам ғой мені адам еткен.
Өмірдің бар асылын бойына жиып,
Дүниенің ардақтысы анам екен.
Сұлусары: Еркелесем күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім» дейтін.
Диас: Аналар, қалқып бақыт аралында,
Лайым мұң қонбасын жанарыңа.
Осымен кешімізді аяқтаймыз,
Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа, - дей отырып, мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
Ардақты аналар, мейрамдарыңыз құтты болсын!


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Қазақша сценарийлер | Добавил: Admin (13.06.2014)
Просмотров: 3233 | Теги: әйелдер күні, тәрбие сағаты, 8 наурыз, 8 наурыз сценарий, әйел, наурыз, 8 наурыз мейрам, сценарий | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]