Главная » Статьи » Презентация на казахском языке » Өзін-өзі тану |
Адами қарым - қатынас ізгіліктері слайд,презентация
Адами Бір ауыз сөз таң Шолпанын әперер, Бір ауыз сөз мұхиттарды жалғайды, І топ: Адамның шын ықыласпен істеген іс-әрекеттері қандай сезім тудырады? Сөздің қарым-қатынас жасаудағы рөлі қандай? ІІ топ: Әдепті сөйлеудің адами қарым-қатынасқа ықпалы қандай? Адами қарым-қатынас жасау мәдениетіне нелер жатады? Мұралардың ең қымбаты – сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады, асылы адам да, нәрсе де тозады, жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды. Кез келген адам тұрмыс-тіршілікте қателік жіберуі мүмкін. Оны дер кезінде жөндеп отырса, оқасы жоқ. Қандай да бір шешім қабылдайтын болсаң, өз шешіміңе байыппен қарап, талқылауға тырыс. Екінші адамның жанды жеріне тимеуге тырыс. Өзгенің айтқандарын толық мақұлдамасаң да, толығымен жоққа шығарма. Оны тыңдамау оның ренішін өршіте түседі. Тіл ұшымен «кешір» дей салу тыдап тұрған адамның ашуын қоздырып жіберуі мүмкін. Сондықтан кешірім сұраған кезде екінші адамның жанына жайлылау тиетін әңгіме өрбіткен дұрыс. Сен кешірім сұрап тұрғанда ол саған қарсылық реакциясын білдіріп, өзінің сен туралы жаман ойлайтындығын айтып салуы мүмкін. Сондықтан қарсы шабуылға шығып кетпей, байыпты болғаныңыз дұрыс.
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын! | |
Просмотров: 11196 | | |
Всего комментариев: 0 | |