Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Понедельник, 19.8.2019
Главная » Статьи » Туған күнге тілектер » Қазақша сценарийлер

В категории материалов: 81
Показано материалов: 31-40
Страницы: « 1 2 3 4 5 6 ... 8 9 »

Сортировать по: Дате · Названию · Рейтингу · Комментариям · Просмотрам

Жаңа жыл сценарий бастауыш сынып 2014-2015

 

Жаңа жылды қарсы алу кешінің жүрісі
 Дауыс: - Армысыздар, ханымдар мен мырзалар! Көңіліміздің керегесін кеңейтіп, баршамызға береке сыйлар, мерекелі кешіміздің шымылдығын ашуға рұқсат етіңіздер! 
-    Ұстаз деген құдіреттен нәр алған,
Әлдилеген әрқашанда ақ арман.
Білімімен озық үлгі көрсетіп
Бұл балалар, келеді 3 «А» сыныптан.
-    Қошемет, құрметті халайық!

-    Өзгелерден  бөлек екен мәнері,
Білімі мен ерекше екен өнері.
Думандата шырша тойды қыздыртқан,
Бұл  жұлдыздар келеді 3 «Б» сыныптан.
      «Қуыршақтар театрынан» көрініс
 Қоян: - Мен, қоянмын, қоянмын,
Қорқақ емес, ноянмын,
Шырша тойын көруге
Ұйқымнан ерте ояндым.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 37832 | Добавил: Admin | Дата: 13.06.2014 | Комментарии (0)

Қыз сыны сценарий(Көктем аруы)

 

Жүргізуші:  Құрметті жиналған қауым!
                     Бүгін біздің мектепте дүбірлі той,
                    Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.
                   Жырдан шашылсын, күй күмбірлеп,
                   Қош келдіңіз халайық, сергісін бой.
 Бүгінгі «Көктем аруы -2013» атты арулар сайысына қош келдіңіздер.
«Көктем аруы- 2013» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтар, құрметті ақ жаулықты аналар, әжелер, қыз-қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар  сіздерді қар астынан қылтиып бой көтергенде, көктемнің алғашқы хабаршысы болған,8-наурыз  Халықаралық әйелдер мерекесімен  құттықтаймыз.
                  Қыз сыны, қыз өнері, қыз  әдебі,
                 Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.
                Бір көргенде болмай-ақ сахнада, 
                Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.  
 
                Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,
               Аруы деп мектептің  жүрейікші.
               Әділқазыларға тек әділдікті,
               Ал аруларға сәттілік тілейікші

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 58391 | Добавил: Admin | Дата: 13.06.2014 | Комментарии (0)

Бастауышпен қоштасу сценарий(Бастауышым – бал бұлағым)

 

                                      Бастауышым – бал бұлағым  

Мақсаты :  Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің  
                   негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Мектепті , ұстаздарды құрметтеп, 
                   еңбектерін бағалай білуге тәрбиелеу. Өз Отанының адал ұлы мен қызы 
                   болуға тәриелеу.

Көрнекілігі : «Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы , слайдтар , гүлдер мен шарлармен 
                     сахнаны безендіру

Мұғалім : Қайырлы күн , қадірлі де құрметті ұстаздар , ата-аналар ! Бұл мерекенің негізгі мақсаты – бастауыш сыныппен қоштасу екендігі барлығымызға аян. Бүгінгі үлкен қуаныш иегерлері  4 – сынып  оқушылар. 
Жас жүректің өмірінің құштары гүл,
Бағбан – ұстаз баулыған құстары бұл,
Қоштасып бүгінгі күн бастауышпен ,
Сол құстардың бір тобы ұшқалы тұр.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 40154 | Добавил: Admin | Дата: 13.06.2014 | Комментарии (0)

9 мамыр жеңіс күні сценарий бастауыш сынып(Ұлы жеңіс жасасын!)

 

Тәрбие сағаты          
Тақырыбы:          «Ұлы жеңіс жасасын!»
Мақсаты:        1.Оқушыларды адамгершілікке, отанын сүюге, оны қорғауға    
                         баулу. Отанға деге сйіспеншілігін арттыру.
                        2. Оқушыларды Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың            
                         ерлік істерімен таныстырып, ой-өрісін дамыту.
                        3. Оларға патриоттық тәрбие беру. Оқушыларды үлкен  
                        адамдарды сыйлай білуге, оларды қадірлеуге,өз Отана сүюге    
                        тәрбиелеу.

Көрнекілігі: үнтаспа, Ұлы Отан соғысы туралы кітаптар, гүлдер, шарлар.Слайд

Түрі: кездесу
                                      Өтілу барысы:
Музыка ойнап тұрады.
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де ұмытылмайтын, ескермейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бәрі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүниежүзілік соғыстың қасіреті мен Ұлы Жеңістің қасиетің батыр ағаларымыз бен апаларымыздың ерлігін ешкім де ешқашан ұмытпақ емес. Әлемді дүр сілкіндірген оқиға 1941жылы маусымның 22-де болған еді. Бірақ сол кездегі Кеңес елінің бірлігі мен достығының арқасында 1945 жылы 9-мамырда бұға Ұлы Жеңіспен аяқталды. Міне, содан бері 60 жыл мерзім уақыт өтті. Биыл Ұлы Жеңістің 65 жылдығы.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 11035 | Добавил: Admin | Дата: 13.06.2014 | Комментарии (0)

Жігіт сұлтаны сценарий

 

 Тәрбие сағатының тақырыбы:      
 Жігіттің сұлтаны кім?" саралаңыз                                             
Мақсаты: 
Оқушыларға халқымыздың ғасырлар бойы   келе жатқан әдет- ғұрып, салт- дәстүрін, ата- баба дәстүрін құрметтеуді үйрету, Отанды сүюге, Ата мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыру. 
Байқау шарты:
    «Жеті атасын білген ұл, жеті рулы елді біледі».  (Өзін таныстыру.) 
    «Жігітке жеті өнерде аз». (Өз өнерін көрсету, ән, күй, би, көрініс және т.б.) 
    Үй жұмысы. (Өзінің қолынан істеген бұйымын әкеліп, жасалу технологиясын түсіндіру.) 
    «Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер». (Бата беру.)
 Қойылатын талаптар: 
    Ұлттық киім.
    Сахна мәдениеті.
    Сөйлеу мәдениеті, өз ойын ұтымды жеткізе білу

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 8512 | Добавил: Admin | Дата: 13.06.2014 | Комментарии (0)

Тәуелсіздік - ел тілегі сценарий

 

Тәрбие сағатының тақырыбы: Тәуелсіздік - ел тілегі
Мақсаты: Тәуелсіздік күні, желтоқсан оқиғасы туралы мағлұмат беру. 
Оқушыларға патриоттық тірбие беру, Отанды сүюге және ерлікке баулу. Желтоқсан оқиғасында ел қамын жеген ерлерді үлгі тұту, өнеге алуға және халқынның тарихын білуге үйрету, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Желтоқсан оқиғасы тақырыбына арналған буклеттер, нақыл сөздер, магнитофон, 20 – жылдыққа арналған плакаттар, видео-фильм.

Барысы:
1. Ұйымдастырушылық кезең.

Жоспар:
I. Тәуелсіздік Қазақстанға 20 жыл.
II. Әдеби монтаж
III. Видео-фильм

 
Мұғалімнің сөзі: Құрметті қонақтар, ұстаздармен оқушылар, халқымыз үшін ең қасиетті де қастерлі тәуелсіздікке 20 жыл толды. Бүгінгі «Тәуелсіздік – ел тілегі» деп аталатын тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. 

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 12439 | Добавил: Admin | Дата: 13.06.2014 | Комментарии (0)

Ұстаздар күніне арналған сценарий бастауыш сынып(ҰСТАЗЫМ – АЛТЫН ДІҢГЕГІМ)

 


Тақырыбы:  «ҰСТАЗЫМ – АЛТЫН ДІҢГЕГІМ».

Шынар І жүрг: Кім боласың?
Кім болсаң да аман бол.
Бастықпысың?
Өте жақсы, тұра қал.
Мұғалімді келеке еткен бар құлар,
Мықты болсаң, мойындарын бұра бар!

Ұлпа ІІ жүрг:     Қашан көрсең күнге ұқсаған жанары – 
Ұстаздардан көнбіс адам жоқ әлі!
Мектеп көрген әдептілер айтпақшы,
Мұғалімнен шықпаңыздар жоғары!

І жүрг:     Орындалып, айталық, бір ойдағы іс,
Отырармыз қуанышта, тойда біз.
Сондай кезде есте болар бір нәрсе:
Мұғалімнен бұрын сөйлеп қоймаңыз!

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 3621 | Добавил: Admin | Дата: 13.06.2014 | Комментарии (0)

Ұстаздар күніне сценарий(Ұстаз - мектептің жүрегі)

 

Тақырыбы:  Ұстаз - мектептің жүрегі

Мақсаты:  Ұстаздың адам өмірінде алатын орын зор екендігін, ұстаздарды құрметтеу, сыйлау және қадірлеу қасиеттерін оқушылардың бойына дарыту. 
Ұстаз  мамандығының қыры мен сырларын түсіндіру. Ұстаз еңбегін әрқашан бағалай білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұстаздар туралы нақыл сөздер, өлең үзінділері жазылған көрнекіліктер, әр түрлі шаралар, гүлдер. 
Өту барысы:
Мұғалім: 
-    Қайырлы күн, құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі ұстаздар мерекесі қарсаңында өткелі отырған. «Ұстаз - мектептің жүрегі» атты тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 22935 | Добавил: Admin | Дата: 13.06.2014 | Комментарии (0)

Денсаулық зор байлық сценарий

Тақырыбы:  Денсаулық зор байлық

Мақсаты:  
Жас желектей өсіп келе жатқан жас жеткіншектеріміздің санасына ішімдік, темекі, нашаның адам баласын аздыратынын, одан аулақ болу жақтарын мысалдармен дәлелдеп түсіндіру. 
Барысы: Ұйымдастыру Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым !
Арайлап атқан күнге!
Мұғалім: Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау. Дені сау адам  - табиғаттың ең қымбат жемісі.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 21746 | Добавил: Admin | Дата: 13.06.2014 | Комментарии (1)

8 - наурыз Халықаралық әйелдер күні сценарий(Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз)

 

Тақырыбы: Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз
Мақсаты:
• 8 - наурыз - Халықаралық әйелдер мерекесін атап өту.
• Анаға деген мейірімді, сүйіспеншілікті арттыру, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету.
• Оқушы бойында ізгілік, инабаттылық, биязылық сияқты қазақ қызына тән жақсы қасиеттерді қалыптастыруға тәрбиелеу.
Диас: Армысыздар, құрметті аналар!

Диас: 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған «Аяулы әже, ардақты ана, ару қыз» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
Құрметтейік, о адамдар, аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істелік әр қадамды.

Қазақша сценарийлер | Просмотров: 12720 | Добавил: Admin | Дата: 13.06.2014 | Комментарии (0)

1-10 11-20 21-30 31-40 41-50 51-60 ... 71-80 81-81