Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 3.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Өзін-өзі тану

Менің көңіл күйім слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Менің көңіл күйім слайд,презентация

 

 

- “Арман” құндылығы турасындағы түсініктерін кеңейту; арманның мәні жету жолдары туралы өзіндік пікір қалыптастыру.
Міндеттері:
-арман туралы, оның әлеуметтік, қоғамдық сипаты, арманға жету жолдары туралы ұғым қалыптастыру;
-жеке бастың ісін қоғамдық ортақ тілекпен ұштастыра білуге үйрету; өмірге, өзіне деген сезімін арттыру; өмірге құштарлыққа баулу.
-оқушылардың талдау, сараптау дағдыларын дамыта отырып, тұшымды ойдан ләззат алуға бағыттау, сезімін жетілдіру, сезім мөлдірлігін, жан сұлулығын ұштау.

Тақырыбы:
"Арман - жарқын болашақ бейнесі“
(Өзін-өзі тану – 11-сынып.)
Армансыз адам бола ма?

Арманның үлкен, кішісі бола ма?

Арман. Қиял. Мұрат. сөздерін қалай түсінесің?

1.“Арманына ақылды жетеді, ақымақ өмірден түңіліп өтеді” 
2.“Армансыз адам, қанатсыз құспен тең.”
3.Мына өмірде жүрегіңде,
Бойыңда ыстық қан барда,
Болмысты да, болмасты да,
Болады деп арманда.  И.Сапарбаев.

Оқушылар өздерің мен өздерің оңаша ойланып, «Армандар бағына» саяхат жасайық. Өз армандарыңызды  бір бетке жазыңыздар немесе бейнелеңіздер.
Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға.
М.Шаханов

Оқушылар сабақ соңында бір – біріне деген жүрек жарды тілектерін жеткізеді.

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Өзін-өзі тану | Добавил: Admin (10.06.2014)
Просмотров: 3384 | Теги: презентация, слайд, Менің көңіл күйім | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]