Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Өзін-өзі тану

Темекі және оның ағзаға зияны слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Темекі және оның ағзаға зияны слайд,презентация

 

 

Сабақтың тақырыбы:      Темекі және оның ағзаға зияны                                   Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Темекі тарихы, оның қалай алынатыны және адам ағзасына тигізетін зиянын статистикалық мәліметтерді көрсете отырып түсіндіру.     Тәрбиелік мәні:  Оқушыларға темекі және оның ағзаға зияны жайлы мағлұмат бере отырып, оларды жат қылықтардан аулақ болуға, ұқыптылыққа және адамгершілікке, денсаулығын күте білуге тәрбиелеу.   Дамытушылығы:  Оқушыларға темекі және оның ағзаға зияны жайлы түсіндіре отырып, оларда темекіге деген негативті көзқарас қалыптастыру, ойлау қабілетін дамыту, танымдық белсенділігін арттыру Сабақтың типі: жаңа сабақ                 Сабақтың түрі: аралас сабақ (сәйкестендіру тесті, «Гандбол» ойыны,  топтастыру кестесі )                                                                                 Сабақтың әдісі:  топтастыру кестесі арқылы темекі зиянын түсіндіру                                                                                         Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, компьютер Пәнаралық байланыс: биология, география, тарих.Үй тапсырмасы:
1. Ішімдіктің ағзаға зияны
2. “Нашақорлыққа және ішімдікке жол жоқ!” тақырыбында  сурет салу.
    Христофор Колумб темекіні ең бірінші кубалық қоныстарда кездестіреді. 1492 жылы,    15 қарашада Х.Колумб өзінің күнделігінде “түтіндеп жатқан шоқтар” туралы және олардың адамға қандай пайда әкелетінін түсіне алмағаны туралы жазады. Оны аборигендердің бір түрлі әрекеттері таңдандырады. Олар белгісіз өсімдіктердің сарғыштау жапырақтарын түтікке орап, бір жағын отпен жағып, ал екінші жағын ауыздарына салған. “Аборигендерге түтінді жұту ұнайтын. Түтіктерді үнділіктер “табако” немесе “сигаро” деп атайтын” деп жазды ол өз күнделігінде.  Үнділіктер темекі өсімдігін “кохобо” деп атаған. Жергілікті халық Х.Колумбқа темекі мен темекі өсімдігін сыйға береді.
ІІ кезең. Темекінің Еуропаға келуі
    Темекіні Еуропаға 1496 жылы Х.Колумб және оның көмекшілері әкелген еді. 
    Ресей  жеріне “түтіндейтін шоқтарды” алғаш рет ағылшын саудагерлері 1585 жылы әкелді. Бірақ Ресей патшасы Михаил Федоров оларға қарсы тұрды. Көк түтінді ұнатқан адамдарды 60 рет таяқпен табаннан сабап жазалайтын, ал бұл әдетке үйір болғандарды екінші рет көргенде құлақ пен мұрынды шауып тастайтын болған.
    Сол 1585 жылы Англияда Елизавета І темекі тартушыларды ұрылармен теңестіріп, оларды көшеде мойындарына арқан салып жүргізу туралы заң қабылдайды. Бірақ оның ең жақын көмекшісі Уолтер  Роли оны көпшілікке таратып, сән мен үлгіге айналдырады. 
    Яков І темекіні зиянды, қауіпті және өркениетті адамға тән емес деп айтты. Өзінің “Темекі зияны туралы” атты еңбегін 1604 жылы басып шығарады. Оны Яков І мынадай сөздермен аяқтайды: “Бұл көргенге жағымсыз, иіскегенге мүмкін емес, миға зиянды және өкпеге қауіпті әдет”. 
    Темекі Пиренейден өтіп, Францияға да жетеді. Португалидағы француз елшісі Жан Нико темекі жапырақтары мен ұрықтарын Франция патшайымы Екатерина Медичиға сыйға тартады. Соған қоса темекі көңілді көтеретін, денені ширататын, бас пен тістің ауырғанын жазатын дәрі деп сипаттайды. Сондықтан Францияда басында темекіні “Нико шөбі” деп атаған. Темекі құрамындағы улы зат никотин осы Жан Никоның есімімен байланысты аталған.
    1967 жылы Петр І темекі саудасына рұқсатын береді. Ол өзі Голландияға сапарынан кейін құмарланған темекі шегуші болған.  
    
Темекі өсімдігі
    Темекі өсімдігі алқа тұқымдастар класына  жатады. Бұл тұқымдастың 66 түрі бар, оның 45-і Америкада, ал 21 түрі Австрия мен Полинезияда өседі. Қазақстанда темекінің 3 түрі өседі.  Ол бір жылдық өсімдік, гүлдері түтікше тәріздес, насекомдар арқылы және өздігінен тозаңданады. Жапырақтары кезектесіп өседі. Дәні қауашақ ішінде орналасқан ұсақ тұқымдар. Темекі өсімдігінде улы алколоидтар  бар. Темекі көшет арқылы өседі. Жапырақтары қолмен жиналып, бауланып кептіріледі. Аздап кебе бастағанда жапырақтары сарғайып, өзіне тән иіс шығара бастайды.
         

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Өзін-өзі тану | Добавил: Admin (11.06.2014)
Просмотров: 4331 | Теги: презентация, темекі және оның ағзаға зияны, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]