Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 4.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Өзін-өзі тану

Сөйлесе білу де өнер туралы слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Сөйлесе  білу де өнер туралы слайд,презентация

 

 

 

             Бір ауыз сөз

Бір ауыз сөз қасіретті тыяды,
Бір ауыз сөз айықпас дерт жияды.
Бір ауыз сөз әлемге әйгі еткізсе,
Бір ауыз сөз жаманатқа қияды.

Бір ауыз сөз мұхиттарды жалғайды,
Бір ауыз сөз ұран болып самғайды.
Бір ауыз сөз ұшса бақыт құсы боп,
Бір ауыз сөз арсыз жандай алдайды.

 

Адамдармен қалай тез тіл табысуға болады?
Бейтаныс адамдармен жолыққанда сөзді қалай бастап, қалай аяқтаған жөн деп ойлайсың?
Өзіңді ешкім түсінбеген жағдайда қалай сезінесің?
Жақындарың мен достарың сені түсіне ме?


Қай көрші адамның айтқанын дұрыс түсіндің?

Сөзді әр кез тура мағынасында қабылдау қажет пе? Неге?

"Сөз астары" дегенді қалай түсінесің? 

Сөзді бағалау, сөзге тоқтау, сөзден мағына іздеу адамды
мәдениеттендіре түседі.
                                               
                                                        І. Омаров  
Бейбіт пен Майраның орнында болсаңдар
 не істер едіңдер?

Майра мамасының сөзін дұрыс түсінді ме?

Бейбіттің сұрағына сен қалай жауап берер едің?
Сәлем - сөздің анасы... Дүние жүзінде қазақтан ұзақ амандасатын ел кемде –кем болар... Мал – жан, ауру-сырқау, ит-құсқа дейін қалдырмай сұрасады. Келген жерінің қандай қабақпен отырғандарын да осы амандасу үстінде блжасып алады. Келген жұмысының жайын аңғарту үшін де жапсарлас бір амандық сұрасу керек...
"Сәлем –сөздің анасы" дегенді қалай түсінесіңдер?

 Сәлмдесу кезінде адамдардың бір-біріне деген ықыластары қалай өзгереді?

Тыңдай білетін және өзіңді түсіне алатын адаммен сөйлесу адам жанына қуат береді, жағымды әсер етеді. 
Адам сөзді есту, тыңдау арқылы шебер болады.
Сөйлеген кезде шындыққа сүйеніп, туралықты айту адам жанының тазалығын көрсетеді. Мәдениетті адам не айту керектігін алдын ала ойланып алады. 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Өзін-өзі тану | Добавил: Admin (11.06.2014)
Просмотров: 3130 | Теги: презентация, сөйлесе білу де өнер туралы, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]