Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Пятница, 9.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Өзін-өзі тану

Кешірімділік - көңіл кеңдігі слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Кешірімділік - көңіл кеңдігі слайд,презентация

 

 

Тақырыбы:                  Кешірімділік-көңіл кеңдігі

Мақсаты:          кешірімділіктің адам бойындағы  жақсы қасиет екенін түсіндіру. Айнала қоршаған адамдарға кешіріммен, түсінісушілікпен, ізгілікпен қарауға үйреті.Міндеттері:
Білімділік- «кешірім», «кешірімділік» туралы түсіндіру
Дамытушылық- айнала қоршаған адамдарға кешіріммен қарауға дағдыландыру
Тәрбиелік-кешірімділікке тәрбиелеу
Шаттық шеңбері:          Т.Молдағалиевтің «Адам» өленің хормен айту Адам күліп қарсы алады таң нұрын, Адам жырлап жөнелтеді әр күнің. Сәл қайғырса, ол ұғына түседі, Дүниенің кеңдігі мен тарлығын. Қ-сы Адам боп өтейік, Адам боп туған соң. Мақсатқа жетейік, Мақсатты қуған соң. Адам күліп қарсы алады таң нұрын, Адам жырлап ұзартады әр күнің. Сәл қуанса, шығарады ол естен, Дүниенің кеңдігі мен тарлығын. Әңгімелесу:         берілген сұрақтарға жауап беру 1. Кешірімді болу дегенді қалай түсінесіңдер? 2.Өкпелеп, ренжігенде өздеріңді қалай сезінесіңдер? 3.Сол сәтте өздеріңе назар аударып көрдіңдер ме? 4.Сені қандай жағдай өкпелетіп, ренжітеді? 5.Басқаларға деген өкпе-назыңның себебіне үңіліп көрдің бе?Оқу ақпараты: Адамдар арасындағы жағымды қарым-қатынасқа өкпе, реніш нұқсан келтіріп, өзара түсінбеушілік туғызады. Сол себепті өкпе, ренішке бой алдырмай, адамдарға түсіністікпен, ізгілікпен, құрметпен қарауға ұмтылу керек. Өкпе, реніш-адамның көңіл күйіне, денсаулығына кері әсер етеді. Айналаңа ылғи өкпелеп, ренішпен қарау, риза болмау түрлі ауруларға шалдықтырады.Берілген өлең жолдарын оқып, ондағы ой тұжырымдарды 
Көзқарас-Себеп-Мысал-Қорытындылау  әдісін пайдаланып, өз пікірлеріңді айтыңдар.
Ә.Рудаки
Өмір маған ақыл айтты-сол ізгі,
Қарап тұрсаң, өмір-ақыл теңізі.
Өмір айтты: бақытты деп өзгелер, Күйінбесең, саған рақат кез келер.
Қанағат көр басындағы бағынды,
Аңсар кө жұрт сенің сол бір шағынды.
Өмір айтты:
Тоқтата біл ашуды,
Опа таппас бұл дүниеде ашынған.
Сөйлеген жан бұғау салмай тіліне,
Бұғаулатар екі аяғын түбінде.
    Жүректен жүрекке
Мен жайдары, ақ көңіл және белсендімін
 Менің қолымнан барлығы келеді
Мен айналама тек жақсылық  тілеймін
Мен бақыттымын    

 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Өзін-өзі тану | Добавил: Admin (10.06.2014)
Просмотров: 6481 | Теги: презентация, Кешірімділік - көңіл кеңдігі, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]