Приветствую Вас Гость • Регистрация • Вход • RSS
Суббота, 10.12.2016
Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Өзін-өзі тану

Еңбек – бәрін жеңбек тақырыбында слайд,презентация


Оқушылар,студенттер,мұғалімдер,сайт қолданушылары өз материалыңызбен бөліссеңіз қуанышты болатын едік!

Еңбек – бәрін жеңбек тақырыбында слайд,презентация

 

 

Еңбек – бәрін жеңбек    
Мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту.

   Міндеттері:
- еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру;
- еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту;
- еңбексүйгіштікке тәрбиелеу;

                      Болайықшы осындай.
                                                               Сөзі мен әні –А. Меңжанованікі.

  Жақсы бала еңбекшіл,                                               
  Ер азамат болады.                                       
  Қиындықты жеңіп кіл,                                  
  Құшағы гүл толады.

Еңбекшіл осындай,       
Болайықшы, досы-ай!        
                          
  Таза бала мұнтаздай,
  Сүйсінеді қараған,
  Ұқыпты деп бұл қандай,
  Жақсы көрер бар адам.
Әңгімелесу:

Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Еңбекқор деп қандай адамды  атаймыз?
Өздерің еңбектің қандай түрлерімен айналысқанды ұнатасыңдар?
Адамға өмір сүру үшін ең алдымен не қажет деп ойлайсыңдар?
      Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқасы да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді.

   Б.Әділов «Еңбексіз өмір - сүреңсіз»       мысал әңгіме
Қара пышақ қандай адамға ұқсайды?
Сары пышақтың қандай ісі сендерге ұнады?
«Еңбексіз өмір – сүреңсіз» дегенді өздерің қалай түсінесіңдер?
Автор:
Дастарханда шашылып
Жатты аппақ бауырсақ
Бауырсаққа қызығып
Қарап тұрып көзін сап.
Қуыршақ:
-Қайдан келдін бауырсақ?
Бауырсақ:
-Дүкеннен келдім нан сатқан.
Қуыршақ:
Дүкенге келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
-Наубайдан келдім нан жапқан
Қуыршақ:
-Наубайға келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
Диірменнен келдім ұн тартқан.
Қуыршақ:
-Диірменге келдің қай жақтан?
Бауырсақ:
Даладан келдім жан-жақтан.
Жер-анам менің көсілген
Дихандар мені өсірген
 
 
Әр отбасында той дастарханының сәні – бауырсақ. Бауырсақты ауылда әжелер мен апалар қара қазанға пісіреді. Қазан маңында бауырсақ жеп жүрген балалар ерекше көңілді. 
- Балалардың көңілді, әрі қуанышты өмір сүруі үшін дастарханға келетін бір түйір нанға қаншама адамның маңдай тері сіңеді. Енді соған тереңірек тоқталайық.
 

 

 

 


Похожие материалы

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Категория: Өзін-өзі тану | Добавил: Admin (10.06.2014)
Просмотров: 1492 | Теги: презентация, Еңбек – бәрін жеңбек тақырыбында, слайд | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]