Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Воскресенье, 11.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Өзін-өзі тану

Өмір, өмірдің мәні. слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Өмір, өмірдің мәні. слайд,презентация

 

 

Мақсаты: 
   Оқушылардың өмірге деген ой пікірлерін ортаға салдыру,  олардың адамгершілікке, ізгілікке, қайырымдылыққа,   достыққа,  сыйластыққа   үйрету;
Өмірден өз орындарын таба білу, өмірге жақсы көзқараспен қарауға, қадірлей, бағалай білуге тәрбиелеу.
Міндеттері: 
оқушыларға өмір құндылығы  туралы тереңірек  білім беру;
өмірге құштарлықтарын арттыру;
өмірдің мәніне түсіне қарауға бағыт-бағдар беру;
өмірден өз орнын табуды мақсат етуге  үйрету.
Кіріспе: 
«Өмірдің мәні туралы ойланбайтын адам бар ма?» деген сұраққа кім болса да: «Жоқ, өз өмірінің мәні туралы ойланбайтын, толғанбайтын, мағыналы өмір сүруге әрекет етуге тырыспайтын адам болмайды», – деп жауап беретін болар. Олай болса, біз де бір уақыт өз өміріміздің мәні туралы ойларымызды ортаға салып көрейікші. 

 
Оқушылар шеңберге жиналып , бір-бірімен сәлемдеседі де
 М.Махатаевтың «Өмір жайлы» әнін айтады.
Талдау сұрақтары:  
1. Өлеңді оқығанда қандай сезімде болдыңдар?
2. Өмір, өмірдің мәні  дегеніміз не?
Шарты:     Әр қатысушы өзінің ойларын ортаға салады.  Ойлануға 5 минут уақыт беріледі. Қатысушыларының айтылған қасиеттер бойынша, жаттығу соңында, қорытынды жүргізіледі.
Талдау сұрақтары:    Сендерге жаттығу ұнады ма? Не қиындық келтірді? Не сезіндіңдер? Қандай қасиеттерді бойымызға дарытуымыз керек?

Қатысушыларға нұсқау беріледі: «Ассоциация-бұл естіген немесе көрген зат жайында соған қатысты ойлардың басына келуі. Ең бірінші бізге қатысушының айтқан сөзіне байланысты ассоциация ойлау керек. Көп ойланбауға тырысыңыз,ойыңызға тез түскен нәрсені атауыңызға болады.  Ал мен бастаймын: “Өмірдің мәні дегеніміз не?  ...........”
“Екі бақа” туралы аңыз оқылады. 

Шарты: 
    Оқушылар  шеңбер (өмір)  болып тұрады,  ортада науқасы бар ауру адам, ол өмір сүру  үшін күресіп шеңберден шығуы керек. Қатысушылар оны шығармауға тырысады. 
Әркім  өзі қиындықтан қалай шығатынын ортаға салады. 
Талдау сұрақтары:  
1. Өмір күрестен тұрады – дегенді қалай түсінесің?
2.  Мақсатқа қалай қол жеткізу керек?
Шарты: 
    Топ дөңгелек болып отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір – біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады. Әрбір қатысушыға 4 минут уақыт беріледі.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Өзін-өзі тану | Добавил: Admin (11.06.2014)
Просмотров: 4259 | Теги: презентация, өмірдің мәні, Өмір, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]